Искакова Ш. Г


Шартты бағыныңқы сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет60/179
Дата25.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#86881
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   179
Шартты бағыныңқы сөйлемдер. 
(Adverbial clauses of condition). 


70 
Шартты бағыныңқы сөйлемдер басыңқы сөйлемдермен келесі 
жалғаулық сөздер арқылы байланысады: if, unless, provided (that), 
providing (that) on condition (that). 
Мыс: If I see him tomorrow, I shall ask him about it. 
Мен оны ертең көрсем бұл туралы одан сұраймын. 
Conditional sentences. 
Шартты сөйлемдер. 
§17. Шартты сөйлемдер басынқы сойлемдегі істің орындалу шартын, 
уақытын көрсетеді. Шартты сөйлемдердің үш түрі (реальді, күмəнді, жəне 
реальсіз) бар.
 
Шартты сөйлемдердің бірінші түрі. 
Шартты сөйлемдердің бірінші түрі келер шақты істің орындалу 
шартын көрсетеді. Бағыныңқы сөйлемде етістік Present Indefinite-те, ал 
басыңқы сөйлемде Future Indefinite-те тұрады. 
Басыңқы сөйлемнің етістікгі бұйрық райда да тұруы мүмкін. 
Мысалы: If the weather is good, we shall go skiing. 
Егер қүн жақсы болса, біз шаңғы тебеміз. 
Шартты сөйлемдердің екінші түрі. 
 
Осы немесе келер шақта істің іске асуына күмəн білдіру үшін 
қолданылады. 
Бағыңқы сөйлемнің етістігі Past Subjunctive формасында, ал басыңқы 
сөйлемде should/would+Indefinite Infinitive қолданылады. 
Мысалы: If the plant landed, they would let us know about it. 
Егер ұшақ жерге қонса, олар бізге хабарлар еді. 
 
Шартты сөйлемдердің үшінші түрі. 
Шартты сөйлемдердің үшінші түрі өткен шақтағы істің орындалу 
шартын көрсетеді. Реальсіз шартты өткен шақта көрсету үшін басыңқы
сөйлемнің етістігі – should, would+ Perfect Infinitive формасында, ал 
бағыңқы сөйлем етістігі . 
Past Perfect Subjunctive формасында қолданылады. 
Мысалы: If the weather conditions had been favorable, the construction of 
the bridge would have been completed in time. 
Егерде ауа райы қолайлы болғанда, көпір құрылысы уақытында 
аяқталған болар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет