Ис bestProfi


-бап өзгертілді ҚР 28.12.1998 жылғы № 338-I Заңына сәйкес



бет14/18
Дата13.02.2023
өлшемі51,62 Kb.
#67579
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ҚР Көлiк туралы заңы


23-бап өзгертілді ҚР 28.12.1998 жылғы № 338-I Заңына сәйкес


23-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен ( 07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)


23-бап өзгертілді ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды


23-бап өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (02.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Тасымалдаушылар азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, көлiк құралдары қозғалысының, кеме қатынасы мен ұшу қауiпсiздiгiн, сондай-ақ айналадағы ортаны қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Көлiк құралдарының қозғалысы және тиеу-түсiру жұмыстары жүзеге асырылатын метрополитеннің, станциялардың, порттардың, кемежайлардың, әуежайлардың, көлiк кәсiпорындары мен теміржол желілерінің аумақтары, сондай-ақ су жолдары қауiптiлігі жоғары аймақтар болып табылады. Қауіптілігі жоғары аймақта болу және онда жұмыстар жүргізу қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Уәкілетті мемлекеттік орган бекiткен тiзбе бойынша қауiптi жүктердi күзету мен алып жүрудi бүкiл жүру жолында жүктi жөнелтушiлер немесе алушылар қамтамасыз етедi.
Жарылғыш, тез тұтанғыш, радиоактивтi, улы және басқа қауiптi жүктердi жөнелтушi және алушы клиенттер оларды тасымалдау қауiпсiздiгiне кепiлдiк беруге, жүктердi тасымалдау кезiнде апат жағдайларынан алдын-ала сақтандыруға, сондай-ақ авариялар зардаптарын жоюға қажеттi құралдар мен жедел қимылдайтын бөлiмдердi ұстауға мiндеттi.
Көлiк, оның iшiнде Қазақстан аумағында орналасқан немесе оны кесiп өтетiн шетел көлiктерi мен көлiк құралдары қызметi процесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген адам өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптар сақталуға тиiс.
Айрықша жағдайларда бұларға геология мен жер қойнауын қорғаудың уәкiлеттi мемлекеттiк органының рұқсаты бойынша жол берiледi.
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар табиғат қорғау шараларын жоспарлауға, ұйымдастыруға және қаржыландыруға, айналадағы табиғи орта мен жер қойнауын қорғау саласында өндiрiстiк және ведомстволық бақылау жасауға мiндеттi.
Тасымалдаушылар айналадағы ортаны, әуе бассейнiн, су қоймаларын, жердi қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнiнде белгiленген нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Айналадағы ортаға келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жауапты болады.
Метрополитеннің қауiптiлігі жоғары аймағында болу және онда жұмыстар жүргiзу қағидаларын жергілікті атқарушы орган бекітеді.
24-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет