Орындаған: Талғат Алтынзер Қабылдаған: Салимова Нұргүл Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Көптілді білім беру факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Калька дегеніміз – белгілі бір сөз тіркесінің, сөйлемнің, түрлі фразеологизмдердің, ғылыми формулалар мен анықтамалардың бір тілден екінші тілге аударылған дәл көшірмесі, басқаша айтқанда түпнұсқа нысанының екінші тілде сөзбе-сөз қайталануы. Өзге тілдегі сөз тіркесінің, сөздің бір бөлшегі үшін қазақ тіліндегі тура, сөздікте ұсынылатын, грамматикада көрсетілетін сәйкестік алынады. Мысалы, ағылшынша-орысшақазақша сәйкестіктерді салыстырсақ House of Culture – Дом культуры – Мәдениет үйі Кальканың құрылымы мен мазмұнының қабылдаушы тілде игерілуіне байланысты тілші-ғалым Ғабдолла Қалиев көрсеткендей, бірнеше түрі бар: Сөзжасамдық калька Фразеологиялық калька Жартылай калька Семантикалық калька СӨЗЖАСАМДЫҚ КАЛЬКА Шет тіл сөздерін морфемалық құрамы бойынша аудару, мысалы: өндіріс – орыс.производство, жазушы – писатель, бесжылдық – пятилетка, еңбеккүн – трудодень; Семантикалық калька- шет тілі сөзінің ауыспалы мағынасын алу. Мысалы: қарау (мәселені) – орыс. Рассмотреть(вопрос), іс (әкімшілік, сот жүйесінде) – дело (админ. и судебное); Фразеологиялық калька- фразеологизмді сөзбе- сөз аудару. Қызыл алаң – орыс. Красная площадь, қызыл ту –красное знамя, шара қолдану – принять меры, балықшы балықшыны алыстан көреді – рыбак рыбака видит издалека; Жартылай калька- терминнің мағынасын ашуға сыңарларының бір бөлігі қатысып, қалған сыңарларының терминнің дыбысталуына ғана ықпал етіп, дербес мағынасы болмайтын түрі.