Ќысќаша µмірбаяны



Pdf көрінісі
бет23/29
Дата07.03.2023
өлшемі393,22 Kb.
#72321
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
 
 
 
 
,
Өсекті қожа менен молда айтады
 
 
 
 
.
Басқадан олар тіпті оңды айтады
 
 
 
,
Арасын ағайынның балдай тәтті
-
 
 
, – [1]
Дау жанжал ұрыспенен молайтады
дейді. Онсыз да жоқшылықтың тауқыметін тартқан ел-
жұрттың ішіне іріткі салып, онан сайын бүлдіріп отырған 
қожа-молданың қылығын бетіне басады. Ол дін өкілдерін 
құран қағидаларын дұрыс ұстай алмадың, шарттарын 
жақсылап атқармадың деп жазғырады. Бұл шығармаларды 
талдау барысында Мәшһүр Жүсіп дінді-тәңіріні адамның 
этикалық-адамгершілік табиғатын шектейтін тылсым күш 
емес, оған керісінше тазаруға ықпал ететін фактор ретінде 
толғайды. Дінбұзар дүмшелерге қарсы майдан ашуы да 
осындай азаматтық кредосы мен творчестволық ұмтылысына 
байланысты.
М.Ж. Көпеев, сонымен қатар, дүние мен адамды 
жаратушы тәңірдің құдыретті күші туралы да жазады. Оның 
айтуынша, өзінен тіршілік иесі жоқ кезде құдыретті Алла-
тағала екі түрлі кесектен бірі – еркек қасиетті «Кэфті» 
екіншісі – ұрғашы қасиеті бар «Нонды» жаратқан. Осы екі 
кесектен бүкіл тіршілік тарағанда ұқсайды.
Рас, құдыретті Алла-тағаланың адамзатты екі кесектен 
жаратқаны жайында құранда жазылмаған. Соған қарағанда, 
Мәшһүр Жүсіп бұл пікірді ескі араб не парсы жазбаларынан 
алғанға ұқсайды.
Міне, осындай дінге қатысты ой-тұжырымдары 
Мәшһүрдің жалпы дүниетанымының, философиялық 
топшылауларының дұрыстығын айғақтайды. Мәселен, біз осы 
күнге дейін маркстік идеалистердің «адам маймылдан 
жаратылды» (ендеше, қазіргі маймылдар адамға неге 
айналмайды?! – С.С.) деген пікірін мақұлдап, соны дәлел-
деумен келдік. Ал, ол – жаратылыстың заңы, құдыреттің күшті 
екендігін мойындамадық. М.Ж. Көпеев сияқты ғұлама 
67


ойшылдардың ой-пікірлері бұған қайшы келді. Сондықтан да 
оларға «діншіл», «панисламист» деген айдар тағылып, асыл 
мұраларын оқуға тиым салынды.
Тағы да Мәшһүр Жүсіптің пәлсапалық ұғымдарына 
жүгінейік. Ол ескілікті, наным-сенім жайында да 
топшылауларын ортаға салып, шайтанға қожа-молдалардай 
емес, басқаша түсінік береді: «Гүрілдеп ағып жатқан өзен 
адамның денесіндегі қан. Әй,жігіттер, естеріңде болсын, оны 
«шайтан» дейді. Ол бір кесек нәрсе емес, денеңе арам қан 
болып кіріп, жүрегіңе барып, жүрегіңді толқытып, өзіңді 
бұзады. «Шайтан» сол – қан бұзылса, кісі бұзылады. «Шайтан» 
деген өзіңнің ойың. Ой иесі «шайтан» жүрегіңе неше түрлі ой 
салады...
Олай болса, көп ішіп, көп жеумен екі нәрсе көбейеді. Бірі – 
қарын, бірі – көңіл. Бұл екеуі бойыңда толық тұрғанда – 
тұрғаныңның бәрі – өз басыңа у болғаннан басқа пайдасы 
жоқ. Құнанбайұлы Ыбырай марқұм айтты ғой:
-
 
 
 

,
Өмір дүние дегенің ағып жатқан су екен
-
 
 
 

, –
Жүрген тұрған жұмысың ойлап тұрсаң у екен
деп оның және бір сөзі мынадай:
 
 

 
 
,
Адам бір боқ көтерген боқтың қабы
 
 
 
-
.
Өлсең сасық боларсың боқтан дағы
 
 
 
 
,
Менімен сен тең бе мақтанасың
 
 
 
. [2]
Білімсіздік белгісі сол баяғы
Соңғы ел білімдарлары бұл. Адамды адам санына кіргізбей 
жүрген қарындағы бір қап «жұмбақ» екенін білді де ішіп-
жемекті аз қылды Ол екеу аз болған соң, ұйқы бөлінді, сергек 
болды. Содан соң күлкісі кеміді. Денедегі арам қаны азайды. 
Арам қан азайған соң, жүректі барып, ұйтқытып бұзатын 
дәнеме табылмады. Сонан соң бұл адамнан нәпсі-дәмі бәрі 
атымен жоқ болып, көңілі күш-қуат алып, періште сипатта 
болды. Аз жеуді, аз ұйықтауды, аз сөйлеуді мұрат тұтты,-дейді. 
Сөйтіп, шайтанды ақын дербес малғұн, көзге көрінбейтін 
азғырушы емес, адам денесінде, қанда бар нәрсе деп ұғынып, 
өзінің Абаймен пікірлес екендігін білдірді.
Ел-жұртының тұрмыс-тіршілігіне көңілі толмаған, келеңсіз 
іс-қылықтарына күйінген, жаны жадау ақын көңіл көншітер 
медет іздеді. Бала жастан алған тәлім-тәрбиенің әсерімен 
Мәшһүр бір ғана Хақ-тағалаға табынып, соның ғана 
мархабатына сенді, жан жарасына содан шипа тапты. Ол дін 
68


адалдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейтін бірден-бір құрал 
деп түсінді. Құдай жолы әділеттіліктің ақ жолы деп түсінген ол 
ислам дінін уағыздап, халқына осы бағытта жол сілтеді. 
Құранды, пайғамбар жолын дұрыс, бұлжымайтын қағида деп 
біліп, дін мен ғылымды ұштастыруға талаптанды. Өкінішке 
орай, коммунистік партия үстемдік құрып, өз диктатурасын 
жүргізген дәуірде көбіміз Мәшһүрдің дүниетанымына, 
философиялық ой-тұжырымдарына қатысты пікірлердің 
байыбына барып, тереңіне сүңги алмадық.
Бұл секілді ой-тұжырымдар концепциясы діни-сопылық 
таным-түсінік аясынан алшақ еместігі анық. Мәселен, Құран-
Кәримде Ібіліс-шайтан жайында былай делінген: «Әй, 
мүміндер кім шайтанның басқан іздеріне ерсе, күдіксіз ол 
ұятсыздықты, жамандықты меңзейді (24-Нұр сүресі, 21-аят).
Сөйтіп, Құранда жазылғанға қарап, мұсылман теологтары 
шайтанды Адам-ата мен Хауа-ананы күнәһарлыққа 
итермелеуші деп таниды. Бірақ, бұл іс қайырымдылықтан 
туындаған нәрсе іспетті. Әйтпесе, яғни Адам күнә жасамаса, 
жұмақтан қуылып, жер бетінің иесі болмас па еді, қалай?!
Сопылық таным негізінде шайтанның арбауына ілігіп, 
адамның күнәлі болуы Інжіл мен Құранға қарағанда, басқаша 
түсінікті білдіреді. Нақтырақ айтқанда, сопылар ойынша, 
шайтан Құдайдың жауы емес, қайта адамды сынау ісіндегі 
жақтасы. Жалпы бұл – суфизмде шайтанды ақтап алу 
тенденциясының барын көрсетіп, ол ілімді зерттеушілерге 
негіз болды.
Суфизм теологтары мұндай тенденцияның ислам ілімінің 
көрнекті өкілдері – Мансұр әл-Халладж, Фаридаддин Аттари 
және т.б. сопы шайырлар көзқарастарында көрініс тапқанын 
айтады.
Ал, ХХ ғасыр басындағы Шығыс әдебиетінде шайтанды 
«қатыгездікті жақтаушы мәңгілік күш-қуат иесі» ретінде 
романтикалық сарында суреттеу байқалады. Бұл сарын
әсіресе, классикалық үлгілі туындылар беруші мұсылман 
ақыны – Мұхаммед Икбал шығармасынан айқын көрінеді.
Сондай-ақ, суфизмде әуелден бар бұл тенденцияның сол 
тұстағы қазақ әдебиетінің діни ағартушылық өкілдерінің 
шығармаларында байқалғанын айту ләзім. Мәселен, Мәшһүр 
Жүсіптің «Шайтанның саудасы» атты мысал өлеңін алайық. 
Осы шығармада шайтан образы романтикалық түрде 
бейнеленіп, адамның өз іс-әрекет, қылығының алдындағы 
жауапкершілігі төмендеген. Соның әсерінен, атап атқанда, 
шайтаннан өсек-өтірік, зорлық-зомбылық күншілдік пен 
69


тіленшектікті сатып алған адамдар образы айшықталып, 
сопылық таныммен өзектес тұжырым туындаған. Мәселен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет