Іс әрекетті зерттеу жазбалары



бет1/5
Дата30.04.2022
өлшемі450,61 Kb.
#32884
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
РЕФЛЕКЦИЯ ЖАКСИЛИКОВА


Іс әрекетті зерттеу жазбалары

Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Жаксиликова Гулнур Бердигалийкызы

Зерттеуге алынған оқушы : 2 “Б” сынып оқушысы Жұмабай Жандарбек

Тақырыбы: Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың жазылым дағдыларын жақсарту жолдары

Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың болашағы – ұстаздардың қолында. Олай болса, еліміз дамыған 30 елдің қатарына ену үшін шығыспен шынайы, батыспен байыпты, түстікпен түсінікті тіл табыса алатын, өзіндік пікірі қалыптасқан, жан-жақты жетілген тұлға қалыптастыру ұстаздар қауымының еншісінде екені айтпаса да түсінікті.

 Оқытушылар үшін іс-әрекеттегі зерттеу практикалық тәжірибені пайдалана отырып, одан әрі өсу және оқуды жалғастыру тәсілі болып табылады.Сонымен, іс-әрекетті зерттеу бұл- әрекеттер мен олардың салдарын жүйелі түрде зерттеумен қоса, оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында іс-әрекетті орындау үдерісі.

«Алматы облысы Білім басқармасының Қарасай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2 Б сынып оқушысы Жұмабай Жандарбекті іс-әрекетті зерттеу аясында зерттеуге алдым. Іс-тәжірибие кезіңінде зерттеу тақырыбымды анықтап алу үшін, өзім сабақ беретін 2 "Б"сыныбының білім сапасының төмендігін ескере отырып, зерттеу жүргізу керек екенін түсіндім. 2 "Б"сынып оқушыларынан сауалнама алғанымда ең төменгі көрсеткіш көрсеткен оқушы Жұмабай Жандарбек болды. Жандарбекті жан-жақты бақылап жүріп, оның жазу үлгілерінде өте көп қәтелер бар екендігін, сөздерді тасымалдап жазуға қыйналатындығын, ағылшын тілінде сөздерді дұрыс жаза алмауын және жазуда көп бояп жазатындығын байқадым. Сол себепті , мен зерттеу жұмысымды жазылым дағдысымен байланыстыру үшін “Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың жазылым дағдыларын жақсарту жолдары” тақырыбын таңдадым. Себебі: Үлгерімі төмен оқушының жазу барысындағы қәтеліктерін жөндеу және жазылым дағдысын дамыту мақсатында осы оқушыны зерттеуге алдым. Жалпы денсаулығы жақсы, түр келбеті : әдемі, орта бойлы . Мінезі бір қалыпты, сабақта белсенді емес, бірақ қәте болсада білгенін айтуға тырысады. Оқуды қабылдау , есте сақтау қабілеті жақсы. Жазу барысында ағылшынша сөздерді дұрыс буынға бөле алмайды, сөздерде көп қәтелеседі және жазуы орташа түсінікті.

Отбасында 8 адам тұрады : Әкесі , анасы , өзі, 5 бауыры. Жандарбек отбасында ең кенже бала. Ол отбасы мүшелерімен жақсы қарым –қатынаста. Осы оқу жылы қашықтық оқу форматта болғандықтан , сабаққа деген ынтасы бәсеңдеп кетті, жазуы нашарлады. Сабаққа кейде қатыспайды. Бұл әс-әрекетті зерттеу бойынша осы тақырыпты таңдауымдағы себебі

Оқушы туралы мәлімет



Оқушының

аты - жөні



Үлгерім деңгейі

Күтілетін жетістіктер деңгейі

Жетістіктер жөніндегі деректер

1

2 “Б” сынып

Оқушысы


Жұмабай Жандарбек

Үлгерімі төмен, жазу барысында көп қәте жібереді

Жазылым бойынша тапсырмаларды дұрыс орындай алмайды

Олимпиада




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет