Иондық химиялық байланыс электртерістілігі бойынша айырмашылығы үлкен металл мен бейметалл атомдары арасында түзіледі.
Иондық химиялық байланыс электртерістілігі бойынша айырмашылығы үлкен металл мен бейметалл атомдары арасында түзіледі.
Иондық химиялық байланыс қарама –қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылысы нәтижесінде жүзеге асады.
Иондық байланыс
Иондық байланыс теориясын 1916 жылы неміс ғалымы
В. Коссель ұсынған болатын. Бұл теория типтік металдар мен типтік бейметалдар атомдары арасында: CsF, CsCl, NaCl, KF, KCl, Na2O, CaO түзілетін байланысты түсіндіреді. Осы теорияға байланысты иондық байланыстың түзілу кезінде типтік металл атомдары электронды береді, ал типтік бейметалл атомдары электронды қосып алады.
КОССЕЛЬ (Kossel),
Вальтер
1888 – 1956 ж.ж.
Металдар химиялық әрекеттесуде валенттік
электрондарын беріп, оң зарядты иондарға (катиондарға):
Na0 – e = Na+
Бейметалдар электрондар қосып алып, теріс зарядты
иондарға (аниондарға) айналады:
Cl0 + e = Cl-. Әр аттас зарядты иондар бірін-бірі
тартып молекула құрайды:
Иондар түзілу арқылы жүзеге асатын байланыстарды иондық байланыс, қосылыстың өзін иондық қосылыс деп атайды. Иондық қосылыстардың қайнау, балқу температурасы жоғары, қызуға тұрақты, олар полюстік еріткіштерде тез ериді, ерітінділері электр тогын жақсы өткізеді.
+
натрий атом
+
-
Иондық химиялық байланыс
натрий ион
хлор атомы
хлор ионы
иондық байланыс
Иондық қосылыстар молекуласындағы барлық иондар зарядтарының алгебралық қосындысы нөлге тең болу қажет. Осыған байланысты кез келген молекула электр бейтарап бөлшек болып табылады.
Сутектік байланыс оң зарядты полюстікке ие болған сутек атомы мен теріс полюсті, электртерістігі күшті, бөлінбеген электрон жұбы бар (көбіне F, О, N, кейде CI, S) атомдар арасында түзіледі. Сондықтан сутектік байланыстың механизмін жартылай электростатикалық, жартылай донорлы-акцепторлы деп қарастыруға болады.
Сутектік байланысқа белоктардағы карбонил тобы мен амин тобындағы сутектің арасында түзілген байланыс мысал бола алады.
Ал химияда көбіне молекула- аралық сутектік байланыстар кездеседі. Оны этил спиртінің өзінен немесе оны суға араластырғанда жылу бөле жүретін процестен байқауға болады.
Кіші молекулалы су, спирт, альдегид тәрізді заттардың қалыпты жағдайда сұйық күйде болуы сутектік байланыстың әсерінен. Сонымен қатар аммиак, фторсутек сияқты газ күйіндегі заттардың оңай сұйылуы олардың молекуласының
арасында түзілетін сутектік байланыстар арқылы іске асырылады. Сутектік байланыспен байланысқан заттар молекулалық кристалдық торға ие болады.
Мұндай қабілетті металдар бос күйде де, химиялық әрекеттесу кезінде де көрсетеді. Бос күйдегі металдың белгілі физикалық қасиеттері: электр және жылу өткізгіштігі, қаттылығы, иілімділігі, созылғыштығы, өзіне тән жылтыры, т.б. бұлардың барлығы да металдық байланысқа тәуелді.
_
Металдық байланыс
Металдық кристалл торының түйіндерінде атомдар немесе
олардың иондары орналасатыны белгілі.
Металдық тордағы бостау күйдегі
электрондар көптеген ядролардың арасында өзара тарту
күштерін тудырып, металдық байланыс түзеді.
А деңгей.
А деңгей.
Жай сұрақ: 1. Иондық байланыс дегеніміз не?
Нақтылайтын сұрақ: 1. Мысал келтіріңіздер
В деңгей
Практикалық сұрақ: Не себепті атомдар оңай бөлінбейді екен?
Шығармашылық сұрақтар: Натрий фториді мысалында иондық байланысты жазыңыз.
С деңгей
Қорытынды сұрақтар: Иондық байланыстың басқа байланыстар мен ұқсастығы және айырмашылықтарын түсіндіріңіз
Бағалайтын сұрақтар: Иондық байланыс түзілуі механизмін түсіндіріңіз
«Сіз қаншалықты сенесіз» әдісі: Жұптық жұмыс
Химиялық байланыстың оннан артық түрі бар.
Иондық байланыс металдар мен бейметалдар арасында түзіледі.
Иондық байланыс пен ковалентті байланыстың айырмашылығы жоқ.
Иондық байланысы бар қосылыстар бағытталмайды және қанықпаған қосылыстар.
Тапсырма. Қосылыстар ішінен иондық байланысы бар заттарды ажыратып жазыңыз