Ішкі секреция бездері



Дата15.12.2023
өлшемі18,85 Kb.
#139812

ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІ. Ішкі секреция бездері немесе эндокринді бездер биологиялық белсенді заттар - гормондар түзіп солардың көмегімен организмдегі зат алмасу процесін реттеуге қатысатын мүшелер жүйесі болады.
Сондықтан эндрокринді бездерде өз секреттерін сыртқы ортаға немесе онымен жалғасатын дене қуыстарына қызаратын өзектер, бұл бездер секреттерін дененің ішкі ортасы - қаңқа, лимфа, ұлпалық сұйыққа шығарады. Осыған байланысты эндокринді бездер - ішкі секреция бездері, ал олар бөлетін секреттер - инкреттер немесе гормондар деп аталады. Гормондар денедегі үздіксіз қозғалыста болатын қан, лимфа, ұлпалық сұйық арқылы организмнің барлық жүйелер мүшелеріне жетіп, олардағы эат алмасу қызметін реттеуге қатысады. Денедегі мұндай сұйық ұлпалар арқылы зат алмасуды реттеуді – гуморальды сұйық/ реттелу/ дейді.
Организмдегі зат алмасу деңгейінің гуморальді реттелуі жүйке жүйесінің бақылауында болады. Сондықтан денедегі, бұл екі түрлі реттелуді біріктіріп, нейро-гуморальді реттелу деп те атайды. Гормондардың бір-бірімен үйлесімді қызмет атқаруы осы экзокринді бездерді бір дене жүйесіне ішкі секреция бездеріне біріктіреді. Эндокринді бездердің үйлесімді қызметін орталық жүйке жүйесі, дәлірек айтсақ, аралық мидың гипоталамикалық бөлігі реттейді. Гипоталамус сұр заты ядрошықта биологиялық белсенді заттар түзетін нейрондар болады. Гипоталамус осы белсенді заттардың көмегімен бүкіл эндокринді бездер жүйесінің орталық мүшесі - гипофиз қызметін реттеу арқылы ішкі секреция бездер жұмысын басқаруға қатысады.
Ішкі секреция бездер жүйесіне таза эндокринді боздермен /гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңыңдағы без, бүйрекүсті безі, гипофиз, эпифиз/ қатар қосарлы қызмет атқаратын /тимус, ұйқы безі, жұмыртқалық, ен/ мүшелерде жатады.
Эндокриндік қызметі бұл жүйеге жатпайтын /бүйрек, плацента, қарынның пилорикалық бездері, он екі елі ішектің кірмелері/ мүшелер де атқара алады. Олар да өздерінен дененің ішкі ортасына инкреттер бөледі.
Барлық эндокринді бездер құрылысы жағынан қомақты мүшелер. Олар сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Бездердің ішкі құрылысында строма және паренхима екі бөлік болады. Бұлардың басқа паренхималы мүшелерден құрылыс айырмашылығы - ішкі секреция бездерінің паренхимасында шығару өзектері мен соңғы бөлікшелері болады.
Эндокринді бездер паренхимасының құрылысы әр түрлі келеді. Мысалы, торшалар тарамы бүйрекүсті безінің қыртысы, гипофиздің алдыңғы бөлігі, торшалар жиынтығы /ұрық безінің аралшалары, жұмыртқалық интестицинальді торшалары/ және көпіршіктер /қалқанша безі/ түрінде кездеседі. Гормондар бірден дененің ішкі ортасына бөлінетін болғандықтан ішкі секреция бездерінің тамырлануы өте жоғары дәрежеде дамыған. Қан капиллярларының құрылысы көбіне синусты болып келеді.
Гипофиз - көптеген эндокринді бездер қызметін реттейтін, ішкі секреция бездер жүйесінің орталық мүшесі, ол бас сүйегі ми сауыты бөлігіндегі түрік ері сайында орналасады. Оның сыртқы пішіні жұмыртқа тәрізді болып келеді. Гипофиз аралық мидың гипоталамикалық бөлігі құрамына кіреді. Сондықтан ол жүйке жүйесі мен эндокринді бездердің барлық нысанын қамтамасыз етеді. Гипофиз екі түрлі ұлпадан дамыған. Оның алдыңғы және ортаңғы бөліктері эпителий ұлпасынан, ал артқы бөлігі жүйке ұлпасынан тұрады. Гистологиялық препараттарында гипофиз бөліктерінің шекараларын оңай - ақ ажыратуға болады. Бұның ең үлкен пішіні үшбұрышты бөлігі - алдыңғы пішіні дөңгелекше келген бөлігі - артқы бөліктері. Бұлардың аралығында жатқан бөлік - оның ортаңғы бөлігі.
Хромофильді торшалардың өздері боялу сипатына сәйкес базофильді /негіздік бояулармен боялған/ және ацидофильді /қышқыл бояулармен боялған/ торшаларға бөлінеді.
Ацидофильді /эозинофильді/ торшаларға цитоплазмасы сарғыш - қызыл түсті көлемді торшалар жатады. Эозинофильді торшалар өздерінен дененің үлкейтіп өсуін қамтамасыз ететін соматотропты гормон және жұмыртқалықтағы сары дененің өсуіне, желіндегі сүттің бөлінуіне әсер ететін лактотропты гормонды түзеді.
Базофильді торшалар гемотоксилин-эозин препараттарында нашар боялған көлемді торшалар. Арнайы әдіспен боялған препараттарда бұл торшалар көк немесе көгілдір түске боялады. Бұлардың ішінде тиреотропты гормондар түзу арқылы қалқанша бездің қызметін реттейтін пішіні дөңгелекше келген ірі торшаларды гонадотропты гормондар бөлу арқылы жұмыртқалықтағы фолликулдардың пісіп-жетілуіне әсер ететін ұзынша келген ұсақтау торшаларды, жұмыртқалықтағы сары дене ендегі жыныс гормондарын жасауды жеделдететін - лютеинотропты гормондар түзетін торшаларды, сонымен қатар бүйрекүсті безінің глюкокортикоидтық қызметін жақсартып, адренокортикотропты гормондарды жасайтын торшаларды ажыратуға болады.
Барлық хромофильді торшалар, әсіресе базофильдер, торшалар тармақтарының шеткі жағында, қан капиллирларымен жанаса орналасады.
Хромофобты торшалар цитоплазмасы нашар, ядролары қою көк түске боялған ұсақ торшалар. Бұлар капиллярлар қабырғаларынан алысырақ торшалар тарамдарының орталық бөліктерінде орналасады.
Гипофиздің ортаңғы бөлігі дөңгелекше ядроларды жақсы боялған ұсақтау эпителий торшаларынан тұрады. Гипофиздің бұл бөлігінде денедегі пигменттік алмасу процесін реттеп сүтқоректілерде организмнің қараңғыға бейімделуіне көмектесетін интермедин гормоны түзіледі.
Гипофиздің артқы бөлігі нейроглия мен нейрондары өсінділерінен тұратын нейрондар өсінділерінің денесі гипотоламус ядросында жатқан нейросекреттік нейрондар аксондары құрайды нейроглия глиялдық торшалар питуициттер мен олардың талшықтарының жиынтығы нейросекреттік нейрондар құрамында вазопрессин және окситоцин деген гормондар бар нейросекрет түзетін вазопрессин тамырларындағы қан қысымын арттырып бүйректегі несептің түзілуін реттейді. Ал окситоцин желіндегі сүттің бөлінуін арттырып жатыр қабырғасындағы ет қабығының қабырғасындағы қамтамасыз етеді.
Гипоталамустан түзілген нейросекрет нейрондарының аксондары боймен төмен қарай ағып, гипофиздің бөлігінде жиналады да соңғы бөлігін нейросекреттер қоры жиналатын бөлік деп те атайды.
Эпифиз көлемі жағынан шағын келген шырша бүрі тәрізді бұдырлы мүше, сондықтан кейде бүр тәрізді без деп те атайды, сол аралық мидағы төрт төмпек денесінің алдыңғы төмпекшектерінің аралығында орналасқан.
Эпифиз де гипофиз тәрізді гормондарға ұқсас биологиялық активті заттар жинап шығару арқылы ішкі секреция бездерінің қызметіне әсер етеді. Өзінің әсер ету дәрежесі бойынша эпифиз гипофиздің антогонисі қарама- қарсы әсер етуші болып есептеледі де, ішкі секреция бездерінің тропикалық / қоректендіру / функциясын / қызметін тежейді.
Қалқанша без – бұдырлы қызғылт қоңыр түсті көмекейден кейінірек, кеңірдектің бастапқы шеміршектерінің екі бүйірі мен вентральдік бетінде жатқан без. Бұның екі бүйір бөлігі және мойыншығы болады жылқының безі сыртқы беті тегіс болады. Мойыншығы нашар дамыған кезде тіптен болмайды. Шошқада керісінше без мойыншығы жуан болып келеді, ал бүйір бөліктері жақсы жетілген. Ірі қара және ұсақ малдан бүйір бөліктерді жақсы жетілген, ал мойыншығы жіңішке болып келеді.
Қалқанша без сыртынан тығыз ұлпалық капсуламен қапталған. Капсуладан ішке қарай дәнекер ұлпалық аралықтар безді бірнеше бөлікшелерге бөледі. Бұл бөлікшелер өз кезегінде көптеген фолликкулдерден /көпіршіктерден тұрады/ бөлікшелер аралық дәнекер ұлпа аралықтардан фолликулдер аралығымен жүк аралығымен өтетін өте жұқа бөлікшелер аралық дәнекер ұлпалық аралықтарын фолликулдер аралығымен өтетін өте жұқа бөлікшелеріштік аралықтар тарайды.
Без паренхимасының көпіршіктер /фолликулдер/ мен фолликулдер аралық торшалар жиынтықтары - интерфолликулярлық аралшықтарды түзетін эпителиалді ұлпа құрайды.
Қалқанша без препаратын микроскоптың кіші үлкейткішімен зерттеу арқылы бездің негізгі бөлігін қабырғасы бір қабатты эпителийден тұратын фолликулдер құрайтындығын көруге болады. Фолликулдер қабырғаларындағы безді эпителий торшалары құрамында йод элементі бар тиреоидты /тироксин, трииодтиронин/ гормондар түзеді. Бұл гормондар организмдегі зат алмасу процесін белгілі бір дәрежеде жүруін, дене қызуының реттелуін қамтамасыз етеді. Бұнымен қатар, олар онтогенездің бастапқы кезеңінде орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдерінің дамуына да қатысады.
Препараттың тегіс кесілген жақсы жерін таңдап алып, микроскоптың үлкен үлкейткішімен қараған кезде фолликулдер қабырғасының бір қабат куб немесе призма тәрізді эпителий торшалары - тиреоциттерден тұрады. Олардың дөңгелекше келген ядролары, базальдік жарғаққа жақын орналасады. Тиреоциттердің апикальдік төбесі коллоидпен толған көпіршік қуысына қарай бағытталған. Ал олардың базальдік жағы бөлінген гормондарды сіңіріп, одан әрі тасымалдаушы қан капиллярларымен шекаралас жатады.
Қалқанша бездің қызметі күшейген /гиперфункция/ кезде тиреоциттердің биіктігі артып, олардың ядроларының көлемі үлкейеді фолликулдер ішіндегі коллоид ерітіндісі сұйықтанып, онда кері сору қуыстары /вакуольдері/ жиі орналасады.
Ал, без қызметі төмендеген жағдайда /гипофункция/ тиреоциттер жалпақтанып, торшалар ядроларының көлемі кішірейеді. Коллоид ерітіндісі қоюланып сору вакуолдері жоғалып кетеді.
Қалқанша без фолликулдері фолликулдераралық аралшықтардан дамиды. Бұл интерфолликулярлық аралықтар торшаларының ішінде парафолликулярлық торшаларды /К-торшалар/ кездестіруге болады. Олардың басқа торшаларға қарағанда үлкен пішіні дөңгелекше болып келеді. Бұл торшалардың цитоплазмасы солғын боялған. Аталған бұл торшалар құрамында йод элементі жоқ тиреокальцитонин деген гормон түзеді. Бұл гормон организмдегі кальций алмасу процесіне қатысып, оның сүйектерде қорланып жиналуын қамтамасыз етеді.
Қалқанша маңындағы без - пішіні дөңгелекше немесе сопақша келген екі жұп без. Ол қалқанша бездің алдыңғы жағында орналасады. Қалқанша маңындағы без сыртынан жұқа дәнекер ұлпалық капсуламен қапталған. Одан без ішіне қарай дәнекер ұлпалық аралықтар тарайды. Бұл аралықтар арқылы без паренхимасына қан тамырлары мен жүйкелер өтеді.
Без паренхимасы қан капиллярларымен шырмалып жанаса орналасқан безді эпителий торшалар жиынтығын құрайды. Бұл торшалардың негізін паратгармонды түзетін, солғын боялған негізгі торшалар құрайды.
Паратгормон қан құрамындағы кальцийді көбейтіп, фосфорды азайту арқылы фосфор - кальций алмасу процесін реттейді. Торшалардың екінші бір тобы-оксифильді торшалар болып табылады. Бұлардың цитоплазмасы қышқылдық бояулармен қызғылт түске боялады. Оксифильді торшалар негізгі торшалардың пісіп жетіліп, іштен шыға бастаған түрі.
Бүйрек үстілік без – қоңыр-қызғылт түсті, бүйректің алдыңғы ішкі жағында жатқан жұп без. Сыртынан дәнекер ұлпалық капсуламен қапталған. Капсула астында нейрондар жиынтығы /интрамуральдік түйіндер / жиі кездеседі.
Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда без паренхимасы екі бөліктен тұрады.
Капсула астында бүйрек үсті безінің қыртысты заты орналасқан. Гематоксилин - эозинмен боялған препаратта бұл зат көгілдір түсті болып көрінеді. Қыртысты заттың негізін зпителий ұлпасы құрайды. Бүйрек үсті безінің орталық бөлігінде жүйке ұлпасынан түзілген бозғылт зат орналасқан. Препаратта бұл зат көгілдір - бұрыл түсті болып көрінеді.
Бүйрек үсті безінің қыртысты затында үш аумақ ажыратылады. Оның шеткі аумағы пішіні көпбұрыш келген, ядролары тығыз орналасқан, бірнеше торшалар тарамдарынан тұрады. Бұл аумақты-шумақты аумақ дейді.
Шумақты аумақта альдостерон, дезоксикортикостерон деген минералокортикоидтар гормондары түзіледі. Минералокортикоидтар организмдегі несеп түзуге процестерін реттеуге қатысады. Сонымен қатар қан лимфоциттерінің қызметін күшейтуге ат салысады.
Қыртысты заттың бұдан ішкі жаққа қарай орналасқан бөлігі бір-біріне жанаса жақын орналасқан тік торшалар тарамдарынан тұрады. Бұл аумақ будалы аумақ деп аталады. Аталған аумақты құраушы торшалардан пішіні үлкен, ядролары ашығырақ боялған торшалар цитоплазмасы липидтерге бай көпіршікті болып келеді.
Бұл аумақта глюкокортикоидтар, кортизон, гидрокортизон, кортизол деген гормондар түзіледі. Бұл гормондар организмнің сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі, иммунды процесстерді реттейді және лейкоциттердің белсенділігін төмендетеді.
Қыртысты заттың терең бөлігінде тік торшалар тарамдары бір-бірімен өзара байланысып, иректелген тор құрайды. Сондықтан бұл аумақты торлы аумақ дейді. Мұндағы торшалар цитоплазмасы будалы аумақ торшаларының цитоплазмасына қарағанда тығыз келеді. Торлы аумақ торшалары жыныс гормондары /андрогендер мен эстрогендер / түзеді.
Бүйрекүсті безінің бозғылт заты құрылысы жағынан ұқсас, ал қызметі жағынан әр түрлі торшалардан тұрады. Бұл торшалардың кейбіреулері адреналин, ал екінші біреулері норадреналин түзеді. Бозғылт заттың капиллярлар торы жақсы дамыған. Капиллярлар қуысы кең болып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет