Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді, бақылайды.
|
«ДЖИГСО» әдісі: Топтық жұмыс. Мәтінді оқып, топта талқылайды. Топтар арасында ақпарат алмасады.
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші, бағыттаушы, түрткі сұрақтар қойып, қолдау көрсетеді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ
|
Жеке жұмыс
|
Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады. Нұсқау, бағыт-бағдар, қолдау көрсетеді.
|
1. Жасушадағы органикалық заттың (глюкоза) ыдырау типі мен алатын энергия мөлшері арасындағы байланысты анықтайды.
2.Химиялық формулалары бойынша энергия алу үшін жасушадағы глюкозаның ыдырау әдістері туралы айтады.
|
Дескриптор:
1.Оқулықта берілгени ақпаратты пайдаланып, химиялық формулалар құрастырып, есептеулер жүргізеді.
2. Аэробты және анаэробты ағзаларға мысалдар келтіреді. Анаэробты ағзалар қозғалуға аз энергия жұмсайтынын дәлелдейді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ
|
Жұптық жұмыс
|
Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады. Нұсқау, бағыт-бағдар, қолдау көрсетеді.
|
1. Химиялық формулалар мен энергия мөлшерін санмен белгілеуді біріктіретін жасушаның энергия алу сызбасын сызады.
2.Аэробты және анаэробты алмасу үдерістерін талдайды. Олардың бір жасушадағы, эволюция мен биосфереадағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
|
Дескриптор:
1.Сызба сызады
2. Талдау жасап айырмашылықтарын анықтайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|