5. Инвестицияның қайтарылу мерзімін анықтайтын әдіс
Дүние жүзілік есептеу-аналитикалық тәжірбиесінде ең оңай және кең тараған әдістерінің бірі болып табылады және ақша ағындарының біркелкі түсуін қарастырмайды. Қайтарылу мерзімін есептеу алгоритмі (РР) инвестициялардан түсетін жоспарланатын табыстардың тең бөлінуіне байланысты болады. Егер табыс жылдар бойынша тең бөлінсе, онда жылдық табыс көлеміне келетін біркелкі шығындарды бөлу арқылы қайтарылу мерзімін табамыз. Бөлшек мәнді тапқанда, ол алғашқы бүтін санына дейін жуықталады. Егер пайда біркелкі бөлінбесе, онда кумулятивті табыс арқылы инвестициялардың өтелетін мерзімі, тікелей жылдарды санау арқылы қайтарылу мерзімін есептейміз. РР көрсеткішін есептеудің жалпы формуласы келесідей түрге ие:
бұл жағдайда
РР көрсеткіші жиі дәлірек есептелінеді, яғни жылдың бөлшек бөлігі де қарастырылады, бірақ бұл жағдайда ақша ағындарының жыл бойы біркелкі түсуі туралы ұжым жасалады. Мысалы, жобаның келесідей ақша ағындары бар (млн.тг): -100,40,40,40,30,20 РР көрсеткішінің мәні 3 жылға тең, егер есептеу дәлдігімен 1 жылға жасалса немесе 2,5 жыл тура есептеу жасасақ..
Инвестиция тиімділік коэффициентін есептеу әдісі
Бұл әдістің 2 жағы бар:
Біріншіден, ол табыстылық көрсеткішін дисконттауды көздемейді.
Екіншіден, табыстылықты таза пайда PN (пайда минус бюджетке аударымдар) көрсеткіші сипаттайды.
Алгоритімді есептеу оңай болғандықтан, тәжірибеде оны жиі қолданады: инвестиция тиімділігінің коэффициентін немесе басқаша айтқанда пайдалықтың есепті нормасы (ARR), орташа жылдық пайданы PN инвестицияның орташа көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Инвестициялардың орташа көлемі капитал салымдарының бастапқы сомасын екіге бөлу арқылы анықталады, егер зерттелетін жоба бойынша барлық капитал шығындары мерзімі аяқталғанда есептен шығарылса, егер қалдық немесе құн (RV) ұйғарылса, онда оның бағалануы есептеулерде ескерілуі керек. Басқаша айтсақ, (12) формула бойынша ARR көрсеткішін есептеу алгоритмі әртүрлі болады, олардың кең тарағаны:
Бұл көрсеткішті жиі авансталған капитал рентабельділігінің коэффицентімен салыстырады. Ол өз кезегінде қызметіне авансталған қаражаттардың жалпы сомасына коммерциялық ұйымның таза пайдасын бөлу арқылы есептелінеді (баланс- неттоның орташа нәтижесі).
ARR – мен салыстыру үшін арнайы шекті белгілеуге де болады немесе жобалар түрлері, тәуекел деңгейі, жауапкершілік орталары бойынша дифференциалданатын жүйелері де салыстырылатын.
Инвестиция тиімділіп коэффициентіне негізделген әдістің кемшіліктері ақша ағындарының уақыт компоненттері ескерілмейді. Орташа жылдық пайдасының сомасы бірдей жобалардың арасындағы айырмашылықты бұл әдіс жасамайды, бірақ жылдар бойынша пайда сомалары қалқымалы болатын болса. Сонымен қатар, әртүрлі жылдар көлемі және тағы сол сияқты аралығында іске асатын, бірдей орташа пайданы иемденетін жобалар арасында айырмашылықты жасамайды.