14. Ахмет Иассауидің «Диуани Хикметінің» идеялық мазмұны
«Диуани хикмет», «Мират-ул Қулуб» және «Пақыр-наме» деп аталатын шығармалары Ахмет Йассауидің сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының теориялық негізі болып табылады. Ахмет Йассауи дүниетанымының жалпы желісін екіге бөліп қарастырған жөн. 1. Моральдық-этикалық (парасаттылық) хикметтер, 2.Сопылық хикметтер.
Ахмет Йассауи ілімінің моральдық-этикалық бөлімі адамның бойындағы адамгершілік қасиеттердің мәртебесін арттыра түсуді көздеп, «инсони камал» («кемелденген адам») дәрежесіне жетуді мақсат етеді. Ал «кемелдік» Йассауи дүниетанымының теориялық негізі шариғат пен марифат болса, бұлілімнің практикалық негізі тарихат болып табылады. Сонымен, «Диуани хикметте» «адамның өзін-өзі тануы» арқылы Ақиқатты, яғни Хақты (құдайды) тану жолдары сөз болады. Ал сопылық хикметтер арқылы ақын адамның түпкілікті мақсаты - ақиқатқа, яғни Хаққа жету екенін айтады.
Ахмет Йассауи «Ақыл кітабында» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады.
Біріншісі - шариғат. «Шариғат» - ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді.
Екіншісі -тариқат. «Тариқат» - дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш суфизмнің негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр.
Үшіншісі - маръифат. «Маърифат» - негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы - күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну.
Төртіншісі - хақиқат. «Хақиқат» («фано») - Аллаға жақындап, оны та- нып-білудің ең жоғарғы басқышы. Сопылық түсінік бойынша, шари- ғатсыз - тариқат, тариқатсыз - маърифат, маърифатсыз - «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. дәрежесіне жету үшін адам сан алуан ілім-ғылым түрлерін игеруі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |