Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері



бет3/4
Дата23.03.2023
өлшемі139,1 Kb.
#75768
1   2   3   4
Үшіншіден, (8) формуладан көріп тұрғанымыздай, жоба үшін у=f(r) функциясы сәйкесінше кемімелі болып келеді. Себебі, инвестициялау жағынан бұл жобаның ақша ағының классикалық деп айтуға болады, өйткені кететін қаражаттың (инвестиция) орнын одан жоғары сомада болатын ағын иемденеді., яғни r өсуіне байланысты функция графигі обцисса осьтеріне ұмтылады және оны белгілі бір нүктеде қияды, ол IRR болып табылады.
Төртіншіден, у=f(r) функциясы түзу сызықты болмағандықтан, сонымен қатар ақша ағыны элементтері белгілерінің әртүрлі болып келуіне орай, функция обцисса осімен бірнеше нүктеде қиылысу мүмкін.
Бесіншіден, тағы да, у=f(r) түзу сызықты функция болмағандықтан, IRR критериі қосындылар ерекшелігіне ие болмайды.
Жоспарланатын инвестицияның тиімділігін зерттеу барысында пайданың ішкі нормасын есептеудің мәні келесіде көрініс табады:
Жобаның күтілетін табыстылығын көрсетеді және сәйкесінше, осы жобамен байланысты мүмкін болатын шығынның максималды мөлшерін көрсетеді. Мысалы, егер жоба толығымен коммерциялық банк берген несие есебінен қаржыланса, онда IRR мәні банктің пайыз мөлшерлемесінің ең жоғарғы шегін көрсетеді, одан жоғарыласа , жоба шығынды деп таңылады.
Тәжірбиеде кез-келген коммерциялық ұйым өзінің, онымен қоса инвестициялықта қызметін әртүрлі көздерден қаржыландырылады.
Ұйым қызметіне қолданған аванстық төлемдер үшін пайыз, дивидент, сыйақы және тағы сондай сияқты төлейді, басқаша айтсақ, экономикалық потенциалын ұстау үшін кейбір шығындар шығарады. Осы шығындардың ұзақ мерзімді қаржы көздерін қатынасын көрсететін көрсеткішті "капиталдың орташа құны" (WACC) деп атайды.
Сонымен, IRR критериінің экономикалық мәні келесіде: рентабельділік деңгейі "капиталдың орташа құны" СС көрсеткішінен, немесе WACC көрсеткішінен, төмен болмайтын кез-келген инвестициялық ұйым қабылдай алады. Белгілі бір жобаға есептелген IRR СС көрсеткішімен салыстырылады, бұл кезде олардың арасындағы байланысты былай түсіндіруге болады:
  • IRR>СС, онда жобаны қабылдау керек.
  • IRR<СС, онда жобаны қабылдамау керек.
  • IRR=СС, онда жоба пайдасыз және шығынсыз.

  • IRR-ді қандай көрсеткішпен салыстырмасақта, мынаны байқауға болады: жоба қабылданады, егер оның IRR қандай да бір шекті мөлшерден жоғары болса, сондықтан басқа жағдайларды ескермегенде, IRR үлкен мәні жағымды болады.

Тәжірибеде бұл әдісті есептеу қиынға түседі, егер қолыңызда арнайы қаржылық калькулятор болмаса. Бұл жағдайда дисконтталатын көбейткіштің мәнін қолдану арқылы интерация әдісін қолданамыз. Бұл үшін кесте арқылы дисконттаудың 2 мәнін таңдаймыз r2, осылайша, (r1, r2) аралықта NPV=f(r) функциясы өзінің мәнін «+» - дан «-» - ға немесе «-'» - дан «+'» - ға ауыстыратындай. Оған кейін, мына формуланы қолданамыз:
Мұндағы, r1-f(r1)>(f (r1)<0) жағдайында табуляцияланған дисконттау мөлшерлемесінің мәні. r2-f(r2)<(f(r2)>0) жағдайында табуляцияланған дисконттау мөлшерлемесінің мәні.
Нақты есептеулерді кері жүргізсек (r1, r2) интервалға пропорционал болады, ал табуляцияланатын мәндерді қолданып ең жақсы нәтижеге жету үшін интервал ұзындығы минимум (f %- ке тең), болуы керек, яғни у=f(r)ּ«+» - дан «-» - қа жағдайын қанағаттандыратын r1 және r2 – дисконттаудың бір-біріне жақын мөлшерлемелер:
r1-NPV көрсеткішінің теріс мәнін минималдайтын, дисконттаудың табуляцияланған мөлшерлемесі, яғни
r2- NPV көрсеткішінің теріс мәнін максималдайтын, дисконттаудың табуляцияланған мөлшерлемесі, яғни
r1 және r2 мөлшерлемелерін сәйкесінше алмастыру арқылы функция «-» - тан «+» - ға ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет