Сұрақтар:
Стереотип деген не және оның қалыптасуына не қажет?
Стереотип – оқиғаларға, адамдарға қатысты халық арасында кеңінен қалыптасқан жалпы түсінік. Стереотип қалыптастыру – ми қыртысының мейлінше күрделі синтездеуші қызметіне мысал. Бұл бүкіл нерв системасының неғұрлым қиын жұмысы. Орныққан стереотипті сақтау – ми қызметінің едәуір жеңіл формасы. Ми қыртысының динамикалық стереотипімен байланысқан шартты рефлекстердің жақсы пысықталған жүйесі болып табылатын әдеттер мен дағдылар, жұмысты ойланбастан және түсінбей істеу баршаға мәлім. Динамикалық стереотипті қалыптастырудың жас ерекшеліктері аңықталған. Мәселен, балалар мен жасөспірімдерде стереотипті түрде өтетін дағдырлар тезірек қалыптасады, ал қалыптасқандарының орнықтылығы шамалы болады және оңай өзгертіледі, жас ұлғайтын кезде керісінше болады.
Белгілі тітіркендіргіштер бірқалыпты ұзақ уақыт қайталай берсе, ми қабығында қозу мен тежелу жүйке процестерінің тұрақты бір із салынған жүйелері пайда болады.
Стереотиптің қалыптасуына канша уақыт қажет және ол қыртыстағы қандай үрдістерге байланысты?
Жауабы: Организм нерв жүйесінің жаңа жағдайға бейімделуі, жаңа стереотиптің қалыптасуы үшін біреулерге ұзақ, ал екінші біреулерге азырақ уақыт керек болады. Мұның өзі ең алдымен ми қабығындағы қозу және тежелу процестерінің қаншалықты күштілігі мен қозғалғыштығына байланысты келеді.
№3 тапсырма. «Стереотипті қайта құру»зертханалық жұмысын орындау тәртібімен танысып төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Тұрақты стереотип қалыптасқаннан кейін оны қайта түзуге кіріседі. Қалыптасқан стереотип былайша өзгертіледі: 3 сөз бұрынғы жауаптарымен бірге қалдырылады, 5 сөзге жаңа жауап беріледі, ал 2 сөз - тежегіш сөздер, оларға жауап берілмейді.
10 сөз түгелдей кестеге жазылады. Қайтадан құрылған жұмыс тәртібін ескерте отырып, сол 10 сөз зерттелетін адамға жауаптарымен бірге оқып беріледі.
Содан кейін тітіркендіргіш сөздер кезек сақтамастан бытыратып айтылады да, зерттелуші адамнаң қайта құрылған сөздерге дұрыс жауап беру талап етіледі. Жауабы дұрыс болса, кесте бағанасына «+» белгісі, ал қате болса «–» белгісі қойылады. Осыған орай зертелуші адамға қатесін көрсетіп, оны түзеткен жөн.
Стереотип құрылуының жылдамдығына және тұрақтылығына қарай қозу процесінің күші анықталады. Егер тітіркендіргіш сөздердің әрқайсысын 2-3 рет қайталағаннан кейін зерттелуші адам оларға дұрыс жауап берсе, оның жүйке процестері күшті деп саналады, ал жаңа стереотип құрылуы созылып кетсе, зерттелуші адамның ой-өрісі, жүйке процестері әлсіздеу болғаны.
Тежеуіш сөздерге берілген жауаптардың жылдамдығына және тұрақтылығына қарай тежелу процестерінің күшті-әлсіздігі туралы қорытынды жасауға болады.
Бұзылған стереотиптің қайта түзілу жылдамдығына қарап, жүйке процестерінің алмасуы туралы қорытынды жасалады.
№
|
Тітіркендіргіш сөздер
|
Талап етілетін жауап
|
(дұрыс +; қате -)
|
Ескерту
|
1
|
Ойын
|
Күлкі
|
+
|
Дұрыс, бас жағы оңай болады
|
2
|
Сурет
|
Қалам
|
+
|
Дұрыс
|
3
|
Құс
|
Бүркіт
|
+
|
Дұрыс
|
4
|
Үстел
|
Орындық
|
+
|
Дұрыс
|
5
|
Арман
|
|
-
|
Жауап берілмеді
|
6
|
Гүл
|
Түймедақ
|
+
|
Дұрыс, жеңіл болды
|
7
|
Кірпі
|
Ине
|
+
|
Сәйкес келеді
|
8
|
Нан
|
Тамақ
|
+
|
Дұрыс
|
9
|
Ағаш
|
Емен
|
+
|
Дұрыс
|
10
|
Қағаз
|
|
-
|
Жауап берілмеді
|
Достарыңызбен бөлісу: |