Байланысты: Ішкі валидтілікті төмендететін факторлар
Ішкі валидтілікті төмендететін факторлар.
Эксперимент валидтілігі ол бiз дəл кажетті қасиетті зерттеп, өлшеп
жатқанымызды дәлелдеуге бағытталған эксперимент қасиеті. Валидтілік ішкі
және сырткы валидтілік болып екіге бөлінеді.
Ішкі валидтілік бұл зерттеп жатқан өзгерістердің себебі эксперименттік
әсер екендігіне кепілдік беретін эксперименттің қасиеті болып табылады. Ішкі
валидтілікке көз жеткізбей бірде бір экспериментке (талдау) жасалынбайды.
Сыртқы валидтілік – бұл алынған қорытындыны жалпылап, оларды басқа
эксперименттік жағдайларға тарата алуға кепілдік беретін эксперимент қасиеті.
Яғни сыртқы валидтілік арқылы эксперимент нәтижесін кандай таңдау тобына,
ситуацияға таратуға болатындығы және қандай тәуелсіз айнымалылар мен
параметрлер жалпыланатындылығы анықталады.
Экперимент жүргізу үшін бұл 2 критерийде маңызды. Бірақта ішкі валидтілік
жоғарылаған жағдайда сыртқы валидьтілік төмендейді немесе керісінше жүреді.
Қосымша айнымалылар эксперименттік жоспарлар арқылы шектелмеген,
бақыланбаған жағдайларда, ол эксперимент әсерімен араласып жалған эффект
береді. Әдетте осы жалған эффектіні тудыратын мынадай факторлар кездеседі.
Олар ішкі және сыртқы валидтілікті төмендетуші факторлар деп аталады19.
Ішкі валидтілікті төмендетуші факторлар:
Фон факторы (“history”) -тарихи даму. Бұл зерттелуші тұлғасына бірінші
және екінші зерттеу арасында болатын нақты оқиғалардың әсері.
Табиғи даму факторы. Зерттелушінің уақыт өту нәтижелерінде дамуы, есеюі.
Тест эффектісі. 2 рет өткізілетін зерттеу нәтижесінде алдыңғы зерттеулердің
әсер етуі.
Инструментальды қателік, өлшеу инструменттерінің өзгеруі. Бұл
зерттелушінің зерттеу құралдарына қатысты сезімталдығымен анықталады.
Статистикалық регрессия. Зерттелушi топтар шеткі көрсеткіштер мен
бағалаулар негізінде іріктелініп алынған жағдайларда көрінеді.
Сыртқы валидтілікті төмендетуші факторлар:Сыртқы валидтілікті төмендететін мынандай 4 фактор бар:
• Реактивті эффект немесе тест жүргізудің өзара әрекеттесу эффектісі. Яғни
зерттелушінің алдын -ала жүргізген тестке байланысты эксперименттік әсерге
деген сезімталдығының артуы немесе азаюы.
Іріктеу факторы мен эксперименттік жағдайларының өзара әрекеттесуі. Бұл
әр топтағы іріктеу факторларының әр тектiлiгi салдарынан болады.
• Экспериментті ұйымдастыру шарттарының түрліше болуы. Бұл зерттеу және
бақылау тобында ұйымдастырылатын эксперименттік шаралардың түрліше
ұйымдастырылуы.
• Эксперименттік әсерлердің өзара интерференциясы. Кейде бір ғана зерттелуші
бірнеше эксперименттік әсерлерге ұшырасуы мүмкін. Осындай жағдайда
зерттелушінің алдынгы экспериментік әсерлерінің кейінгі зерттеу
қорытындыларына ықпал етуі.
●