Іс әрекеттің жемісті түрлерін дамыту. Бейнелеу іс әрекеті. Құрастыру іс әрекеті. Іс-әректеттің жемісті түрлерін дамыту



бет2/2
Дата14.03.2023
өлшемі33,34 Kb.
#74300
1   2
Байланысты:
Іс әрекеттің жемісті түрлері

Құрастыру әрекеті. Құрастыру - белгілі мақсатқа бағыштаған процесс. Оның нәтижесінде белгілі бір шынайы зат алынады. Бұл тұрғыда алғанда құрастыру жемісті іс-әрекеттің (сурет салу, жапсыру) басқа түрлеріне ұқсас. Сонымен бірге құрастырудың өзіндік талаптары бар. Осы іс-әрекет процесінде қандай да бір құрастырманы жасау үшін кез келген бөлшектерді өз қалауынша біріктіре салуға болмайтындығын бала түсіне бастайды. Тіректі бөлшектерді жеке бөлу керек, әйпесе құрастырма орнықпайды.
Сурет салуға қарағанда құрастыру іс-әрекеті мүлдем басқаша ұйымдастыруды талап етеді. Мәселен, көтергіш кранға қараған бала өз қабылдауында алдымен оның көзге түсетін бөлшектерін, яғни жүк ілінген иінді, кран басқарушы отыратын кабинаны кранды жүргізетін доңғалақтарды өзгеден бөле қарайды. Кранды бейнелегенде бала иінді кабинаға қосарлай салады, сосын кабинаға доңғалақтар суретін тіркейді. Суретте бұл қате сияқты көрінбейді, өйткені сыртқы ұқсастық пен кранның атқаратын қызметі мүлде қанағаттанарлықтай күйде берілген.
Алайда кран туралы өзінің осындай ұғымын сурет арқылы берген бала кранды құрастыруға кіріскенде өз ұғымының қате екенін біледі. Мысалы, иінді тікелей кабинаға бекіткісі келіп ниеттенгенде сәтсіздікке душар болады: кран аударылып қалады. Доңғалақтарды кабинаға тіркестіргенде бала тағы бір сәтсіздікке ұшырайды. Құрастыру іс-әрекеті балаға заттың бөлшектері тек көрініс бойынша ғана емес, сол заттың өзінің ішкі қисыны арқылы да өзара байланысты екенін ашады. Егер заттың биік әрі шығыңқы бөлшектері болса, онда олардың бәрін теңестіретін ауыр тұғыры болуы тиіс. Мәселен, кранның ауыр тұғыры, яғни платформасы болуы тиіс. Доңғалақтар платформа ернеуіне бір-бірінен алысырақ бекітілсе, соғұрлым кран орнықты болады.
Құрастыру іс-әрекеті бұл істің өз тәсілдерін құрастыруды тұрғызумен тексеруде өз тәсілдерін талап етеді.
Құрастыру нәрестені көріп, оның атқаратын қызметін түсіне білуді дамытады, құрастыратын заттың түрлі бөлшектерінің қасиеттері жөнінде едәуір толығырақ түсінік алуға мүмкіндік береді. Бір нәрсені құрастырғанда бала өз тәжірибесі арқылы кейбір бөлшектер кез келген күйде ал басқалары тек белгілі бір қалыпта ғана орнықты болатындығына, бөлшектерді түрліше ұштастырғанда орнықтылықтың да түрліше болатынына көзі жетеді. Мысалы, ылғи пластиндерден берік құрылыс тұрғызуға болмайды, ал текшелер мен пластиндерді ұштастыру арқылы берік үй тұрғызуға болады.
Құрастыру процесінде бала бөлшектердің белгілі бір формасы мен салмағына белгілі құрастыру қасиеттері сәйкес келетінін біледі. Мысалы, текшені қай жағынан қойса да орнықтылығы бірдей болады, ал төрт қырлы кеспелтек бөлшек оны жақтауларының біріне қойғанда ғана орнықты, тікейтіп қойса ол өзінің орнықтылығынан айырылады. Биік орнықсыз затқа беріктік беру үшін оны ауыр орнықты бөлшектермен қысып қою қажет.
Құрастыру іс-әрекетінің төмендегідей типтері ажыратуға болады:
1) үлгі бойынша құрастыру;
2) шарттар бойынша құрастыру;
3) ойлау арқылы құрастыру.
Құрастырудың бірінші типі- үлгі бойынша құрастыру. Балаларға өздерінің жасаған құрылыстарында үлгінің орнын алатын белгілі бір затты жасап шығу ұсынылады. Үлгі бойынша құрастыру түрліше өтеді. Ең қарапайым түрі балалардың көзінше үлгіні жасап шығару болып табылады. Бала үйді, самолетті, жүк машинасын немесе басқа бір затты құрау процесін көріп отырады. Мұнда ол үлгіні құрастырған жеке бөлшектерді жақсы ажырата білуге мүмкіндік алады.
Құрастырудың біраз күрделіленген түріне бала өз көзімен көретін жинақталған үлгі жатады. Бұл жағдайда баланың алдында жинақталған бөлшектерді ажырата білу сияқты ерекше міндет тұрады. Сондықтан құрастырудың басты кезеңі- үлгіні тексеру. Тексеру процесінде құрастырылатын зат жөнінде баланың біраз дұрыс ұғымы қалыптасады. Үлгіні тексердің негізгі принципі- ірі, басты бөлімдерін және олардың өзара орналасуын талдау. Мысалы, бала жүк машинасын құрастыру алдында оның негізгі бөлімдерін (моторды, кабинаны, кузовты, шассиді) ажырата білмей құрастыруды ұсақ бөлімдерінен бастаса, онысынан ақырында ештеңе шығара алмайды. Құрастыру іс-әрекеті баладан үлгінің негізгі бөлімдерін ажырата білуді алап етеді.
Бөлшектелген үлгі бойынша құрастыру, құрастыру іс-әрекетінің меңгерудің басында, бала тексерудің алғашқы дағдыларын игере және үлгінің негізгі бөлшектерін ажырата білу кезінде мәнге ие болады. Бөлшектелген үлгі бойынша ұзақ уақыт бойы құрастыру кейін тікелей пайда келтірмейтін болады, өйткені үлгіні дәл көшірумен құрастыру міндеті тамандалады.
Үлгіні дәл көшіруден тұратын іс-әрекет құрастыру міндеттерін творчестволық жолмен шешу іскерлігін дамыта алмайды. Бұл мақсатқа тұтас үлгі (жеке бөлшектерге аыратылмаған) бойынша құрастыру сәйкес келеді, мұнда бала тексеру нәтижесінде үлгіні қандай бөлшектердің жәрдемімен құрауға болатындығын анықтауға тиіс. Мысалы, бала кішкене текшелерден үй тұрғызуға тапсырма алса, ал үлгі картоннан желімделген модель болса, онда бөлшектерді тандап алғанда модельді жасап шығаруға болатындығының міндеті баланың алдында өзінен-өзі пайда болады.
Сурет түрінде берілген үлгі баланың бұдан да көбірек ойлануын талап етеді. Мұнда жасық бейнелеу негізінде үш өлшемді құрастыру міндеті баланың алдында тұрады. Мұндай міндет баладан бейнелеуден шынайы болмысты көру қабілетін талап етеді.
Сонымен, үлгі бойынша құрастыру- баланың құрастыру іс-әрекетінің дамуындағы қажет және басты саты.
Құрастыру іс-әрекетінің екінші типі- шарт бойынша құрастыру. Құрастырудың бұл типінің өзіндік ерекшелігі бар: бала құрылысты үлгінің негізінде емес, ойынның не тәрбиешінің қойған міндеттері негізіндегі шарттар бойынша тұрғыза бастайды.
Шарт бойынша құрастыру баладан өз іс-әрекетін айқын ұйымдастыруды талап етеді, ол творчествосы мен инициативасының дамуына себепші болады. Мысалы, құрылыс материалынан балалар суреттерінің стендісін тұрғызуға (көрме ойынында) тапсырма алған бала, сонымен бірге құрылыс материалын таңдап алуға да, одан жасалған стенд суреттердің өлшеміне сәйкес келетіндей әрі орнықты, ал оның жекеленген бөлшектері формасы мен түсі жағынан әдемі таңдалып алынған болуына да міндет алады.
Шарт бойынша құрастыру баланы шарттармен санасуға үйретеді. Баланың іс-әрекетін тәртіпке келдіреді. Мысалы, төрт үйшікті айнала шарбақпен қоршағанда, бір үйшік (бұлардың ішіндегі ең үлкені-түлкінің үйшігі) қалған үш үйшіктен (қаздардың үйшіктері) бөлек қоршаулы қажет екені жөнінде тапсырма алған бала үйшіктерді бір орнынан екінші орынға ауыстыруға хақы жоқ екенін, олардың тұрған орнын алып жатқан шарбаққа лайықтап үйлестіруге болмайтынын түсінеді,
Шарт бойынша құрастыру баланың түрлендіру ынтасын дамытады.
Мектепке дейінгі балаға бір шарттың өзін негізге ала отырып әр түрлі шешім қабылдау төтенше қызғылықты: үйшіктерді түрліше қоршау, өзен арқылы көпірді түрліше салу, үйлердің түрлі типін тұрғызу осының мысалы бола алады.
Біртіндеп күрделене беретін құрылыстардың тұтас қатарын жасау балаға ұнайды. Мысалы, биік те аласа, кең де тар, ұзын да қысқа т.б.үйшіктерді тұрғызу балаларды үйшіктердің түрлі типтері жөнінде жалпыланған іскерліктерін қалыптастырады. Бұл шынайы творчестволық құрастыру негізін жасайды. Балалар қандай да бір ойын барысында қажет болатын үйшіктерді оңай тұрғызады, өздері салған құрылыстарда түрліше мақсаттарды оңай іске асырады.
Егер баланың құрастыру тәжірибесі аз болып, дер кезіңде үлгі бойынша құрастыруды үйренбеген болса, ол шарт бойынша құрастыру кезіңде үлкен қиыншылықтарға тап болады. Шартқа сәйкес келетін жаңа бір нәрсені тұрғызу қажеттігі туғанда бала әдеттегінше құрылыстың шартқа аз сәйкес келетін, өзіне белгілі түрін тұрғызуға кірісе бастайды, өйткені құрылыстың типтері жөнінде оның жалпыланған іскерлік әлі де қалыптасқан жоқ.
Құрастыру іс-әрекетінің үшінші типі- ойлау бойынша құрастыру. Құрастырудың бұл типін баладан ойын іс-әрекеті талап етеді. Ойын үшін тек арнаулы құрылыс материалынан (мысалы текшелерден) ғана емес, сонымен бірге мебель, тақтай, таяқ, зонт, матаның қиықтары сияқты баланың төңірегіндегі заттардан құрылыс туғызуға тура келеді. Ойын көбіне баланың тек өз асы ғана пайдаланатындай құрылыс тұрғызуды да талап етеді. Балалар ойындарында өздері ішіне орналасатындай үйлер салады, отырып алып жүзіп кететіндей карабльдер мен баржалар жасайды.
Ойында салынған құрылысты пайдалану балалардың құрастыра білуіне үлкен практикалық мән береді және құрастырудың сипатын өзгертеді. Балалар өздерінің салған құрылысын белгілі бір нәрсеге ұқсас болу үшін ғана емес, сонымен бірге өздері осы құрылыспен ойнау үшін де құрастыра бастайды.
Мұндай жағдай балалардың құрастыру процесіне өзгеше көзқарасын тудырады: балалар ойланған ойынға оның ерекшеліктері сәйкес келетіндей құрылыстарды салуға тырысады.
Ойын үшін құрастыру балаларды біріктіреді. Құрастыру процесінде балалар құрылыс жоспарын бірлесе талқылауды, ортақ келісімге келуді, өздерінің тілектерін көпшілік қолданған құрастыру ойына бағындыруды және құрылыстың неғұрлым сәтті варианты жөніндегі өз ойларын қорғауды үйренеді. Балалар салып бітірген құрылысты т.б. Қайта құрастыруды үйренеді.
Үлгі, шарт, ойлау бойынша құрастыру бір-бірін тура алмастыратын кезеңдер емес. Құрастырудың барлық типтері міндеті мен жағдайына байланысты кезектесіп отырады. Әтсе де құрастырудың әр типі баланың өзіне тән қабілеттерін дамытады.
Құрақ құрау мен жапсыруды жеке атау қажет. Бұл да жемісті іс-әрекеттің екі түрі болып саналады. Олардың психологиялық мәні бейнелеу және құрастыру іс әректінің мәніне ұқсас. Сурет салу, құрастыру, жапсыру және құрақ құраумен белсене шұғылдану арқасында балада ненің тындырылуы қажет екенін күні бұрын көзге елестету қабілеті, іс-әрекетті жоспарлау қабілеті дамиды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет