Искакова Ш. Г



Pdf көрінісі
бет51/179
Дата25.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#86881
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   179
 


59 
Синтаксис
1) Аяқталған ойды білдіретін сөз тіркестері сөйлем деп аталады. 
The sun rises in the east. Күн шығыстан шығады. 
2) Сөйлем мүшелері тұрлаулы жəне тұрлаусыз болып екіге бөлінеді. 
Тұрлаулы сөйлем мүшелеріне: бастауыш (Subject) жəне баяндауыш 
(The Predicate) жатады. 
Сөйлемнің 
тұрлаусыз 
мүшелері: 
толықтауыш 
(The 
Object), 
анықтауыш (The Attribute), пысықтауыш (the Adverbial Modifiers). 
3) Сөйлем құрамына қарай жай жəне құрмалас болып екіге бөлінеді. 
Құрмалас сөйлемдердің өзі сабақтас жəне салалас болып екіге бөлінеді. 
The agreement was signed, and the delegation left Moscow. 
Келісімге қол қойылды жəне, делегация Мəскеуден кетті. (салалас 
құрмалас сөйлем) 
4) Айтылу мақсатына байланысты сөйлемдер 4 түрге бөлінеді: 
А) Хабарлы сөйлем (Declarative Sentences). 
The library is on the second floor. Кітапхана екінші қабатта. 
Б) Сұраулы сөйлем (Interrogative sentences) 
When did you come? Сіз қашан келдіңіз? 
В) Бұйрықты сөйлем (Imperative Sentences) 
Open the door, please. Есікті ашыңызшы. 
Г) Лепті сөйлем (Exclamatory Sentences) 
What a nice girl! Қандай сүйкімді қыз! 
 
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ 
(Parts of the Sentence) 
 
Бастауыш. 
Бастауыш сөйлемде Кім? Не? Деген сұраққа жауап береді. 
The lesson has begun.Сабақ басталды. 
She has come. Ол келді. 
Бастауыш it. 


60 
Ағылшын тіліндегі жақсыз сөйлемдерде бастауыш it- есімдігі арқылы 
көрсетіледі. 
А) Табиғат құбылыстарын хабарлағанда. 
It is winter. Қыс.
It is hot. Ыстық. 
Б) Етістіктер арқылы ауа райын көрсеткеде: to rain, to snow, to freeze. 
It often snows in February. Ақпанда жиі қар жауады. 
It is raining (now). (Қазір) жаңбыр жауып тұр. 
В) Сөйлемдерде уақыт жəне қашықтық туралы айтылғанда 
It is morning. Таң (таңертең) 
It is five oclock. Сағат бес. 
It is not far to the river. Өзенге дейін алыс емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет