Жұмыс барысы
1. Араланған сүйектің макроскопиялық құрылысын қарайды . Мынадай элементтерді анықтаңдар:
– тығыз сүйек заты;
– кемікті зат – оның пластиналары қай бағытта орналасқанына назар аударыңдар;
– сүйекқапты табыңдар. Оның қабатын тығыз заттан бөлуге бола ма?
– сүйек басынан гиалинді (тегіс шеміршекті) табыңдар;
– қуысты – сары сүйек кемігін табыңдар;
– зерттелетін сүйек типтерін анықтаңдар.
2. Сүйектің микроскопиялық құрылысын қараңдар. Мынадай элементтерді анықтаңдар:
– сүйек цилиндрлерінің пластиналары;
– остеоциттер және олардың өсінділері;
– остеондардың орталық қуысы.
3. Сүйектің үш: күйдірілген, кальцийсіздендірілген және өзгертілмеген (табиғи) типтерінің қасиеттерін көрнекі түрде зерттеңдер.
– Барлық үш сүйекті созып көріңдер. Кальцийсіздендірілген сүйек қандай қасиетке ие?
– Барлық үш сүйекті иіп көріңдер. Күйдірілген сүйекті игенде не болады? Ол қандай қасиетке ие?
Зерттеу жүргізу барысында алынған мәліметтерді кестеге толтырыңдар. Сүйектің қасиеттері неге өзгергені туралы қорытынды жасаңдар.
Дескриптор:Жалпы-3 балл
1Зертханалық жұмысты орындайды
|