Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.
|
Дескриптор: Жалпы-3 балл
1. Гормондар арқылы гуморальды реттелуді сипаттайды.
|
Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру
|
|
Білу,түсіну және қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады
|
1. Ішкі және аралас секреция бездерінің орналасуын сипаттап көрсетеді.
2. «Гормон», «бездер», «секрет» сөздеріне анықтама береді
3. «Гормон, секрет, өзегі, сыртқы секреция, ішкі секреция» сөздерінің
арасында қандай байланыс бар?
|
Дескриптор:
Жалпы-3 балл
1.Суреттерді талдайды.
2.Тапсырмаларға жауап береді.
|
ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Талдау және синтез айдарындағы тапсырмаларды орындатады
|
1. Адам ағзасының өздерің білетін бездерінің қызметін сызба түрінде түрлі түспен бейнелейді.
2. Неге ішкі және сыртқы секреция бездері сөлдерін сұйықтықтарға бөледі? Өз пікірлерін айтады.
3. Мысалдар келтіріп, дәлелдеңдер
|
Дескриптор:
Жалпы -3 балл
1.Тапсырманы орындайды.
|
ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|