Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы» Мақсаты: Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Оқушыларды математика, физика, информатика пәндерінен алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.
Көрнекі құралдар: интербелсенді тақта, мінбер, диплом, жеңімпаз төсбелгісі
Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.
Іс-шараның барысы. І жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Бүгін 8 сынып оқушыларының арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші:Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. «Білімді азамат –ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар- дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз. Кешімізді бастамас бұрын біз әділ –қазылар алқасын таныстырып өтейік:
І жүргізуші: Сайысқа қатысушылармен танысуға рұқсат етіңіздер.
ІІ жүргізуші: Бүгінгі интеллектуалды ойын бес кезең тұрады:
1 кезең: Бәйге
2 кезең: Полиглот
3кезең: Ғажайып алаң
4 кезең: Сиқырлы сандар әлемі
5 кезең: Жорға
Ойынның барысы: І жүргізуші: 1 кезең: Бәйге
ІІ жүргізуші: 1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып таяқшаны көтерген оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса, келесі таяқшаны көтерген оқушы жауап бере алады. Әр жауап 10 ұпай есептеледі.
Сұрақтар: Қиылыспайтын екі түзу (параллель)
1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)
Бұрышты тең екі бөлікке бөлінетін сәуле. (биссектриса)
Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)
Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)