20
«Дене шынықтыру» ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына үш сағат білім
беру ұйымының кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Балалардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың
физикалық
белсенділігіне
уақыт
бөлінеді
,
ол
қимыл
белсенділігі,
денешынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгі жаттығу, сергіту сәті,
шынықтыру шаралары), мәдени-гигеналық дағдылар,
ойын әрекеті, дербес
белсенді және т.б. әрекеттер арқылы күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады.
Балалардың дене белсенділігін арттыру үшін қимылды ойындарға соның
ішінде ұлттық қимылды ойындарға басымдық беру және балалардың дербес
қимылды
әрекетін таңертең, таңғы астан соң, серуен кездерінде, ұйқыдан соң
өткізу ұсынылады.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың
жеке ерекшеліктері
мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды
қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы
қарым-қатынас дағдыларын
меңгертуді, қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу
дағдыларын дамытуды қарастырады.
Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет, қазақ тілі ұйымдастырылған іс-
әрекеттері аптасына екі сағаттан білім беру
ұйымының кестесіне сәйкес
жүргізіледі.
Балалардың сөйлеуін тек ұйымдастырылған іс-әрекеттерде ғана емес, күні
бойы режимдік сәттерде, еркін ойын кезінде оларға түрлі сұрақтар қою
(сұрақтарды қойғанда «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін жалпы сұрақтар
немесе барлығы қосылып жауабын бірге айтуға арналған сұрақтар емес, әрбір
бала жеке жауап бере алатындай сұрақтар) арқылы,
балаларды көбірек
сөйлесуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, олармен кез-келген мәселе
бойынша әңгімелесіп, олардың пікірін тыңдау және т.б.
арқылы дамыту
ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: