Саралау тәсілдері: Оқушылрадың қажеттіліктеріне, білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды беруде саралау тәсілі қолданылды.
Тапсырманы орындау барысында оқушылар жұпта диалогарқылы, топта қолдау көрсету арқылы саралау тәсілі қолданылды.
Оқушылардың тапсырманы орындау жылдамдығына байланысты қарқын тәсілін қолдандым, мұнда жылдам орындаған оқушының көмек қажет ететін оқушыға көмек беруін ұйымдастырдым.
Тапсырмалардағы дескриптор бойынша бағалау арқылы саралаудың Бағалау тәсілі қолданылды.
Рефлексия. SWOT - талдау әдісі: Оқушыларға парақ таратылады. Кесте бойынша сабақта әр оқушы өзінің Күшті жақтарын, Әлсіз жақтарын, Мүмкіндіктерін, Қауіптерін жазады
Мақсаты: Оқушының бір мәселе бойынша ойлау, талдау, салыстыру қабілетін дамыту. Өз пікірін ашық айту.
Тийімділігі: Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі.