Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, студенттердің жатақханада тұруы тәртібі
Білім беру ұйымдарының жатақханаларында демалыс және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізу тоқтатылады, үй-жайларды санитариялық өңдеуге және белгіленген өткізу режимінің қамтамасыз етілуіне бақылау күшейтіледі.
Жатақханадан шығуға оқу сабақтарына қатысу үшін және ерекше жағдайларда рұқсат етіледі. Тұратын адамдардың ғимаратқа кіруіне және одан шығуына, жатақханаларға бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді.
Жеке байланыстар шектеулі немесе мүмкіндігінше алынып тасталады.
Тұрмыстық, жуыну бөлмелеріне және басқа да қоғамдық үй-жайларға бару уақыт бойынша қатаң реттеледі.
Жатақхананың әрбір қабаты жанаспайтын шашыратқыш диспенсерлермен немесе оларды құюға арналған дезинфекциялық ерітіндісі бар санитайзерлермен жабдықталады.
Жатақханаларда қашықтықтан оқыту үшін жағдай (тұрмыстық жағдайлармен, компьютермен, интернетпен қамтамасыз ету) жасалады.
Қашықтықтан оқыту форматында оқу кезінде жатақханаларда тұратын адамдар азық-түлік дүкендері мен дәріханаларда сатып алу үшін шығуды қоспағанда, тұрақты тұратын орындарына немесе өзге де орындарға шықпайды.
Білім алушылар қашықтықтан оқыту режимінде жатақханадан уақытша шыққан кезде жатақханадан шығу уақытын, қайтып келу уақытын және ол жіберілетін орынды көрсете отырып, білім беру ұйымын жазбаша, оның ішінде электрондық байланыс арқылы хабардар етеді.
Білім беру ұйымы кәмелетке толмаған білім алушының жатақханадан шығуы туралы ата-аналарға (заңды өкілдеріне) хабарлайды.
Білім беру ұйымдары жатақханадан шыққаннан кейін қайтып келген білім алушының денсаулық жағдайына қайтып келген күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде мониторинг жүргізеді.
Жатақханада тұруға қалған білім алушыларға қатысты дене температурасын күнделікті өлшеуді ұйымдастыру ұсынылады. Қажет болған жағдайда білім алушыларды медициналық термометрлермен қамтамасыз ету керек.
12. Жатақханаларда келесі эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі: 1) білім алушылардың бірге тамақтануына жол берілмейді;
2) дәретханаларда, қолжуғыштарда, жуыну және тұрмыстық бөлмелерде дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үнемі ылғалды жинау жүргізіледі;
3) жалпы пайдалану орындары қол жууға арналған құралдармен және антисептиктермен қамтамасыз етіледі;
4) тазалаудың жиілігі мен сапасы артады (тұтқаларды, басқа беттерді қосымша өңдеу);
5) білім алушылардың жатақханадан кіруі және шығуы журналда тіркеледі;
6) жатақханада тұруға қалған білім алушылардың дене қызуының көтерілуі немесе жіті респираторлық вирустық инфекцияның (бұдан әрі – ЖРВИ) өзге де белгілері жағдайлары журналда тіркеледі;
7) тәуекел топтарын ескере отырып, созылмалы аурулары бар студенттерге ерекше бақылау қамтамасыз етіледі.
Білім алушылар:
1) өз бөлмелерінде болуға және жатақханадағы басқа бөлмелерге баруды барынша шектеуге;
2) азық-түлік дүкендері мен дәріханаларда сатып алу үшін шығуды қоспағанда, қоғамдық орындарға барудан бас тартуға, жатақхана аумағынан шығуды шектеуге;
3) жатақхана аумағынан тыс жерде болу уақытын азайтуға;
4) қоғамдық орындарда масканы (респираторды) пайдалануға;
5) ЖРВИ-дің көрінетін белгілері (жөтел, түшкіру, мұрыннан ағу) бар адамдармен жақын байланыста болудан және бір бөлмеде болудан аулақ болуға;
6) көшеден оралғаннан кейін, бөтен адамдармен байланысқаннан кейін қолды сабынмен және сумен мұқият жууға;
7) қолданылатын гаджеттерді, оргтехниканы және басқа да беттерді дезинфекциялауға;
8) жеке гигиена заттарын (сүлгі, тіс щеткасы, ыдыс және басқа) ғана пайдалануға;
9) санитарлық тәртіп пен жауапкершілікті арттыруға жәрдемдесуге;
10) өздері тұратын бөлмелерді үнемі санитарлық тазартуды жүргізуге тиіс.
Порядок проживания в общежитии студентов с учетом санитарно – эпидемиологических требований В общежитии колледжа приостанавливается проведение досуговых и иных массовых мероприятий, усиливается контроль за санитарной обработкой помещений и обеспечением установленного пропускного режима.
Выход из общежития допускается для посещения учебных занятий и в исключительных случаях. Вход и выход из здания проживающих, посещение общежитий посторонними не допускается.
Ограничиваются или максимально исключаются личные контакты.
Посещение бытовых, душевых комнат и других общественных помещений строго регламентируется по времени.
Каждый этаж общежития оборудуется бесконтактными диспенсерами-распылителями или санитайзерами с дезинфицирующим раствором для их дозаправки.
В общежитии создаются условия (обеспечение бытовыми условиями, компьютером, интернетом) для обучения в дистанционном формате.
На время обучения в дистанционном формате, проживающие в общежитии лица не выезжают к местам постоянного проживания или иные места, за исключением выходов для покупок в продуктовых магазинах и аптеках.
Обучающиеся при временном выезде из общежития на время обучения в дистанционном режиме письменно уведомляют, в том числе посредством электронной связи, колледж, указав время выезда из общежития, время возвращения и место, куда он направляется.
Колледж уведомляет родителей (законных представителей) о выезде из общежития, несовершеннолетнего обучающегося.
Колледж проводит мониторинг состояния здоровья обучающегося, вернувшегося после выезда из общежития, в течение 14 календарных дней со дня возвращения.
В отношении обучающихся, оставшихся проживать в общежитии, рекомендуется организовать ежедневное измерение температуры тела. При необходимости следует обеспечить обучающихся медицинскими термометрами.
В общежитии проводятся следующие противоэпидемические мероприятия:
исключается совместный прием пищи обучающимися;
проводится постоянно влажная уборка с применением дезинфицирующих средств в туалетах, умывальных, душевых и бытовых комнатах;
места общего пользования обеспечиваются средствами для мытья рук и антисептиками;
увеличивается частота и качество уборки (дополнительная обработка ручек, других поверхностей);
случаи повышения температуры тела обучающихся, оставшихся проживать в общежитии, или иных признаков острых респираторных вирусных инфекции (далее – ОРВИ) регистрируются в журнале;
обеспечивается особый контроль за студентами с хроническими заболеваниями с учетом групп риска.