Ќысќаша µмірбаяны



Pdf көрінісі
бет2/29
Дата07.03.2023
өлшемі393,22 Kb.
#72321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
– 
 
 
 
,
Күліктің ең үлкені Тілеуімбет

 
 
 
.
Қайратты қайсар екен қайтпаған бет
 
 
 
 
 
-
,
Бір өзінен он алты ұл туып өсіп

 
 
 
.
Соғысып көп қалмақпен болыпты мерт
 
 
 
 
 
 
,
Он алты ұлдың бәрін де қалмақ алған
 
 
 
 
.
Мен өтірік айтпаймын сөзді жалған

 
 
 
,
Бесім Қойтан екеуі тірі қалып

 
 
 
, – 
Мінеки біз солардан нәсіл қалған
деп, Мәшһүр өз ата-тегін осылайша баяндайды» [1,18 б.]
«Алып анадан туады» ... дейді. Тегінде Көпей бабамыз да 
тегін адам болмаса керек. Алтай Қуандық елінде бір аухатты 
адамның керуен басы болып, ұзақ жыл еңбек еткен екен. «Ер 
туған жеріне» демекші сол байдан ұлықсат алып, Қызылтауға 
қайта оралады. Еңбегіне, адалдығына риза болған бай өз туған 
қызын қалыңдық етіп жанына қосып жібереді. Дүние-малға 
еш қызықпаған Көпей бабамыз байдың бермек болған айғыр-
үйірлі жылқысын, тағы басқадай мал-мүлкін алмай аз ғана 
ішіп-жемдікпен жолға шыққан екен. Иә, ендігі айтарымыз сол 
бабамызға бір көрнекті белгі қойылса деген тілек бар. Өйткені, 
сол көп зират ішінде «Көпей зираты» деген басына тас 
жазылып қойған тағы бір «жалған зират» тұр. Ол білместікпен 
қате қойылған. Сондықтан, ескілікті мұраны бұрмаламай, 
әруақ басына жалған белгі қойып қорламасақ дегіміз келеді.
6


«Енді бір ауыз сөз Көпей бабамыздан туған, қайтыс болған 
жылы туралы Мәшһүрдің:
«
 
 
 
 
,
Әкімбек он алтымда алып кетті
 
 
 
Жалғызы Қабылбекке ұстаз етті», –
деп келетін өлең жолдары бар. Міне, Мәшһүрдің туған жылы 
1858 жыл. Ол әкесі «елулерге аяқ басқан кезінде туыппын» деп 
отырады екен. Сонда Көпей 1808–10 жылдары туған болар еді 
де, ал дүние салған жылы Мәшһүрдің жиырмаларға аяқ 
басқан 1878–80 жылға келеді. Өйткені, Мәшһүр тағы да 
«Тілеуімбеттен бергі аталарымыздың жетпістен асып дүние 
салғаны Көпей әкеміз ғана деп айтады екен» [2,24 б.]
Мәшһүр Жүсіп жасында ауыл молдасынан дәріс алып, хат 
таниды. 1870 жылдары Хамеретдин хазіреттің медресесін 
бітіріп, мұсылманша орта білім алып шығады. Ауыз әдебиеті 
нұсқаларымен ерте танысып, халықтық жыр-дастандарды 
жаттап өседі. Өзінің алғырлығын, сөз өнеріне бейімділігін ол 
ерте-ақ танытады. Ақындық жолға бой ұруы, түсуі – 15 
жасында басталғанын ақын былай баяндайды:
«
 
 
 
 
-
,
Айрылдым дәл он бесте ақыл естен
 
 
 
 
...»
Жабысып бір дауасыз ауыры төстен
1875 жылдан бастап біраз уақыт ауылда бала оқытып, 
қаражат жинайды. Білімін толықтыру мақсатымен 1886 жылы 
Бұхараға келіп, діни жоғары оқу орнында оқиды. Сосын 
оқуын Ташкентте жалғастырады. Осы жылдары Орта азияны 
аралап, Самарқан, Ташкент, Түркістан, Бұқара т.б.қалаларда 
болды. Ол осы жылдары түрколог-академик В.В.Радловпен 
танысып, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап бастыру ісімен 
айналысты.
Көпеев шығармашылығын зерттеушілердің бірі – ғалым 
С.Дәуітов бұл жөнінде мынындай ақпар береді: «Мәшһүр 
Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістанға үш рет сапар шегеді. 
Бірінші рет 1887 жылы, яғни 29 жасында барады. Бұл жолы 
Бұхарада оқып, білімін көтереді. Арабша, парсыша шыққан 
кітаптарды қадағалап зерттейді. Ол осы сапары жөнінде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет