Іскер адам келбеті ж
ә
не
прагматизм
Іскер адам
Іскерлік ортада имидж көп нəрсеге əсер етеді,
өйткені жағымды имидж адамдардың көңілін
тарту мүмкіндігін береді. Ақырғы уақытта имидж
қалыптастыруға адамдардың қызуғышылығы
артуда. Іскер адам, тек өз ісінің білгір маманы
ғана емес жəне өзі туралы жақсы пікір қалдыра
алатын, клиенттерінің сенімінін тудыра алатын
тұлға болуға міндетті. Бизнес – тұрақсыз,
тəуекелділікке толы құбылыс. Егер сіз уақытпен
қатар келе жатқан тұлға пікірін қалдырғыңыз
келетін болса, сіз сол тұлға имиджін жасаңыз.
Оған біріншіден сізге имидж туралы білім қажет.
Имидж
Имидж адамның сыртқы келбеті мен ішкі жан
дүниесінің үйлесіп, уақыт пен қоғам
сұранысына жауап бере алатын адамның
психологиялық типі. Əр адам имиджі өзгеше
болуы мүмкін, өйткені ол əр адам даму
дəрежесінің жемісі. Имидж өзгерісте болатын
құбылыс. Нарық сұранысына сай имидж
қалыптасады, өзгереді, дамытылады.
Имидж 4 ба
ғ
ытта дамиды
Біріншісі адам образы, яғни ол адамның өзі
туралы қалдырған пікірі, тіпті өзінің жоқ болған
кезінде де ол кісі туралы ойға келетін пікір
немесе эмоциялар. Екінші бағыты сырт келбеті:
түр келбеті, əдебі, жүріс – тұрысы, сөйлеу
мəнері, мимика мен киген киімі. Үшінші бағыт
процессуалды бағыт, яғни процесс кезіндегі
адам белсенділігі, эмоциясы темпераменті. Ең
соңғысы ішкі факторлар: интеллект, ойлау үрдісі,
ойлары, мақсаттары жіне эрудициясы. Осы 4
бағытта дамуға тырысыңыздыр, сонда əр
адамның жағымды пікіріне ие болып
Дресс код
іскер адамдардың басты белгілерінің бірі.
Сондықтан көптеген белгілі фирмалар
қызметкерлерінің дресс код сақтағанын
талап етеді. Іскер костюмнің жүн, мақта
сияқты бір тегіс табиғи матадан тігілгені
дұрыс. Əйел адамдардың табиғи жібектен
тігілген блуза, көйлек киюлеріне басшылары
көбінесе қарсы бола бермейді. Ал зығыр
мата қыртыстанып қала береді.
Іскер адам дауыс ырғағына, шешен сөйлей
білуге мəн беру керек. Көбіне құлаққа жағымды
қоңыр даусы бар, байыппен сөйлейтін жан өзіне
еріксіз назар аудартады. Кəсіби терминдер,
қанатты сөздер мен мақал-мəтелдерді қойын
дəптерге жазып жүрген дұрыс.
Іскер адам шетелдіктермен де жиі қарым-
қатынас жасайтындықтан бірнеше тіл білсе, өзі
де қиналмайды, жалақысы да соған сəйкес
болады.
Қ
асиеттер
Адамгершілік, байсалдылық, батылдық,
бейімделгіштік, еркіндік, тəртіптілік – іскер
адамға қажет жақсы қасиеттер. Егер
аталмыш қасиеттер адам бойында болмаса,
ерте ме, кеш пе, басшылар да, əріптес
компаниялар да сырыңызға қанық болады.
Назарларыңызға рахмет !!!
Достарыңызбен бөлісу: |