Қысқаша тарихи очерк


Физиологиялық ерекшеліктері



бет5/13
Дата07.01.2022
өлшемі34,2 Kb.
#20817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
УМК каз СД 1-1

Физиологиялық ерекшеліктері


  • Жаңа туылған нәресте шартсыз рефлекстерімен дүниеге келіп, ішкі ағзаны айналадағы ортаға қалыптастыра бастайды

  • Жаңа туылған нәрестеде примитивті және синальды рефлекстер болады, олар 4 айынан соң жойылуы керек. Ал егер осы мерзімнен сонда сақталса, онда бала ағдзасында патологиялық белгі бар болып есептеледі:

  • Робинсон (ұстау) рефлексі - баланың алақанында саусақ салсақ, оны қатты ұстап алады;

  • Моро (құшақтау) рефлексі – бала жатқан үстелдің бас жағынан қатты ұрса, ол құшағын жаяды, сосын қолын қайта орнына әкеледі.

  • Бауэр (еңбектеу) рефлексі – баланы етбетімен жатқызып, аяқтарын қолымызбен тақап тұрсақ, бала еңбектеу қимылын жасайды;

  • Бабкин рефлексі – баланың алақанын бас бармақпен қатты басқанда, ол аузын ашып, басын алға бүгеді

  • Бала 1 жасқа толарында ми қабығы функциясының жетілуіне қарай қоршаған ортаның ықпалымен онда шарты рефлекстер пайда болады: (дабыл) – жүйенің дамуы – есту, көру, иіс сезу, жанасу, дәм сезу мүшелерінің дамуына байланысты. Баланың ақылының даму мен оның орталық нерв жүйесінің толысуының маңызды көрсеткіші екінші сигналды (дабыл) жүйесінің қалыптасуы – сөйлеу, 2-3 айда – гуілдейді, 6 айда – былдырлайды, 1 жаста – 8-10 сөз, 2 жасында 200-300 сөз біледі, 3 жасында – 1200-1300 сөз айта алады.

  • Баланың нерв – психикалық және физикалық дамуын сипаттайтын маңызды көрсеткіш қозғала білуінің дамуы мен соған сәйкес мінез-құлқының жетілуі болып табылады. Жаңа туылған нәрестенің денесі дәрменсіз болады, ол басын ұстап тұра алмайды, қозғалыс-қимылы орынсыз, ретсіз болады.

1 айда – Бала ойыншықтарға көзін тоқтатады, жылы сөздерге көңіл аударып күледі

2 айда – Бала жылжып жатқан заттарды бақылайды, дыбыстарға көңіл бөледі, көп күледі

3 айда – Қозғалмай тұрған заттарға қарайды. Іліп қойған ойыншықтарды қолымен ұстауға тырысады

4 айда – Бала анасы мен әкесін таниды, ойыншықтарды қолдарына алып, ұзақ уақыт ұстайды

5 айда – Бала бөгде адамдарды жатырқайды. Атын атап шақырса қарайды

6 айда – Бала қасық пен кесені ұстап тамақ жеуге және су ішуге тырысады, отырады, сөйлейді, алғашқы буындарды «ба», «ма» деп айта алады

7 айда – Ойыншықтарды оңай ұстап лақтыра алады, еңбектейді

8 айда – Бала отырады, еңбектейді, үстелді ұстап, жағалап жүре алады

9 айда – Балалармен ойнайды, үстелді жағалап жүреді, тез еңбектейді

10 айда – Сұраған заттарды алып келеді, кеседен өзі ішеді, қасықпен жейді

11 айда – Алғашқы дербес жүреді, «мама», «бер», «ал» деген оңай сөздерді айта алады

12 айда – Көптеген сөздердің мағынасын, «болмайды» деген сөзді түсінеді, 10-15 сөзді айта алады, өзі жүреді, ойнайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет