Ісб физиологиясы бойынша практикалық сабақҚа арналған тапсырмалар тақырып


Ситуациялық есептерді шешіңіз: қорытынды жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз



бет4/54
Дата06.10.2023
өлшемі375,19 Kb.
#113057
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Хаттама толтыру №1 тапсырма. «Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті б-emirsaba.org

Ситуациялық есептерді шешіңіз: қорытынды жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.
1 есеп. Науқас А. клиникаға прогрессивті семіздік туралы шағымдармен жүгінді. Бет аймағында (ай тәрізді бет симптомы), ішінің жоғарғы жағында май артық мөлшерде жиналуына шағымданды. Одан басқа ол кісіде гирсутизм (ерлер типіндегі әйелдердің денесі мен бетіндегі шаштың шамадан тыс өсуі), етеккірдің бұзылуы, бел аймағындағы ауырсыну, полифагия, полидипсия байқалады екен. Соңғы кезде іріңді тері аурулары жиі байқалады деп те шағым айтты. Объективті: қандағы глюкоза мөлшері - 7,0 ммоль/л, АҚ - 140/80 мм с. б., қан сараптамасындағы өзгерістер - лейкоцитоз (қанда лейкоциттер саны көбеюі), абсолюттік лимфопения (қанда лимфоциттер саны азаюы). Рентгенологиялық өзгерістер - сол жақ бүйрек үсті безінің ұлғаюы анықталды. Бас сүйегінің рентгенографиясында түрік ер-тоқымы қалыпты жағдайда.
Қорытынды:
Қорытынды: Болжауымша науқаста бүйрекүсті бездерінің ісігі бар,себебі рентгендік тексеру жүргізген кезде бұл бездердің көлемінің ұлғайғандығы байқалады.Нәтижесінде бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының қызметі бұзылған.
Сұрақтар:
1. Қызметі бұзылған бездің гормондарын атап өтіңіз: _Бүйрекүсті безінің қыртысты затының қызыметі бұзылған.Глюкокортикостероидтар,минералокортикокастероидтар,андрокортикокастероидтардың бөлінуі бұзылған. физиологиялық әсерлерін атап өтіңіз: Глюкокортикокастероидтар : Бауырдағы гликоген мөлшерін өзгертпей,қандағы глюкоза мөлшерін көбейтеді._Ақуыз ыдырауын тездетеді.Май ыдырауын тездетеді.ОЖЖ қозғыштығын жоғарылатады.
Минералокортикокостероидтар:натрий және хлор иондарының бүйрек түтіктеріне қайта сінірілуін күшейтеді,сондықтан олардың қаңдағы,лимфадағы және ұлпалардағы сұйықтықтарда мөлшері көбейеді.Калий иондарының сыртқа шақырылуын күшейтеді.
Андрокортикокастероидтар:Екіншілік жыныстын белгілерінің дамуы.Бала мүшелерінің дамуын қамтамасыз етеді.Қарт адамдарда жыныс гормондарының негізгі көзі б\т.
2. Осы гормондардың негізгі физиологиялық әсерлерін атап өтіңіз:
Глюкокортикойдтар әсерлері:
- Бауырдағы гликоген мөлшерін өзгертпей.
қандағы глюкоза мөлшерән көбейтеді,
- Ақуыз ыдырауын тездетеді,
- Май ыдырауын тездетеді,
- ОЖЖ қозғыштығын жоғарлатады,
- Бұлшық еттерді әлсіздетеді,
Андроген әсерлері -
- Бала шақта жыныс мүшелерінің дамуын қамтамасыз етеді,
Қарт адамдарда жыныс гормондарының көзі болып табылады
3. Науқастың симптомдарының пайда болу механизмін түсіндіріңіз.
Глюкокортикостероидтардың дұрыс бөлінбеуі-қандағы люкоза мөлшерінің артуына,лейкоцитоз,лимфопенияға,лепидтер алмасуының бұзылуына,қабынуға қарсы процесстердің бұзылуына алып келеді._
2 есеп. 26 жасар науқас А. клиникаға прогрессивті семіздік туралы шағымдармен жүгінді. Бет аймағында (ай тәрізді бет симптомы), ішінің жоғарғы жағында май артық мөлшерде жиналуына шағымданды. Қосымша шағымдары - шаштары мен түтіктерінің ерлер типіне сәйкес өсуі, етеккір циклінің бұзылуы, жалпы әлсіздік. Объективті: жамбастарында кұрең қызыл тыртықтар анықталды. АҚ – 190/95 мм с. б., қандағы глюкоза мөлшері – 9, 0 ммоль/л, орташа лейкоцитоз (қанда лейкоциттер саны көбеюі), абсолюттік лимфопения (қанда лимфоциттер саны азаюы). Рентгенологиялық өзгерістер – гипофиз мөлшерінің ұлғайуы, УЗД – бүйрек үсті безінің гиперплазиясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет