«Іскерлік қарым-қатынас этика» пәні бойынша


Тақырып 12. Халықаралық компаниялардың іскерлік этикасы



бет19/26
Дата28.11.2022
өлшемі443,5 Kb.
#53183
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
«Іскерлік арым- атынас этика» п ні бойынша

Тақырып 12. Халықаралық компаниялардың іскерлік этикасы
1. Іскерлік этика.
2.Іскерлік этика мен директорлар кеңестері.
3.Этика нормаларының негізінде іскерлік қатынастар мəдениетін жасау: іскерлік этика кодексі
1 Іскерлік этика
Қазіргі таңда компаниялар жаңа факторлардың қысымымен өздерінде басқарма, əкімшілік мүшелері мен қатардағы қызметкерлер тəртібін анықтайтын іскерлік этика кодекстерін енгізуге мəжбүр. Ал халықаралық компанияларға, одан əрі, шетелдік жеткізушілеріне де жекелеген жағдайларда тиісті елдердің заңнамасы талап еткеннен де қатаңырақ этикалық нормаларды бекітуге тура келеді. Компаниялар (əсіресе қаржылық компаниялар) өздері үшін іскерлік этика кодекстерін əзірлегенде мұндай кодекс компанияның корпоративтік басқаруының ажырамас бөлігіне айналуы үшін көп факторларды ескеруге мəжбүр.
Іскерлік этика – бұл əр қызметкер өзінен не күтілетінін дəл білетін стандартты бекітуге тырысу.
Осы мағынада, іскерлік этиканың корпоративтік кодексі – бұл бір тараптан əр қызметкер өзінен этикалық тұрғыдан не күтіліп тұрғанын білетін стандартты бекітуге тырысу, бірақ екінші тараптан бұл қатардағы қазметкерлердің, əкімшілікті жəне басқарма мүшелерін барлық қызметкерлердің ортақ құндылықтар жүйесін басшылыққа алып, ойлануды жəне шешім қабылдауға түрткі болуға тырысу. Олар бұл құндылықтарды қандай көздерден алады?
Мұндай көздердің бірі – компания қызметін жүзеге асырып жатқан елдің заңнамасы. Алайда, қазіргі кезде компаниялар тек ұлттық заңнамаларды басшылыққа алмайды. Олар сонымен қатар лауазымды тұлғаларға пара беріп, оларды сатып алумен күресу бойынша ЭЫДҰ Конвенциясы сияқты, халықаралық келісімдерді де есепке алуға мəжбүр. Сондықтан көп елдер өз заңнамасын халықаралық нормаларға сəйкес келтіруге ұмтылады.
Мұндай корпоративтік басқару үшін халықаралық құжат ЭЫДҰ «Корпоративтік басқару принциптері» болып табылады.
Көп елдерде осы халықаралық құжатты негіз ретінде қабылдайтын ішкі корпоративтік басқару кодекстері коммерциялық қызметке лицензия алу үшін міндетті шарт болып табылады. Мемлекет сонымен бірге еркін салалық ұйымдардың заңның ең аз талаптар шеңберінен шығатын этикалық нормаларды енгізу өкілдіктерін кеңейтеді.
Іскерлік этиканың ішкі кодексі мен корпоративтік басқаруға көшуге тағы бір ынталандыру – бұл корпоративтік əлеуметтік жəне азаматтық жауапкершілік концепциясы немесе іскерлік əлемде жиірек айтылатын тұрақты даму концепциясы.
Тұрақты дамуда тек ұйымның коммерциялық мақсаттары ғана ескеріліп қана қоймай, олардың айналадағыларға – қызметкерлерге, инвесторларға, жұртшылыққа келетін салдары да ескерілетін коммерциялық шешімдерді қабылдауды талап етеді.
Осылайша, іскерлік этика принциптері əзірленгенде стандарттар мен құндылықтар арасындағы айырмашылық есепке алынады. Осы айырмашылық салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Стандарттар — бұл компания мен оның қызметкерлері үшін міндетті нақты ережелердің жиынтығы болып табылады. Осы ережелер мысалы, паралармен күресудегі ұлттық заңнама үшін негіз болып қызмет етуі мүмкін, лауазымды тұлғаларды сатып алумен күресу бойынша ЭЫДҰ Конвенциясына сүйенуі мүмкін.
Стандарттар өте нақты жəне қиындық тудырмау керектігіне қарамастан, компаниялардың көбі олардың орындалуын қадағалауға мəжбүр. «Транспаренси интернашенал» компаниялар өздерінде осындай бақылау жүйесін жасауға көмектесетін нұсқаулық шығарды. Сарбейнс-Оксли заңы (корпоративтік басқару туралы əйгілі американдық заң) қаражат пен активтерді басқару бойынша есеп беру стандарттарын анықтайды.
Этиканың жалпы принциптеріне қатысты идеялары іскерлік этиканың корпоративтік кодекстерімен негізге алынатын негізгі құжаттардың бірқатары бар.
Олардың ішіндегі ең белгілілерінің бірін ОАР-да апартеидамен күресу жылдары епископ Леон Салливан жазған. Қазіргі кезде бұл құжат кез-келген елде жəне кез-келген кезде қолданылатын əмбебап этикалық принциптер жиынтығы болып танылған Қайта өңделген жəне кеңейтілген түрдегі Салливана принциптері БҰҰ-ның Жаһандық шартының Он принциптерінің негізіне жатады. Жаһандық шарт – кəсіпкерлік бірлестікті бірыңғай принциптердің айналасында біріктіруге жəне кəсіпкерлік қызмет пен басшылықтың барлығына ортақ нормалары арқылы əлемдік дамуға тұрарлық үлес енгізуде жасалған ерекше талпыныс.
БҰҰ Жаһандық шартының Он принциптері стандарттар шеңберінен алыс кетіп, қазір құндылықтар саласына жатады. Басқа ұқсас принциптер жиынтығы «Ко дөңгелек үстелі» - кəсіпкерлік қызметтің жалпы этикалық принциптерін əзірлеу үшін əртүрлі елдердің бизнес көшбасшылары жасаған ұйымымен ұсынылған. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы тағы бір ережелер жиынтығын жасаған: Халықаралық компанияларға арналған ЭЫДҰ нұсқаулығы. Бұл құжат тіпті əрі барады: оның ішінде компанияларға іскерлік этиканың қоршаған ортаны қорғаудан əлеуметтік жауапкершілік пен өз елдерінің дамуында басшылық рөліне дейін əртүрлі салалардағы принциптері ұсынылады (ал кей кездерде белгіленеді).
Осы жəне басқа принциптер стандарттар шеңберінен қатты алыс кеткен. Бұл мағынада олар бізді жағымды тəртіпті белгілейтін, қажетті бағытқа бейімдейтін жəне нəтижесінде тұрақты дамуға əкелетін құндылықтар ретіндегі этикалық принциптер концепциясына қайтарады. Леон Салливан жазған. Қазіргі кезде бұл құжат кез-келген елде жəне кез-келген кезде қолданылатын əмбебап этикалық принциптер жиынтығы болып танылған. Қайта өңделген жəне кеңейтілген түрдегі Салливана принциптері БҰҰ-ның Жаһандық шартының Он принциптерінің негізіне жатады. Жаһандық шарт – кəсіпкерлік бірлестікті бірыңғай принциптердің айналасында біріктіруге жəне кəсіпкерлік қызмет пен басшылықтың барлығына ортақ нормалары арқылы əлемдік дамуға тұрарлық үлес енгізуде жасалған ерекше талпыныс.
БҰҰ Жаһандық шартының Он принциптері стандарттар шеңберінен алыс кетіп, қазір құндылықтар саласына жатады. Басқа ұқсас принциптер жиынтығы «Ко дөңгелек үстелі» - кəсіпкерлік қызметтің жалпы этикалық принциптерін əзірлеу үшін əртүрлі елдердің бизнес көшбасшылары жасаған ұйымымен ұсынылған. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы тағы бір ережелер жиынтығын жасаған: Халықаралық компанияларға арналған ЭЫДҰ нұсқаулығы. Бұл құжат тіпті əрі барады: оның ішінде компанияларға іскерлік этиканың қоршаған ортаны қорғаудан əлеуметтік жауапкершілік пен өз елдерінің дамуында басшылық рөліне дейін əртүрлі салалардағы принциптері ұсынылады (ал кей кездерде белгіленеді).
Осы жəне басқа принциптер стандарттар шеңберінен қатты алыс кеткен. Бұл мағынада олар бізді жағымды тəртіпті белгілейтін, қажетті бағытқа бейімдейтін жəне нəтижесінде тұрақты дамуға əкелетін құндылықтар ретіндегі этикалық принциптер концепциясына қайтарады
2 Іскерлік этика мен директорлар кеңестері.
Нью-Йорктегі қор биржасының ережелерінде келесі белгіленген: жеке компаниялар мен банктерге іскерлік этиканың өзіндік бағдарламалары болуы өте маңызды. Іскерлік этика кодексін немесе кодекспен бірге корпоративтік басқару ережелерін жай қабылдау жеткіліксіз. Осылайша, «Конференс борд» тəуелсіз рейтингтік ұйымы жақында əртүрлі елде іскерлік этика мəселелері жəне тиісті бағдарламалар орындалуын қадағалауды жүзеге асыруда директорлар кеңестерінің рөлі бойынша зерттеулерді жүргізді. «Конференс борд» деректері бойынша барлық елдерде директорлар кеңесі мен іскерлік этика бағдарламаларының рөлі келесідей:
• іскерлік этиканың корпоративтік кодексін бекіту;
• іскерлік этиканың негізгі принциптеріне оқыту;
• ықтимал бұзушылықтар туралы басшылыққа хабарлау қажеттілігін қызметкерлерге түсіндіру əдістері;
• ішкі тергеулер мен тəртіптік жазалармен қоса, іскерлік этика ережелерін ұстануды бақылау əдістері;
• іскерлік этика бағдарламаларын жақсарту мақсатында үнемі қадағалау мен
нəтижелерді таладу.
Жазаларды тағайындау мəселелері бойынша АҚШ Комиссиясы бірнеше жыл бұрын əзірлеген этика саласындағы бұзушылықтар үшін жазалау шараларын анықтау бойынша федералды ережелер американдық компаниялар іскерлік этиканың тиісті бағдарламаларын қабылдауға əсер ететін факторлардың біріне айналды. Пара алумен
немесе сыртқы экономикалық қызметте жемқорлықпен күрес туралы АҚШ заңын бұзумен ұсталған қызметкерге қатысты не істеу керектігі туралы кеңестер федералды ережелерде беріледі. Егер бұзушылықтарды компания əкімшілігінің мүшелері жасаса, бұл ережелер əсіресе маңызды болып табылады, өйткені осы жағдайда бүкіл компания зардап шегуі мүмкін. Осылайша, басқасының арасында, федералды ережелер соттарға қандай жағдайларда компанияны өз қызметкерлерінің əрекеттері үшін жауапты деп санау, ал қандай жағдайларда санамау керектігін көрсететін бағыт береді. Федералды ережелер жазалау шараларын анықтаған кезде келесі жағдайларды ескеруді соттарға ұсынады:
• компанияда іскерлік этиканың ресми ережелері мен оларды қолданудың тиісті бағдарламалары бар-жоқтығын;
• мұндай бағдарламаның басшылығында жоғарғы звенодағы жетекші тұрған-тұрмағанын;
• кең өкілдіктер жеке жетекшілерге берілгенде қандай сақтану шаралары қабылданатынын;
• компания қызметкерлері мен өкілдерін іскерлік этика нормаларына оқыту бағдарламасы бар-жоқтығын;
• компанияда осы тақырып бойынша баспа жəне электрондық материалдар таратылатын-таратылмайтындығын;
• іскерлік этика бағдарламалары қалай бақыланатынын; қызметкерлер өздеріне келетін салдардан қорықпай, компаниядағы іскерлік этика нормалары туралы ақпарат ала алатынын немесе байқаған бұзушылықтар туралы хабарлай алатынын (мысалы, мұндай жағдайларға əдейі арналған ішкі телефон қызметі арқылы);
• іскерлік этика ережелерін бұзу жағдайларында жазаларды бірізді қолдану;
• кез келген бұзушылықтарға бірден əсер ету жəне бағдарламалардың анықталған кемшіліктерін жою .
Жазалау шарасын анықтаудың федералды ережелері АҚШ-да іскерлік этика бағдарламаларын əзірлеуді қамтамасыз ететін негізгі факторлар көлеміне кіреді. Одан əрі, іскерлік этика нормаларын анықтайтын көздер тізімінде бұрын белгіленгендей жəне «Конференс борд» деректері көрсеткендей аталмыш бағдарламалар бүкіл əлемге таралған. «Конференс борд» ұйымы əлемнің əртүрлі елдеріндегі компанияларда сауалнама жүргізді жəне іскерлік этика бағдарламаларының жоғарыда аталған элементтері əлемнің көп елдерінде кең таралғанын жəне көп бағдарламалар директорлар кеңесінің тікелей көрсетілімі бойынша енгізілгенін анықтады. АҚШ-да американдық компаниялардың 66% директорлар кеңесінің шешімі бойынша іскерлік этика бағдарламаларын енгізді, ал Жапонияда мұндай компаниялар 96% құрайды.
Алайда, директорлар кеңесінің міндеті осымен шектелмейді. АҚШ Федералды комиссиясы жазалар бойынша қабылдаған ережелеріне, сонымен қатар соңғы əлемдік тенденцияларға қарағанда, директорлар кеңестері іскерлік этика бағдарламаларын ұстануды бақылау əдістерін əзірлеу үшін жауапкершілікті де өзіне алуы керек, яғни іскерлік этика кодекстері жай ғана компанияның веб-сайтында орналастырылған ережелер тізіміне айналмай, ал барлық деңгейде түсіндіріліп, персонал дағдысына енгізілуіне қол жеткізуі керек. Мұндай бағдарламалардың орындалуын бақылауға тексерулер есебінен қол жеткізуге болады.
Бақылау тексерулерін компания директорларына арналған іскерлік этиканың міндетті курсымен толықтыруға болады. Бүгін мұндай курстар өте көп трансұлттық корпорациялар үшін əдеттегі іске айналған. Курс тақырыбы келесіні қамтиды:
• фидуциарлық міндеттер;
• коммерциялық міндеттер мен этика;
• компанияның экономикалық қызметін реттейтін негізгі ережелер;
• жеке жауапкершілік;
• корпоративтік құқық;
• қор биржаларының жұмыс істеу ережелері;
• құпия ақпараттың негізінде бағалы қағаздармен жасалатын операциялар
(«инсайдер-трейдинг»);
• коммерциялық құпия;
• қызметкерлерді оқыту.
Осылайша, директорлар кеңесі корпоративтік этика бағдарламаларын ұйымдастыруда жəне нəтиже ретінде, корпоративтік басқаруды жақсарту бойынша шаралардың бүкіл бірлестігінде жетекші рөл атқарады. Осы тенденция сақталатынын күтуге болады, өйткені ол ұлттық заңнама мен халықаралық келісімдер бағытында тұрып қана қоймай, инвесторлар үміттеріне жауап береді
3 Этика нормаларының негізінде іскерлік қатынастар мəдениетін жасау: іскерлік этика кодексі
Компаниялардың əлеуметтік жауапкершілігі мен жоғары іскерлік этикасы корпоративтік этика кодексінен басталады. Соңғы оңжылдықтарда іскерлік этика дамыған жəне бизнесте кездесетін қиындықтар мөлшерлері ұлғайған сайын корпоративтік этика кодекстері көп компанияларда ерекшелік болып қала бермей, ережеге айналды. Осы жұмыста «корпоративтік этика кодексі» термині «коммерциялық қызметті ұйымдастыру стандарттары», «іскерлік қатынастар принциптерін жариялау», «тəртіп ережелері» сияқты басқа кең таралған терминдермен жəне ұқсас сөз тіркестерімен бірге пайдаланылады.
Компанияда қай термин пайдаланылатыдығына байланысты емес, корпоративтік этика кодексі – компанияда жоғары этика мəдениетін құруға көмектесетін жалғыз құрал еместігін түсінген жөн. Кодекс компания ішінде моральдік-адамгершілікті қарым-қатынастар қалыптасуының бірінші кезеңінде жиі пайдаланылады. Бірақ оның басқа құралдардан жеке оқшауланып пайдаланылуы оны пайдаланудан келген табыс қатты шектеліп, ал əсер ету ауқымдары өте аз болуына əкеліп соқтыруы мүмкін. Кодекс оларды жеке қырағылықтық көрсету, өздеріне жеке жауапкершілік алуға жəне ұйым мүшелеріненің жақсы, ненің жаман екендігін шешу қажеттілігінен босатады деп сенімді болған жағдайда, жалған қорғаныс сезімі даму қаупі бар. Қызметкерлер басшылықтың нақты тəртібі өздері жариялайтын құндылықтардан ауытқуын көрген жағдайларда, əсіресе, ұйым қабылдаған этикалық нормалар əкімшілік пен директорлар кеңесіне таралмайтын болып шықса, кодекс енжарлық пен сенімсіздік тудырып, кері нəтижелерге əкеледі.
Корпоративтік этика кодексінде ұйымның құндылықтары мен сенімділігі жəне оның негізгі мақсттарымен байланысы көрсетілген. Жеке айтқанда, кодексте барлық қызметкерлер ұстануы қажет тəртіп нормалары мен ұйымның барлық мүшелері өз қызметтерінде өзара да, сыртқы серіктестер мен тапсырушылармен бөлісуі қажет принциптер бекітілген. Мəнінде, корпоративтік этика кодексі ұйымның моральдік келбеті туралы пікір қалыптастыратын шара болып табылады.
Дұрыс жазылған кодекс компания жетекшілері мен қатардағы қызметкерлеріне арналған тəртіп нормаларын қамтып қана қоймай, сонымен қатар оның ұзақ мерзімді мақсаттарын анықтайды, жұмыс істеудің принциптері туралы көрініс (қызметкерлерге де, бөгде тұлғаларға да) береді, анық этикалық принциптерді басшылыққа алатын өз компаниясы үшін заңды намыс тудырады. Корпоративтік этика кодексі – бұл компанияның моральдік сенімділігін жай жариялау ғана емес. Дұрыс жазылған кодекс ішінде көрсетілген принциптер жолын шын ұстаушылығын растайтын құжат болып табылады, өйткені мұндай кодексте іскерлік этика нормалары бұзылған жағдайда қолданылатын шаралар міндетті түрде көрсетілген. Қазіргі кезде іскерлік этика кодекстері компаниядағы жалпы моральдік атмосфераны, жыныстар арасындағы қарым-қатынастарды, дискриминацияны, байланыстар мен есептілік жүйесін, сыйлықтарды, өнім қауіпсіздігін, қызметкерлер мен олардың тікелей басшылығы арасындағы қарым-қатынастарды, саясат қызметіне қатысуды, қаржылық тəжірибені, жемқорлықты, мүдделер қайшылығы мен жарнамалық қызметке жауапты қараумен қоса, көп мəселені реттейді.
Тақырып 12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1 Әдептін денгейлері.
2 Қазақстанда бизнес әдептің дамыуы.
3 Шағын бизнес кәсіпкерлердің қыиншылықтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет