Сыныптағы саралау жұмыстарында тапсырма, дерек көздері, баяндау, түсіндіру әдістері қолданылады.
Оқушылар бірлескен топтарда топтық жұмыстарда, жұптық жұмыстарда бірін- бірі қолдайды. Көшбасшы оқушылар топты ұйымдастырып алға жетелеп отырады. Қабілеті төмен оқушыларға егер қажет болса, қосымша көмек көрсетіледі және уақыт беріледі. Оқушылардың деңгейіне байланысты деңгейлік тапсырмалар дайындалып, сараланып жеке қабілеттері ескерілді. Әр оқушыдан күтілетін нәтиже әртүрлі болады. Тұйық, ұяң оқушылардың белсенділігі арту үшін, сабақ үстінде белсенді оқушымен жұмыс жасауын қамтамассыз ету. Электронды дереккөздерден құрастырылған «Өткен сабаққа шолу» тест өткен сабақты қалай меңгергенін білу мақсатында қолданылады. «Қызығушылығын ояту» стратегиясы арқылы жаңа тақырыпты ашу оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға жетелейді.
«Ой қозғату» әдісі дайындалған тапсырмалардың көмегімен оқушылардың жаңа сабақты қалай игергендері жайлы түсінік қалыптастыру. «Сәйкестікті тап» таратпа қағаздар арқылы берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру. Қарқыны жылдам, дереккөздермен жұмыс істей алатын кейбір оқушылар үшін С деңгейінде тапсырмалар табыс критерий бойынша жеке бағаланады.
|
«Бағдаршам», «Бас бармақ», «Фигуралар арқылы», «Смайликтер» арқылы бағалаймын. Оқушыларға әртүрлі деңгейде тапсырмалар орындатамын, кеткен қателіктерін түсіндіріп, түзетіп отырамын. Топпен жұмыс жасауда дұрыс бағдар беремін.
Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісінде оқушыға не қызықты, не қиын, нені меңгермегенін анықтап, алдағы уақытта түсінбеушіліктерін жою қарастырылады.
|
Сабақ басталмас бұрын оқушылардан қауіпсіздік техника ережелерін сақтау ескертіледі. Компьютермен жұмыс жасау кезіңде сақталатын қауіпсіздік ережелерін айтамын. Оқушылар бір бірлеріне кедергі жасамау керек. Мұғалімнің рұқсатынсыз артық заттарға тиісуге болмайтыны, артық сөз айтпау керектігін ескертемін. Сергіту сәті кезінде дене мен қимыл қозғалысты әуенмен орындайды.
|