7.1.4.1- көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту;
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады:
Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін анықтайды , үзінділерді жатқа айтады ;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін анықтайды , үзінділерді мәнерлеп жатқа айтады
Кейбір оқушылар орындай алады:
Жедел сұрақтарға жауап береді, көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін анықтайды, мысалдар келтіріп, дәлелдейді. Үзінділерді мәнерлеп жатқа оқиды
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы 5 мин
. Қызығушылықты ояту «Жедел сұрақтар» ойыны Жыр бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
«Қыз Жібек» жыры қандай жыр? (Лиро-эпостық жыр, ғашықтық жыры)
«Қыз Жібек» жыры алғаш рет қашан, қай жерде жарық көрді??
Базарбай баласына неге теріс бата береді? (Айтқан тілін алмағандықтан.)
Жырдың туған жері неліктен Батыс Қазақстан болып саналады? (Жырда осы өңірдің жер-су аттары аталады.)
Неліктен Төлеген Жібектің еліне жалғыз аттанады? (Оның қасына серіктестері әкесінен қорқып ілеспейді.)
Бекежан Төлегенді не себепті өлтірді? (Төлеген өлсе, Жібек өзіне қарайды деп ойлайды.)
«Қыз Жібек» көркемфильмі қай жылы түсірілді? Режиссеры кім? (1970 жылы, режиссеры – С.Қожықов)
«Қыз Жібек» атты алғашқы қазақ операсы қай жылы, қай жерде қойылды? Композиторы кім? (1934 жылы Алматы опера және балет театрында, композиторы – Евгений Брусиловский)
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасайды.
Бірін –бірі бағалап отырады.
Тұлға суреттері,
сұрақтар.
Сабақтың ортасы 35 мин
Мағынаны тану Сыныппен жұмыс
Кейіпкер бейнесі деген ұғыммен таныстыру.
«Қыз Жібек» жырының авторы – белгісіз ақын.
Автордың мақсаты – бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббат тарихымен таныстыру.
Кейіпкерлер бейнесі осы шығармада ойлары мен сезімдері арқылы көрініс табады. Шығарма сюжеті мен кейіпкерлер сөзі арқылы оның қандай сезімде болған кейіпкер екенін анықтауға болады: аңсау, күйіну, сүйіну, мақтаныш, шошыну, таңғалу, таңырқау, масаттану, жиіркену, қолдау, жақтырмау..
Кейіпкер бейнесі деген ұғыммен танысады
Слайдтар
Жұппен жұмыс 1- тапсырма «Қыз Жібек» жыры- қазақ фольклорының інжу-маржаны фильм туралы бірір сөз . ·
2- тапсырма«Шың» әдісі бойынша кейіпкерлер бейнесіне талдау жасайды.
Жібек пен Төлеген ·
Төлеген мен Бекежан ·
Сансызбай мен Хорен ·
Сырлыбай мен Базарбай
Бағалау критерийлері: ·
Эпизодтардан үзінді келтіріп, кейіпкерлер бейнесіне талдау жасай алады. · Жағымды, жағымсыз қасиеттерін дәлелдей алады.
Концептуалды кесте
Жырдың кейіпкерлері
Адамгершілік ұстанымдары
Менің ойым
Өз ойларын ортаға салады.
Жырдағы басты оқиғаларды анықтай алады, басты кейіпкерлерге баға бере алады.
Жұптық бағалау
Сабақтың соңы 5 мин
Кері байланыс «Маған ұнаған жауап...» әдісі арқылы кері байланыс береді.
Мұғалім бағалауы
Үйге тапсырма: Лиро-эпостық жырлар«Қыз Жібек» жырын оқиды. Салт-дәстүрлерді тауып жазады.