Ішек инфекциялары кезінде қолданылатын медбикелік күтім стандарттары



бет13/21
Дата10.12.2023
өлшемі263,8 Kb.
#135727
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
Ішек инфекциялары кезіндегі медбикелік үрдістер

Стандарт – 5
Ойылудың алдын алу шаралары
1. Қауіп аймағына кіретін тері аймағынадағы өзгерістерді уақытылы айқындау (теріні күніне 1 реттен кем емес қарау)
2. Ойық жараның алдын алуға арналған матрацтар қолдану
3. Тігіссіз және түймесіз мақта-маталы іш киім, төсек жабдықтарын қолдану
4. Төсек жағдайын мұқият қадағалау (қыртыстар, тамақ қалдықтары, төмпешіктер болмауы)
5. Жату қалпын әрбір 2 сағат сайын ауыстырып отыру (жату қалпы пациенттің жағдайына байланысты таңдалады)
6. Күнделікті мұқият тері күтімін жүргізу
7. Тері жамылғыларының жағдайын қадағалау (кеуіп кетуін және қатты ылғалдануын болдырмау)
8. Пациентті ауыстырып жатқызуды тиянақты және ұқыпты жүргізу (үйкелу, сырылу болдырмау)
9. Осал аймақтарды айналып өтіп жеңіл массаж жасау (сүйек шығыңқы жерден 5см. радиуста)
10. Зәр ұстай алмайтын пациенттерге сіңіргіш, ылғалданбайтын жаялықтар және жөргектер қолдану
11. Пациентті және оның туысқандарын күтім ережелерін орындауды үйрету
12.Ішілген сұйықтық көлемін бақылау (тәулігіне 1,5л кем емес)
13. Тиімді тамақтану(Тағамдағы ақуыз мөлшерін бақылау- тәулігіне 120г кем емес)
Стандарт - 6
Ауыр халдегі пациентті тамақтандыру
(Пассивті тамақтандыру)
Мақсаты: пациентті тамақтандыру.
Көрсеткіштері: Қатаң төсектік тәртіп, төсектік тәртіп, пациенттің ауыр халі.
Әзірле: сүлгі, салфетка, су ішкіш, сұйықтық ішетін трубочка, қасық, тарелка, жылы тағам.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Пациенттен қандай ретпен тағам қабылдағысы келетінін сұраңыз.
2.Қандай тағам дайындалғанын айтыңыз.
3.Қолды жуып кептіріңіз.
4.Пациенттің кеудесін және мойнын салфеткамен немесе сүлгімен жабыңыз.
5.Тумбочкаға немесе кереует жанындағы столға дайын жылы тағамды қойыңыз.
6.Пациентті Фаулер қалпына келтіріңіз.
7.Егер пациенттің отыруына рұқсат етілмесе сол қолмен жастықпен бірге пациенттің басын көтеріңіз, ал оң қолмен қасықтағы немеме су ішкіштегі тағамды пациенттің аузына әкеліңіз.
8.Пациентті қасықпен немесе су ішкішпен аз аздан тамақтандырыңыз.
9.Ауызда қатты тағам жоқ кезде суды трубочкамен беріңіз.
10.Сүлгінің ылғал ұшымен пациенттің ернін және иегін сүртіңіз,сосын құрғақ ұшымен сүртіңіз.
11.Ыдыстарды, салфетканы, алып тастаңыз, төсектегі тағам қалдықтарын сілкіңіз, пациентті ыңғайлы етіп жатқызыңыз.
12.Қолды жуып кептіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет