Искакова Ш. Г


Баяндауыш.  (The Predicate)



Pdf көрінісі
бет52/179
Дата25.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#86881
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   179
Баяндауыш
(The Predicate). 
Баяндауыш не істеп жатыр? не істеліп жатыр? бұл не? бұл қандай? 
кім бұл ? деген сұрақтарға жауап береді. 
Баяндауыш жай (The Simple Predicate) жəне күрделі (The Compound 
Predicate) болады. Күрделі баяндауыштың өзі атаулы күрделі жəне етістік 
күрделі баяндауыш болып екіге бөлінеді. 
 
 
Жай баяндауыш. (The Simple Predicate). 
Жай баяндауыш етістік арқылы жеке формада əртүрлі шақта, етісте 
жəне райда қолданылған етістіктің жіктелген формасымен көрсетіледі. 
They live in the south. Олар оңтүстікте тұрады. 
Күрделі атаулы баяндауыш. 
Күрделі атаулы баяндауыш етістік “to be” арқылы жасалынады. 
The day was cold. Күн салқын болды. 
The glass is broken. Стакан сынып қалды. 
He is a doctor. Ол дəрігер. 
 
 
Күрделі етістікті баяндауыш. 
 


61 
Күрделі етістікті баяндауыш сөйлемде модаьдық етістік жəне 
инфинитив арқылы көрсетіледі. 
You must go there. Сіз сонда баруыңыз қажет. 
I have to get up early. Мен ерте тұруым керек. 
He can do it. Ол бұны істей алады. 
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. 
Толықтауыш (The Object). 
Толықтауыш тура жəне жанама болып екіге бөлінеді. 
Тура толықтауыш. 
(The Direct Object). 
 
Тура толықтауыш кімді? Не? деген сұрақтарға жауап береді. Тура 
толықтауыш сөйлемде зат есім жəне есімдік арқылы көрсетіледі. 
He bought a radio-set yesterday. Кеше ол радио қабылдағыш сатып 
алды. 
Жанама толықтауыш (The Indirect object). 
Жанама толықтауыш көмекші сөзді жəне көмекші сөздерсіз болады. 
Көмекші сөздерсіз жанама толықтауыш кімге деген сұраққа, көмекші сөзді 
жанама толықтауыш кім туралы? аbout whom? about what? не туралы? with 
whom? кіммен? for whom? кім үшін? Деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: He gave the boy a book. Ол балаға кітап берді. 
We spoke about our work. Біз өз жұмысымыз туралы 
сөйлестік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет