«интеграция казахстанской науки в международное научно образовательное пространство»



Pdf көрінісі
бет11/42
Дата15.03.2017
өлшемі8,62 Mb.
#9639
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42

Қысқаша тҥйіндеме 

 Ескере 


отырып,  тәжірибе  профиль  дизайнымен  Қолданбалы 

информатика  білім  беру  стандарттарын  әзірлеу  ерекшеліктерін  ескере 

отырып,  білім  беру  стандарттары  мен  Ресейдің  жоғары  оқу  орындарының 

ұлттық  ерекшелігін  дамытуға  алды.  Ӛз  білім  беру  стандарттары  мен  білім 

беру ортасын құру үшін пайдаланылатын жоғары сапалы білім қалыптастыру 

үшін, ресейлік және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес білім 

беру құзыреті үлгісіне салынған. 

 

Краткое резюме 

Учитывая накопленный опыт в разработке образовательных стандартов 

и  специфики  национальных  университетов  России,  в  работе  приведены 

особенности  развития  Образовательных  стандартов    по  Прикладной 

информатике  с  профилем  Дизайн.  Для  формирования  качественного 

образования использовано создание собственных образовательных стандартов 

и    образовательной  среды,  построенной  на  компетентностной  модели 

образования с учетом требований Российских и международных стандартов.  

 

Executive summary 

Taking into account the experience gained in the development of educational 

standards  and  the  specifics  of  the  national  universities  in  Russia,  given  the 

peculiarities  of  the  development  of  educational  standards  in  Applied  Informatics 

with  profile  design.  To  form  a  high-quality  education  used  to  create  their  own 

educational standards and educational environment, built on the competence model 

of education with the requirements of Russian and international standards. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

На



рх

оз

 У



ни

ве

рс



ит

ет

і



105 

 

УДК: 373.016:51Мынжасарова М.Ж. 



Абай атындағы ҚазҰПУ 

«Математика және ақпараттық жүйелер»  

кафедрасының ағаоқытушысы, п.ғ.к. 

 

ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ  

 

Тҥйін  сӛздер:  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар,  топтық 

жұмыс, сын тұрғысынан ойлау. 



Ключевые  слова:  информационно-коммуникационные  технологии,  

групповая работа, критическое мышление. 



Keywords:  Information  and  communication  technologies,  work  of  the 

groups, critical thinking.  

 

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесі жаңа заман талабына сай 



жаңаруда. Соған сәйкес оқытушылардан жаңару талап етіліп отырған  бүгінгі 

таңда  Педагогикалық  шеберлік  орталығы  мен  Кембридж  университетінің 

Білім  беру  факультеті  бірлесіп  әзірлеген  жоғары  оқу  орындарының 

профессор-оқытушылар  құрамы  қатарынан  тренерлерді  оқыту  курсын 

ұйымдастыруы  -    жоғары  интеллектуалды  жастарды  жан-жақты  тәрбиелеу 

мен олардың потенциалдық деңгейінің кӛтерілуіне үлес қосатынын дәлелдеп 

отыр. 

Қазіргі  біліктілікті  арттырудың  жаңа  жүйесі  мұғалімнен  ізденушілік-



зерттеушілік  әрекетін  ұйымдастыруды  шебер  меңгеруді  талап  етеді.  Оқыту 

мен  оқудағы  әдістерді  не  үшін  ӛзгерту  қажет?  Кембридж  тәсіліне  сүйенген 

бағдарламаның 

негізгі 


мазмұны 

– 

оқушының 



алған 

білімін 


шығармашылықпен  қолдануына,  ӛзін-ӛзі  дамытуына,  ӛзінің  даралығын 

сезінуге,  айналасындағы  адамдармен  ӛзара  әрекеттесу  дағдыларын  игеруге, 

ӛзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен ӛткізуге жағдай жасауды мақсат ететін жеті 

модуль түріндегі мазмұнға топтастырылған.  

Бірлескен  топтық  жұмыс  сияқты  педагогикалық  әдіс-тәсілдер  жаңа 

идеялардың  оқытушылардың  тәжірибесіне  енуін  қамтамасыз  етеді.  Курс 

барысында  ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастыра  отырып  топтағы 

барлық  адамды  ӛздеріне  баурап  алған  тренерлеріміз  сияқты,  сабақ 

барысында  топ  мүшелерін  1,  2,  3  деп  санату  арқылы  топқа  бӛліп  бірлесе 

жұмыс  жасау  мүмкіндігі  туды.  Күнделікті  сабақ  басталар  алдында  әртүрлі 

тренингтер  ұйымдастырып,  топқа  бӛлуде  кӛптеген  әдіс-тәсілдерді  қолдана 

отырып,  сабақты  ұйымдастыру  топ  арасындағы  ынтымақтастықты  артқыза 

түсті деп ойлаймын. Сонымен қатар жалпы топқа бӛлінудің ерекшелігі жаңа 

идеяға,  жаңа  кӛзқарасқа  толы  болады  деп  есептеймін.  Мысалы 

әріптестеріміздің  пікірін  тыңдап,  тәжірибе  алмасу  арқылы  біз  ӛзіндік 

рефлексия жасай  аламыз.  

На

рх

оз



 У

ни

ве



рс

ит

ет



і

106 

 

Топтық  жұмыс,  біріншіден,  студенттерге  бірігіп  жұмыс  істеу 



мүмкіндігін тудырады. Екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден, 

бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды. Бұл әдіс сонымен 

қатар түсінбегенін оқытушыдан сұрауға батпайтын және ӛзінің түсінбегенін 

кӛрсеткісі  келмейтін  топтағы  кейбір  студенттердің  ӛзінің  тобындағы 

студенттерден жасқанбай білмегенін, түсінбегенін сұрауына септігін тигізді.  

Мысалы,  «Математика  негіздері»  пәнінен  жүргізілген  барлық  дәріс 

және  практикалық  сабақтарда  топтық  жұмысты  қолдандым.  Топтық  жұмыс 

дәріс  сабақтарда  практикалық  сабақтарға  қарағанда  нәтижелі  болды. 

Мысалы,  «Ықтималдықтар  теориясының  элементтері»  тақырыбы  бойынша 

ӛткізілген дәріс сабақта студенттерге оқиға және оның түрлері туралы түсінік 

беру: ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдарын түсіндіру және оларды 

таба алуға үйрету  мақсаттарын қойып нәтижеге қол жеткізуге тырыстым.  

  

АКТ-ны қолдану арқылы мынадай теориялық мәселелерді ұсындым. Олар: 



  

1.Оқиға және оның түрлері.  

  

2.Кездейсоқ оқиға және оның ықтималдығы.  



  

3.Кездейсоқ шама және оның  үлестірім заңы.   

  

4.Ықтималдықтарды есептеу және Үлкен сандар заңдары.   



Аталған проблемалық жағдаяттарды шешу барлық студенттердің оқиға 

және түрлері туралы түсініктері болуы қажет. Сондықтан мен 1-топқа «Ойын 

сүйегі»,  2-топқа  «Асық»,  3-топқа  «Тиын»,  4-топқа  «Қораптағы  түрлі  түсті 

қарындаш»  құралдарын  бердім.  Оларға  осы  құралдарды  қолдана  отырып 

оқиға туралы ұғымды және оның түрлерін анықтауға тапсырма берілді.  

Алғашында олар бұл  құралдарға  қарады,  қолдарына  ұстап  кӛрді, одан 

кейін асық, тиынды, ойын сүйегін лақтырып кӛрді, ал қарындашты қораптан 

алып санын, түсін анықтады. Студенттердің бұл жасаған әрекеттері бақылау 

және  тәжірибе  жасап  кӛру  болады.  Осыдан  кейін  студенттер  бұл 

құралдардың  кӛмегімен  оқиға  және  оның  түрлерін  анықтау  үшін  ойланды, 

пайымдау  жасады.  Нәтижесінде  кӛптеген  студенттер  оқиға  деп  пайда 

болатыны  немесе  пайда  болмайтыны  туралы  айтудың  мағынасы  бар  құбылыс 

екенін түсінді.  

Студенттер оқиға туралы ұғымды анықтап алғаннан кейін  оның түрлерін 

анықтау  үшін  осы  құралдарды  тиімді  қолдана  білді.  Мысалы,  студенттердің 

біреуі  ойын  сүйегінің  алты  жағы  барын,  әр  жағында  бейнеленген 

дӛңгелектердің  саны  әртүрлі  екенін  және  оларды  сандар  ретінде  қабылдасақ, 

онда ойын сүйегін лақтырғанда 3 санының пайда болуы кездейсоқ оқиға екенін 

айта  келіп  оған  анықтама  берді.  «Кездейсоқ  оқиға  –  пайда  болуы  да,  пайда 

болмауы  да  мүмкін  оқиға

» 

деген  анықтаманы  ұсынды.  Екінші  студент 



асықты  лақтырғанда  тӛрт  түрлі  жағдай  болатынын,  яғни  бүк,  шік,  алшы, 

тәйкі.  Сондықтан  асықты  лақтырғанда  бұл  жағдайлардың  тек  біреуі  ғана 

орындалатынын  айта  келіп,  бұл  үйлесімсіз  оқиғаның  мысалы  екенін  айтты. 

«Үйлесімсіз  оқиғалар  –  сынау  жүргізгенде  тек  біреуінің  ғана  пайда  болу 

мүмкіндігі  бар,  яғни  барлығы  бір  уақытта  пайда  болмайтан  оқиғалар»  деп 

анықтамасын берді. Студенттер осы тұрғыда жұмыс жасай отырып  мынадай 

На

рх

оз



 У

ни

ве



рс

ит

ет



і

107 

 

оқиғалардың  түрін  анықтады  және  оларға  түсінік  берді:  сенімді  оқиға, 



кездейсоқ  оқиға,  мүмкін  емес  оқиға,тәуелді  оқиға,  тәуелсіз  оқиға. 

Студенттердің  анықтай  алмаған  оқиғалардың  түрін  ӛзім  ұсындым.  Олар:  жай, 

қарама-қарсы, мәндес, күрделі, үйлесімсіз, үйлесімді оқиғалар. Бірақ бұл оқиға 

түрлеріне  анықтаманы  студенттермен  бірлесіп  бердік.  Осы  тапсырманы 

орындау  барысында  студенттер  ӛздері  сын  тұрғысынан  ойланып,  талдау 

жасағандықтан алынған ақпараттарды түсінді.  

Студентке  берілген  нұсқаулықта    «Сын  тұрғысынан  ойлау  бақылау, 

тәжірибе,  толғану  және  пайымдау  нәтижесінде  алынған  ақпаратты  ұғыну, 

бағалау,  талдау  және  синтездеуде  қолданылатын  әдіс  болып  табылады»  деп 

айтылған  /1/.  Осы  тұрғыдан  алғанда  жоғарыдағы  тапсырманы  орындауда 

студенттер  сын  тұрғысынан  ойланды  деп  санаймын.  Сын  тұрғысынан  ойлау 

мәнмәтінді  есепке  ала  отырып,  бақылау  мен  тыңдау  арқылы  дәлелдер 

жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай ӛлшемдерді қолдану сияқты 

дағдыларды дамытады.  

Ӛзімнің  тәжірибемнен  байқағаным  қаншалықты  уақыт  аз  болса  да, 

студенттерге дайын материалды бере салмай, оларға тапсырмалар бере отырып 

сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік жасау керек деген қорытындыға келдім.  

Осыдан  кейін  ғана  студенттердің  әрқайсысы  оқулықтан  берілген 

тақырыпты  оқып,  тақырып  бойынша  негізгі  білуі  қажет  ұғымдарды 

анықтады/2/. Бұдан кейін жұппен бір-біріне түсіндіреді, сұрақ қояды, жауап 

береді,  талдайды  (Диалогтік  оқыту).  Презентация  жасау  және  оны  қорғауға 

байланысты табыс критерийлерін бірлесіп жасады. Олар: 

1. Презентация 3 слайдтан тұрады. 

2. Нақты, түсінікті болуы қажет. 

3. Әдемі безендірілуі керек. 

4. Қорғау үшін әр топқа 4 минуттан уақыт беріледі. 

Сабақ  барысында  топпен  жұмыс  жасау  арқылы  бір-бірлерінің 

пікірлерін тыңдап, ұйымдаса отырып презентация жасады (АКТ-ны қолдану). 

Жобаны  қорғау  кезінде  топ  болып  шешім  қабылдап  топ  лидері  қорғауға 

шықты.  Кейбір  топ  мүшелерінің  барлығы  пікірлерін  бір-бірлеп  дәлелдеп 

қорғады  және  де  топтар  арасында  кері  байланыс  болды,  топтар  бір-бірін 

бағалады.  

Топтық жұмыстың нәтиже бергеніне студенттердің таратпа қағаздарға 

кері байланыс жасауда жазған пікірлері дәлел болады. Мысалы, бір студент 

былай  жазған:  Ұжымшылдыққа,  ӛз  бетімізше  жұмыс  жасауға  үйрендік, 

білмейтіндерімізді басқа топтардан үйрендік, бәсекелестік қабілетіміз артты.  

Осы  жүргізілген  дәріс  сабақтың  үлгі  жоспары  кестеде  берілген  (1-

кесте). 


 

 

 



 

 

На



рх

оз

 У



ни

ве

рс



ит

ет

і



108 

 

Кесте 1 - Сабақтың үлгі жоспары 



Модуль  

 

Сабақ  



дәріс  

Сабақтың 

тақырыбы 

Ықтималдықтар теориясының элементтері  

Сабақтың 

мақсаттары 

Студенттерге  оқиға  және  оның  түрлері  туралы  түсінік  беру. 

Ықтималдықтар  теориясының  негізгі  ұғымдарын  (кездейсоқ 

оқиға  және  оның    ықтималдығы,кездейсоқшама  және  оның  

үлестірімзаңыныңжалпылаушы 

сандық 

сипаттамалары: 



математикалық үміт, дисперсия және стандарт ауытқуҮлкен 

сандар заңдары) түсіндіру және оларды таба алуға үйрету.  

Табыс 

критерийлері 



Оқиға және оның түрлерін біледі; 

Кездейсоқ оқиға және кездейсоқшама туралы түсініктері бар; 

Ықтималдық,  салыстырмалы  жиілік,  математикалық  үміт, 

дисперсия  және  стандарт  ауытқудың  формулаларын  біледі 

және олардың мәнін таба алады. 

Түйінді 


идеялар 

Оқиға, кездейсоқ оқиға, кездейсоқшама, оқиғаның 

ықтималдығы, салыстырмалы жиілік, математикалық үміт, 

дисперсия және стандарт ауытқу. 

Уақыт  

Тренердің іс-әрекеттері 



Студенттердің іс-әрекеттері 

3 минут 


 

 

 



 

 

10 минут 



 

 

 



 

 

 



 

15 минут 

 

 

 



 

 

16 минут 



 

 

 



 

Студенттерді бүгінгі 

сабақтың тақырыбымен, 

мақсатымен таныстыру. 

Студенттерді санау әдісімен 

5 топқа  бӛлу. 

 

Әр топқа ӛздері шешетін 



мәселені ұсыну. Жеке ӛзіңе 

оқыту, содан кейін 

қасындағы жұбымен талдау, 

содан кейін топпен 

талдауды ұсыну. Оқулықпен 

жұмыс 69-75б. 

 

Әр топқа ӛздерінің 



тақырыбы бойынша 

презентация жасауды ұсыну. 

Табыс критерийін құруды 

ұсыну. 


 

Презентацияларын қорғауды 

ұсыну.Диалогтік әдісті 

қолдану (сұрақ-жауап). 

 

 

 



 

Студенттер топтарға бӛлінеді.  

 

 

 



Әр топқа ӛздері шешетін 

мәселені ұсыну.  Студенттер 

жеке жұмыс, жұппен жұмыс, 

топпен жұмыс жасайды. 

 

 

 



 

Әр топқа ӛздерінің тақырыбы 

бойынша презентация 

жасайды. 

Табыс критерийін құрайды 

және оны басшылыққа алады.  

 

Әр топ презентацияларын 



қорғайды. 

Әрбір қорғаушы топқа 

ӛздерінің сұрақтарын 

дайындау, ӛздеріңе қойылған 

На

рх

оз



 У

ни

ве



рс

ит

ет



і

109 

 

 



 

3 минут 


 

 

 



2 минут 

 

 



 

Барлық топқа жасалған 

презентациялары бойынша 

пікірлерін білдіруді сұрау. 

 

Кері байланыс. 



сұрақтарға жауап беру. 

 

Әр топ басқа үш топқа жасаған 



презентацияларына пікірлерін 

жазып жапсырып кетеді. 

 

Студенттер нені үйренгенін, не 



ұнағанын, ненің жетіспегенін 

жазып береді. 

Ресурсы  

Оқулық, дәптер, ноутбук, 

проектор, стикерлер. 

 

 



Бұл дәрістің ең мәндісі топтық әдіс нәтижесінде тақырыпты жан-жақты 

талдау  мүмкіндігі  туды  деп  есептеймін.  Сабақ  соңында  ӛткізілген  сабақ 

жӛнінде  ӛз  ойларын  таратпа  қағаздарға  жазып  берді.  Осыдан  түйгенім  кез-

келген  топтық  жұмыста  топ  лидері  ғана  емес  барлығы  бірдей  қорғау 

мүмкіндігінің болатындығы.  Шынында да бір тәртіпке бағынып топ ережесі 

бойынша  жұмыс  жасау,  бір-бірін  сыйлау,  тыңдау  т.б.  топтық  мәдениет 

біртіндеп  қалыптасады  деген  тұжырым  жасадым.  Осыған  дейін  мен  топтық 

жұмыстарды  дәріс  сабақтарымда  ӛте  сирек  қолданатынмын.  Қазір  топтық 

жұмыстың  тиімділігіне,  әрі  сабақты  қызықты  және    табысты  ӛткізуге 

болатындығына кӛз жеткіздім. 

Топтық жұмыстардың әсерімен cтуденттер табысты болу үшін қажетті 

дағдыларға  жататын  тӛменде  кӛрсетілгендей  икемділік  дағдыларды 

меңгереді деген қорытынды жасауға болады:  

 



студенттер ӛзара достық қатынаста болады; 

 



бір-бірінен сұрай отырып білімдерін жетілдіреді; 

 



ӛзгелерге ойын жеткізу үшін ӛз шешімін дәлелдеп үйренеді; 

 



менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды, топ болып жауап береді. 

 

Әдебиеттер: 

1.

 

Студентке  арналған  нұсқаулық.  Бірінші  басылым.  «Назарбаев 



Зияткерлік мектептері» ДБҰҰ, 2015. -183б. 

2.

 



Оспанов  Т.Қ.  Математика  негіздері:  Оқулық.  –Алматы:  Абай 

атындағы ҚазҰПУ: «Ұлағат», 2012.-486 б. 

 

Қысқаша тҥйіндеме 

Мақалада  «Математика  негіздері»  пәнінен  ӛткізілгендәріс  сабаққа 

топтық  жұмыс,  сын  тұрғысынан  ойлау  сияқты  әдіс-тәсілдердің  қолданылуы 

және  оның  нәтижесі  баяндалған.  Оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды қолданудың тиімділігі кӛрсетілген.  

 

 

 

На

рх



оз

 У

ни



ве

рс

ит



ет

і


110 

 

Краткое резюме 

В  данной  статье  рассматриваются  разные  методы  преподавания  по 

дисциплине  «Основы  математики»  где  применяются:  критическое 

мышление,  групповая  работа  и  результаты  лекционных  занятий.  Так  же 

рассмотрена 

эффективность 

использования 

информационно-

коммуникационных технологий в обучении. 

 

Executive summary 

 

In this article, we considered different methods of teaching by the discipline 



Foundation of Math. We used critical thinking, works of the groups and results of 

the  lectures.  Also  considered  information  and  communication  technologies  in 

teaching. 

 

ӘОЖ: 338:37 



Сагитова Г.К., Мухамеджанова Г.С. 

«Нархоз» университетінің аға оқытушылары 



 

ВИРТУАЛДЫҚ ЗЕРТХАНА  СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ САПАСЫН 

ЖОҒАРЫЛАТУ ҚҦРАЛЫ  

 

Кілттік  сӛздер:ақпараттық  жүйе,  виртуалдық  зертхана,  ақпараттық 

үлгі, контент,университеттерді басқару тиімділігі. 



Ключевые 

слова

Информационная 

система, 

виртуальная 

лаборатория,  информационная  модель,  контент,  эффективность  управления 

университетами. 



Keywords: information system, virtual labrotory, information model, content, 

efficiency of university management 

 

Интеграцияның  барлық  сатылары  мен  деңгейлерің  негізіндегі  үздіксіз 



және  кәсіби  білім  беру    XXI  ғасырдың  әлемдік  үрдісінде  білім  беру 

саласындағы ең нәтижелі және келешегі бар бағыт болып саналады. 

Әлемдік  стандарттарға  сай  білім  беру,  сапаны  жоғарылату,  білім 

берудегі  ӛнімдердің  ӛзектілігі  мен  талапқа  сай  болуына  бағытталу  бәсекеге 

қабілетті ЖОО-ң басты элементі.  

Қазіргі  таңда  ЖОО-дағы  білім  беру  процесі  жеке  қолданушының 

қажеттіліктеріне  сай  бейімделуге  тырысуда  және икемді  әрі серпімді болып 

келеді. 


Әдетте,  білім  беруде  аудиториядан  тыс  орындалатын  ғылыми-зерттеу 

дайындығы маңызды рӛлді құрайды. 

Заман  талабын  ескере  отырып,  жоғарыда  айтылған  мәселелерге 

байланысты білім берудің осындай түрлері мен құралдарын ӛндіру қажеттігі 

айқын кӛрінеді. Зерттеу дайындығын жоғарылатудың бірі болып виртуалды 

оқу зертханалары болып саналады.  

Виртуалдылықзертхана  -  екі  немесе  одан  да  кӛп  шынайылықтың  ӛзара 

әрекеттесуі кезінде әрекеттесудің жоғарғы категориясына айналады, мысалы, 

На

рх

оз



 У

ни

ве



рс

ит

ет



і

111 

 

механизмдер  сананың  объективті  шындыққа  сәйкес  немесе  сананың  ӛз-



ӛзімен сәйкес кӛрінуі. 

Виртуалды  кеңістік-  бұл  объективті  және  субъективті  кеңістіктердің 

синтезі.  Бұл  кеңістік  бізді  кез  келген  істі  шынайы    немесе  денемен 

сезінетіндей әсер береді. 

Басқа жағынан алып қарағанда, виртуалды кеңістік-салыстырмалы түрде 

тез  жинақтауға,  түрлендіру  және  хабарлама  жіберуге  мүмкіндік  беретін 

кодталған  сигналдар  жиынтығы;  қолданушының  ақпараттық  массивтерге 

қолжетімділігі сұранысты дұрыс құра алуына байланысты. 

Ескере  келе,  виртуалды  ғылыми-зерттеу  кеңістігі  бұл  ғылыми-зерттеу 

қызметін  ұйымдастыру  үшін  физикалық  кеңістікті  талап  етпейтін  жұмыс 

ортасы екенін кӛреміз. 

Ғылыми  қызметкерлер  немесе  әріптестер  арасындағы  ӛзара  әрекет 

қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың жетістігі-байланыс арналарын 

қолдану арқылы жүзеге асады. 

Виртуалды  ғылыми-зерттеу  кеңістігінің  негізін  глобальды  желіде 

орналасқан ақпараттық ресурстардың 3 түрі құрайды. Біріншіден, бұл нақты 

ғылыми  тақырыпқа  арналған  сайттар  мен  порталдар.  Негізінде  ол  жерде 

түрлі  еңбектер,  сонымен  қатар  жүргізіліп  жатқан  зерттеу  нәтижелері 

орналасады.  Кӛбінесе  бұндай  сайттар  ұжымдық  ақпараттық  орталықтар 

ретінде жұмыс істейді, яғни белгілі бір тақырып бойынша ең танымал Web-

тораптарды  іріктейді.  Одан  басқа  бұл  жерде  жаңадан  кірген  кісіге  қажетті 

кӛптеген ақпаратты табуға болады. Осындай ресурстар форум арқылы немесе 

электронды почта кӛмегі арқылы пікір алмасу мүмкіндігіне ие. 

Ресурстың  екінші  типіне  зерттеушінің  тақырыбына  сай  қажетті 

оқулықтарды  табуына  арналған  қуатты  іздеу  құралдары  бар    кітапханалар 

және  кітапхана  серверлері,  сондай-ақ,  ғылыми  ақпаратқа  тегін  қолжеткізуге 

кӛмектесетін  электрондық  журналдар  мен  ғылыми  мәтін  репозиториилері  

жатады. 


Ресурстың үшінші типіне ЖОО-ң сайттары жатады. Бұл жерде кӛбінесе 

ЖОО-ң  ғылыми-зерттеу  бағыттарын  сипаттайтын  қысқаша  ақпарат 

орналастырылады. Кейбір кезде айтылып отырған ресурс аясында виртуалды 

зертханалар  жұмыс  жасайды.  Ұйымдастырушылық  тұрғысынан  алғанда, 

виртуалды  зертхана  зерттелетін  объектіні  кӛзге  нақты  елестететін, 

компьютерлік  құрал-жабдықтармен  және  программалық  қамсыздандырумен 

жарақтандырылған  ЖОО-дағы  оқу  бӛлімшесі.  Виртуалды  оқу-зерттеу 

зертханасы  компьютерлік  технологиялар  кӛмегімен  әр  түрлі  қаладағы 

студенттер  мен  оқытушыларға    бірлесіп  жұмыс  жасауға  мүмкіндік  береді. 

Виртуалды  зертхана-бұл  шынайы  ӛмірдегі  объектілердің  іс-әрекетін 

компьютерлік  ортада  модельдеуге  мүмкіндік  беретін  оқудың  виртуалды 

ортасы    және  оқушыларға  ғылыми-жаратылыстану  пәндері  бойынша  жаңа 

білім мен қабілетке үйрететін орта. 

«Нархоз»  университетінің  «Қолданбалы  информатика»  кафедрасында 

құралған  виртуалды  зертхана-бұл  компьютерлік  құралдармен,  National 

На

рх



оз

 У

ни



ве

рс

ит



ет

і


112 

 

Instruments (США) компаниясы ұсынған NI ELVIS II (Educational Laboratory 



Virtual 

Instrumentation 

Suite) 

оқу-зертханалық  станциясымен  және 



программалық  қамсыздандырумен  (Project  Expert,  CorelDRAW,  LabVIEW) 

жабдықталған оқу бӛлімшесі (1 Сурет).  

Виртуалды  зертханаға  мысалдарды  оқылатын  немесе  жобаланатын 

объектілерде, математикалық пакеттерде, оңтайландыру бағдарламаларында, 

дерекқорларда т.б. модельдеу тән. 

Виртуалды  ғылыми-зерттеу  зертханасының  құрылымында  екі  құрамдас 

бӛлікті  ерекшелеуге  болады:  ғылыми  және  бағдарламалық-техникалық 

қолдау.Біріншісі  вариативті  бӛлікті,  нақты  ғылыми  зерттеулерді  шешуге 

арналған уақытша виртуалды ғылыми топты құрайды. Бұл құрамдас бӛлікке  

түрлі кӛздерден алынған формальды және мазмұнды анализдерді салыстыру, 

статистикалық  ӛңдеу,  талдап  қорыту  және  ақпаратты  интерпретациялау 

жатады.  

 

 

 



1 Сурет – «Виртуальная лаборатория» сайтының басты менюі 

 

Бағдарламалық және техникалық қолдау топтамасына деректер базасына 



қашықтықтан  басқаруды  құру  мен  қамтамасыз  ету,  сонымен  қатар 

қашықтықтағы топтық және жеке абоненттерге  ақпараттық қызмет кӛрсету, 

қолдану  мен  қызмет  кӛрсетуге  тиімді  процедураларды  істеу;  қолда  бар 

ақпараттық массивтерді үйлестіру және соның негізінде білім базасын құру; 

полиморфтық  және  түрлі  форматтағы  ақпараттық  массивтерді  біріктіруді 

жасау(мәтіндер,  кестелер,  статистика,  карта,  т.б.);  ақпараттық-іздестіру 

қосалқы  жүйесін  құру;  ақпараттық  ресурстарды  қорғау  жүйесін  құрастыру; 

қағаз  және  электронды  тасымалдауыштарда  біріктірілген  архивтік  ортаны 

жасау және ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету. 

На

рх



оз

 У

ни



ве

рс

ит



ет

і


113 

 

Осылайша,  виртуалды  зертхана    дәстүрлі  ғылыми  зерттеулерді 



ұйымдастыруға    тән  барлық  қасиеттерге  ие.  Студенттердің  виртуалды 

ғылыми-зерттеушілік  ортаға  қосылуы  оларды  қазіргі  заманның  ғылыми 

бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді. 

Демек,  зерттеуді  дайындау  процесінде  виртуалды  зертханаларды 

қолдану  толық  ақталған  және  заманауи  ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялар базасын қолдану арқылы жүзеге асады. 

Жақсы  навигацияны  ұйымдастыру  виртуалды  зертхананың  нақты 

ақпараттық  архитектурасы  арқылы  жүзеге  асады.  Әдетте,  ол  иерархиялық 

сипатқа  ие.  Ақпараттық  архитектураны  құру  барысында  басты  назар 

аударатын  жағдай  студенттің  виртуалды  зертханада  жұмыс  жасау  кезіндегі 

ақпараттық ыңғаймен қамтамасыз етілуі.  

Қарастырылған 

виртуалды 

зертхананы 

ақпараттық 

толықтыру 

нысандары  толыққанды  біткен  жоба  жасауға  мүмкіндік  береді,  ол  оқу 

барысында  студентке  де  оқытушыға  да  ыңғайлы  әрі  қызықты  болады(  2 

Сурет). 

 

 



 

 

2 Сурет- Виртуалды компьютерлік зертхананың интеграциялық интернет-



бағдарланған бағдарламалық ортасы 

 

Жүргізілген зерттеу нәтижелерінің арқасында виртуалды зертханаларды 



қолдану қажеттілігін ашық кӛрсете аламыз: 

 



 

Қымбат  құрал-жабдықтар  мен  программалық  қамсыздандыруларды 

сатып алу мен орналастырудың қажеті болмайды; 

На

рх



оз

 У

ни



ве

рс

ит



ет

і


114 

 



 

Студенттердің  оқу  барысындағы  белсенділігі  мен  дербестік  қасиетін 

арттыру; 

 



Мультимедия  қасиетінің  арқасында  оқу  материалдарын  қабылдауды 

жақсарту; 

 

Әр студенттің материалды игеруін толық бақылау; 



 

Экзаменге  дайындық  кезінде  қайталау  және  тренинг  жасау  процесін 



жақсарту; 

 



Оқытушылардың кеңес беру, бақылау үрдісінің азаюы; 

 



Сабақтан тыс уақытта тапсырманы үй жұмысы ретінде орындау; 

 



Оқытудың  дистанциондық  түрін  енгізу,  оның  ішінде  зертханалық 

базасы әлсіз оқу орындарында енгізу. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет