Интеллект жалпы қабілеттіліктерді бағалауға бағытталған психодиагностиканың типі. Интеллектің алдыңғы себептері ретінде ес пен назарды айтуға болады. Дарынды, ақылды адамдардың көпшілігінің есі өте жақсы болады. Кейде данышпан адамдардың есі нашар (Дарвин), ал кейде кемақыл адамдарда механикалық есі жақсы болады. Сондықтан, ес интеллекттің ең басты емес, бірақ маңызды шарты. Бала кездегі назардың сапасы, тұрақтылығы, шоғырлану қабілеттілігі интеллект дамуына әсер етеді.

Интеллектің өзін басқа когнитивті процестерден бөлек алып қарау мүмкін емес. Ол басқа құрылымдармен қатар тұрған құрылымдарға жатпайды
Интеллект бұл теңдіктің белгілі бір пішіні, қабылдау базасында әдет және қарапайым сенсомоторлық механизмдерден құрылған барлық құрылымдарды тартады. Ойлау операцияларының (анализ, синтез, жалпылау, абстракция) ерекшеліктеріне байланысты интеллект деңгейі туралы айтуға болады.
Ойлау мен интеллекттің тығыз байланысына қарамастан, медицина психологиясы мен психиатрия тәжірибесінде бұлар жеке түсінік ретінде қаралады.
Балаларға жасаған зерттеу процесінде клиникалық әңгімелесу әдісін ойлап тапқан швейцариялық атақты психолог, логик, философ әрі генетикалық психологияның негізін салушылардың бірі Жан Пиаже (1896-1980) болды. Содан соң бірнеше кезеңдерден тұратын балалардың баяу дамитын процесін, яғни когнитивтік тұжырымдамасын шығарды. Пиаже интеллектің дамуы психикалық дамудың ең негізгі діңгегі деп ойлайды. Ол бұл тұжырымдаманың принциптері әртүрлі тарихи дәуірлерде ойлау эволюциясын және әрқилы білім салаларын түсінудің кілті деп санады. Осы жағдайды ескере отырып, өзі кейіннен атағандай генетикалық эпистемологияны зерттеудің жаңаша бағытын ойлап тапты. Автордың өткен ғасырдың екінші жартысында ұсынған идеялары мен теориялары қазірге дейін өз құнын жойған жоқ және бүгінгі күннің мамандары тарапынан тәжірибелік зертханалық және өндірістік зерттеулердің ең өнімдісі болып бағаланады.