Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясының даму ерекшеліктері



бет59/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   97
Байланысты:
хандықт

47. ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясының даму ерекшеліктері
ХVІІІғасыр қазақ поэзиясының кеңейіп, толғау жанрының дамып, көркемдік, тақырыптық жағынан байыған кезеңі болды. ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамының тарихында аса бір қиын да күрделі кезең болғаны мәлім. ХVІІІ ғасырда өмір сүрген жыраулар заман күйін, қоғамдағы жағдайлар туғызған мәселелерді шешуге атсалысты. ХVІІІғасыр жырауларының көпшілігі қолына найза ұстап, жауға аттанған батыр, енді бірі ханның қасындағы ақылшы көмекшісі болды. Жыраулар өздеріне дейінгі жыраулық дәстүрді сақтай отырып, өз заманына лайық міндетін атқарды. ХVІІІғасырдағы жыраулар поэзиясында адам бейнесін жасауға батыл қадам жасала бастады. Бұған дейін жеке адамдарға арналған толғауларда,эпикалық мәселелерді қозғайтын (жақсы мен жаман, дос пен қас)шығармаларда нақты тарихи адам арқылы, олардың іс-әрекеттері арқылы алғашқы көркем бейнелер туа бастады. ХVІІІғасыр поэзиясында,көптеген жанрлардың белгілері көріне бастады. Ғалым Ә.Дербісалин«ХVІІІғасыр поэзиясының үлгілерімен толық танысқанымызда екі түрлі нәрсе бірден көзге түседі. Бірі – әріден келе жатқан жырау дәстүрінің одан әрі дамуы, жаңа қырларынан көрінуі. Мұның белгілі өкілдері: Бұқар жырау, Үмбетей, Ақтамберді жырау. Екіншісі – жаңа көріне бастаған ақындар творчествосы. Оның белгілі шеберлері – Шал, Көтеш ақындар»депХVІІІғасыр поэзиясындағы ерекшеліктерді танытады. Зерттеуші ғалым М.Мағауинде бұл кезең поэзиясы дамуындағы мазмұндық, тақырыптық ерекшеліктерді атап көрсетеді. Осы дәуір әдебиетіндегі сырт жауларға қарсы күрес, ерлік сарыны Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей жыраулардың творчествосынан, ал қазақ даласында; болған кейбір өзгерістер негізінен Бұқар жырау творчествосынан өз көріністерін тапты».Яғни, ХҮІІІ ғaсырдa өмір сүрген aқын-жырaулaрдың қaй қaйсысындa болмaсын шығaрмaшылығынa негізгі өзек болғaн тaқырып елдің береке-бірлігі, ынтымaқтaстығы, көшпелі қоғaмның әр мүшесінің өз қызметін дұрыс орындaуы.


48. ХVІІІ ғасыр поэзиясының жанрлық сипаты
18 ғасырдағы қазақ қоғамында кейбір өзгерстер нышаны байқалса да, оның экономикалық – саяси өркендеуі феодалдық ұсақ рулық дережеден аса алмады. Қазақ елін түгел қамтыған үлкен бір тұтас хандық мемлекеттің құрылуына мүмкіндік болмады. Қазақтың үш жүзі кейде бірігіп, кейде бір – бірімен байланссыз оқшау өмір сүрді. Қазақ рулары өз жүздерінің хандарына да бағынбай, өз рубасы батырын немесе би – феодалын билеуші санап, өз бетінше тіршілік етіп жатты. Көрші елдер осы ұсақ билеушілердің өзара назарлықтарын пайдаланып, оларды біртіндеп бағындыруды көздеді.Сыртқы жаулардың ішінде Қазақстанның бұл кездегі ең қауіпті дұшпаны жоңғарлар еді. 18 ғасырдағы жоңғарлар күшті соғыс қолын жасақтап, Қазақстан мен Орта Азияға шабуыл жасады. Сөйтіп, жоңғарлар ауызбіршілігін нашар, бытыраңқы қазақ жерінің бірінен соң бірінен басып алды.Яғни, осы кезеңдегі әлеуметтік өмірді, халық тұрмысын кеңінен қамтитын, қоғамдық мәні жоғары ақындар поэзиялық туындыларды шығарушы өнер иелерін 18 ғасырдан бастап, жырау деуден гөрі ақын деп атау қолданыла бастады. 18 ғасырда өздерін толық жыраусанатында танытқандар – Бұхар, Ақтамберді және қазақ халқының би – шешендері болды. Ал, 19 ғасыр поэзиясында «жырау» деген атау өте сирек қолданылады. Бұрынғы ауыр сазды, көкекесті мұңды қобызға қосып жырлайтын жыраулар орнын енді әзіл – оспағы аралас жеңіл терме, аспандата шырқап айтар ән — өлеңдер, жүрек тебірентер назды лирикалар, кезектесе тіл қағысып, өнер оздыратын айтыстар, бебеу қағып безгектеген домбыраның қоңыр үніне жарыса үн қосқан ақындар пайда болды.
Басқыншылар қазақ ауылын тонап, мадын айдап, қаласын өртеп, Бау – бақшалық жерлерін таптап, бейбіт елді құлдыққа ұшыратты.
Жоңғар шауылы қазақ халқының басына түскен ең бір ауыр кезең болған еді. Халық күйзелісі мен ел қасіретінің бұл кезеңде күшейгені соншалық, халық түгел босап кету қауіпіне ұшырады. «Ақтабан шұбырынды» деген атпен ел есінде сақталып қалған ұлы басқыншылық осы жоңғар қалмақтары шапқыншылығының салдары еді.
Сөйтіп, 18 ғасырдағы қазақ әдебиетінің екі түрлі қоғамдық, әлеуметтік мәселелер бой көрсетті. Оның бірі — сырқы жауға қарсы күрес басшыларын, хандық құрылысы, бірлікті нығайту мақсатын көздеген дәуір талабынан туған сарынды танытса, екіншісі – бейбіт дәуір тілегінен туған, негізінен ел мұңын мұңдап, бұқара тілегін танытар халық ниетін елестетін сарын. Аталмыш тарихи ауыр кезеңде қалыптасқан ақындық өнердің жыраулар салған ізден шығып кетуі, әрине, мүмкін емес. Керсінше олар сол жыраулар өнерін жалғастырды. Кейін бейбіт өмір орнаған тұста олардың қанаты қатая түсті. Ақындық творчество айқындалып, біртіндеп ілгерілей береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет