Исаак Ньютонның өмір жолы



бет2/3
Дата10.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#135529
1   2   3
Исаак Ньютон, ағылш. Sir Isaac Newton ( 4 қаңтар 1643 жыл — 31 наурыз 1727) — ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы, Корольдік қоғамның мүшесі . Оның 1687 жылы жарық көрген Табиғи философияның математикалық бастамалары (латынша: «Philosophiæ Naturalis Principia Mathematica») деген кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады. Осы еңбегінде Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын және қозғалыс заңдарын тұжырымдап, содан кейінгі үш ғасырда үстемдік еткен және қазіргі заманғы инженерлік ғылымның негізі болып табылатын классикалық механиканың негізінін қалаушысы. Ньютон өзінің тартылыс заңы мен Кеплердің ғаламшарлар қозғалысының заңдарының арасындағы сәйкестікті дәлелдеп, жер бетіндегі заттардың қозғалысы мен аспан денелерінің қозғалысы бірдей заңдарға бағынатынын көрсетті. Осылайша ол гелиоцентризм туралы соңғы күмәнды сейілтіп, ғылыми революцияның басын бастап берді.
Механикада Ньютон импульстың және бұрыштық импульстың сақталу заңын алға тартты. Оптикаға қосқан үлесі: ол рефлекторлы телескоп жасап шығарып, үшбұрышты призманың жарықты көзге көрінетін жеті түске бөлетінін ашты. Ол Ньютонның суу заңын тұжырымдап, дыбыстың жылдамдығын зерттеді.
Математикада Ньютон Готтфрид Лейбницпен қатар дифференциалдық және интегралдық санақты ойлап шығарды. Сонымен қатар ол биномдық теореманы көрсетіп, функцияның нөлін шамалауға қолданылатын Ньютон әдісін тапты. Дәрежелік қатарларды зерттеуге де үлес қосты.
Ньютонның дінге деген қызығушылығы да зор болды, оның діни еңбектері көлемі жағынан ғылымға қосқан үлесінен үлкен.
Денелердің Орталық күш әсерінен қозғалу траекториясы конустық қима болатынын, оған себеп барлық планеталар мен кометалардың Күнге, ал планета серіктерінің өз планеталарына ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал күшпен тартылуы екенін дәлелдеп, бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Физикада Ньютон қызған денелердің суыну заңын, ақ жарықтың монохромат сәулелерге жіктелуін, сфералық мөлдір денелердің түйіскен нүктесінің айналасында интерференц. сақиналардың пайда болатынын, т.б. ашты. Ол – термометрді ойлап шығарған алғашқы ғалымдардың бірі.[1] Астрономияны телескоптық бақылау мен математикаға сүйенетін жаңа ғылыми сатыға көтерді. Өзі жасаған екі айналы телескоп арқылы (1668 жылғы) аспан құбылыстарын тікелей бақылады. Аспан денелерінің қозғалыс теориясын жасап, аспан механикасының негізін салды.[2] Ньютонның астрономиялық еңбектері механика мен физикадағы табыстарына ұштасып жатады. Математикада дифференциалды және интегралдық есептеулерді (Готфрид Вильгельм Лейбницке тәуелсіз) ойлап тапты, шамалардың ең үлкен және ең кіші мәндерін табу, қисық сызыққа жанама жүргізу, қисық сызықтың ұзындығын, жазықтықтағы тұйық сызықтың қоршайтын ауданын табу, функцияларды қатарларға жіктеу, т.б. жаңалықтар ашты. Бұлар математикалық анализдің негізі болып табылады. Ньютонның ғыл. шығармаларының жинағы 5 том болып 1779 – 85 жылы Лондонда латын тілінде басылған.[3]
2005 жылы өткізілген сауалнамаға сұралғандардың көпшілігі Ньютонның ғылым тарихына жасаған ықпалы Альберт Эйнштейндікінен әлдеқайда күшті болған деп ойлайтындарын айтқан.[4]

Ньютон ашқан жаңалықтар

Ньютон деген кезде естеріңізге бірден басына алма түсіп, оның тартылыс заңын ашқаны түсетін шығар. Алайда оның ғылымға әкелген жаңалығы тек мұнымен шектелмейді. Олай болса, назарларыңызға ұлы ғалымның ғылымға енгізген жаңалықтарын ұсынамыз. 

Адамзат тарихындағы ғылымның ең үлкен жаңалығын ашқан XVII ғасырдың ұлы ғалымы Исаак Ньютон 1642 жылы Англия елінде дүниеге келеді. Бала күнінен механика саласында қабілеттілігімен көзге түседі. Мұнымен қатар жаңа ақпаратты жылдам қабылдайтын болған. Өзінің ақылды екенін білсе де, мектептегі құрбы-құрдастарынан ерекшеленгісі келмеген. Ал анасы баласын болашақта ауыл шарушылығымен айналысады деп оқудан шығарып алады. Көп ұзамай жасы он сегізге толғанда Кембридж университетіне оқуға түсіп, сол жерде математика, жаратылыстану ғылымдарымен айналысады. Ньютон 21-28 жасында өзінің негізгі теориялық дерегімен ғылым тарихында үлкен төңкеріс жасады. Осындай жетістіктерді ескере отырып, XVII ғасырдың орта кезеңі Өркендеу уақыты саналды. Сол дәуірдегі телескоптың ашылуы астрономия ғылымына жаңалық болды. Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон мен француз философы Рене Декарт Еуропаны жеке ізденістермен айналысуға шақырды. Ал Галилейдің телескоппен жасаған зерттеуі мен тәжірибесі Исаакты Ньютонды механиканың бірінші заңын ашуға итермеледі. Бұдан өзге тарих ғылымына елеулі өзгеріс алып келгендердің саны артты. Мысалы, Гарвей медицина саласында қан айналымын, Кеплер Күнді айналатын ғаламшар қозғалысы заңын ашты. Осылайша ғалымдар ғылымның әлемді түпкілікті өзгерте алатынына көз жеткізді.


Жоғарыда көп ғалымды атасақ та, Ньютон үнемі қоғамға өзі жасаған тәжірибе қорытындысын жариялап отырды. Ең алғаш құрастырған тұжырымы 1669 жылы шығып, артынша оған өзгертулер енгізді. Құрастырған басты концепциялары 1669 жылы шықты, ал өзге зерттеулері кешірек жарық көрді. Алғашқы жұмысы ретінде табиғат жарығы туралы керемет кітабы өмірге келді. Көптеген зерттеу сынағын жүргізіп, Ньютон жай ақ түстің өзі кемпірқосақ түстерінің қосындыларынан құралғанын анықтады. Мұнымен қатар 1668 жылы рефрактор телескопын жасап шығарды. Оны қазіргі таңда аспан денелерін зерттейтін обсерваторияда қолданады.

Ұлы ғалым барлық ғылыми жаңалығы мен ашылуларын 29 жасында Британия корольдік ғылыми қоғамында баяндайды. 23-24 жасында математика саласындағы басты еңбегі – дифференциалды және интегралдық есеп. Бұдан кейін ғалымдардың барлығы дерлік Ньютонның осы зерттеуіне сүйенеді. Бәрін айт та, бірін айт демекші, Ньютон басты жаңалығын механика ғылымына енгізген болатын. Ол классикалық физиканың негіздемесі болып есептелетін механиканың екінші заңын ойлап тапты. («F=mа» - денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал). Және оның үшінші заңы әрекет етуші күшке әрқашан қарсы бағыттағы күш бар және тең болатынын дәлелдеді. Бұдан өзге 1687 жылы жарық көрген «Табиғи философияның математикалық бастамалары» деген кітабында бүкіләлемдік тартылыс және қозғалыс заңын тұжырымдап, қазіргі инженерлік ғылымның негізі болып табылатын классикалық механиканың негізін қалады.

Ньютонның бірінші заңы



Исаак Ньютон (1643-1727)


Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдан бастап, жиырма ғасырға созылған уақыт бойы гректің ұлы ойшылы Аристотельдің және оның жолын қуушылардың идеясы үстемдік етті. Олардың көзқарасы бойынша, дене тұрақты жылдамдықпен қозғалуы үшін оған үнемі басқа дене әрекет етуі керек деп есептелінді; дененің табиғи күйі — тыныштық деп саналды.
Алғаш рет италиян ғалымы Галилео Галилей (1564—1642) ғасырлар бойы қалыптасқан бұл қағидадан бас тартты. Ол өзінің жүргізген керемет тәжірибелері негізінде Аристотель мен оның жолын қуушылар ілімінің жалған екенін дәлелдей білді. Ол денелердің горизонталь жазыктықтар бойымен қозғалысын зерттей отырып, егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады деген қорытындыға келген болатын. Бұл — инерция заңы. И. Ньютон инерция заңын механика негізіне енгізді, сондықтан бұл заңды 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет