Ішкі секреция бездерінің функциональды анатомиясы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата17.10.2023
өлшемі1,99 Mb.
#117232
  1   2   3
Байланысты:
Ішкі секреция бездерінің функциональды анатомиясы



ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІНІҢ
ФУНКЦИОНАЛЬДЫ
АНАТОМИЯСЫ
Орындаған: Абай Гульназ
102-Б,ФФ.
Тексерген: Жунусова А.Ж.


Ішкі секреция
бездері
Ішкі секреция бездері Секреция – латын тілінен аударғанда
secretio бөлініс деген мағынаны береді. Секреция адам ағзасына
физиологиялық маңызы бар көп немесе аз мөлшерде
секреттердің пайда болып, бөлінуі. Секреция екі топқа бөлінеді:
ішкі немесе эндокринді және сыртқы, экзокринді. Эндокринді
бездердің сөлін шығаратын өзегі жоқ,без жасушалары қан және
лимфа капиллярларымен өте жиі торланған. Сондықтан без
өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. 


Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек
белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол
мүшеге шығарады. Ішкі сөлініс бездеріне
гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік
бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және
жыныс бездері жатады. Ішкі сөлініс
бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да
жатқызады. Екіқабат әйел организмінде
бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп
шығарады-эстроген, прогестерон және
гонадотропин. Ішкі сөлініс бездері
гипоталамус құрылымымен және
қызметімен тығыз байланыста болады.


Оның ядроларының нейросөлінісі бар, яғни гипофиздің
артқы бөлігіне түсетін немесе гипофиздің алдыңғы
бөлігінің қан тамырларына тікелей келетін және
аденогипофиздің жасушалар қызметіне әсер ететін
биологиялық белсенді заттар бөліп шығаратыны
анықталған. Бұлардан басқа ішкі сөлініс бездеріне бірқатар
ағзалар жатады – бүйрек, ішек-қарынның кілегейлі қабығы,
бауыр, себебі олар қанға организм мүшелерінің қызметіне
ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп шығарады. Атап
айтқанда ренин, гастрин, секретин, панкреозимин,
энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т.б. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет