Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


«Қорқыт ата кітабындағы» он екі жырдың негізгі идеясы



бет39/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   97
Байланысты:
хандықт

21. «Қорқыт ата кітабындағы» он екі жырдың негізгі идеясы
Қорқыт (ҮІІ-ІХ ғ.ғ)-оғыз-қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, батагөй абызы, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел данасы. Қорқыт туралы ең алғашқы хатқа түскен айғақ «Қорқыт ата кітабы» болса, мұның өзі ХҮ ғасырда жазылған. Бұл кітаптың әзірше екі нұсқасы белгілі. Бірі-12 тараудан тұратын Дрезден нұсқасы, екіншісі-6 тараудан тұратын Ватикан нұсқасы. Бұл еңбектер оғыздардың ата жұртында жазылмаған, әр тарапқа шашыраған оғыз ұрпақтарының есінде қалған естелік іспеттес. Бұл жырлар­да оғыз ерендерімен қатар, оғыздардың тұр­мыс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары, діни се­нім­дері және т.б. туралы мол мағлұматтар беріледі.
Қорқыт жырының халықтық сипаты шығарманың 12 жырдың сюжетінен, идеялық бағыт-бағдарынан айқын көрініп тұр. Туған жерін, елін, өз Отанын сыртқы жаудан қорғау үшін ажалға бас тігіп, қан майданға шыққан алыптардың ерлігі, жауынгерлік іс-әрекеті зор шабытпен жырланады. Бұл жырда ел үшін жан пида еткен ұлдарын күллі оғыз-қыпшақ жұрты мақтаныш тұтып, олардың ерлік істерін өлең-жырға қосып айтады.. Автор ерлік, әділдік, адамгершілік, ата-ананы құрмет тұту, уадеде туру сияқты ізгі қасиеттерді ту етіп көтерген. Шығарма қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа, әділетсіздік пен зұлымдыққа, әдепсіздік пен сараңдыққа қарсы күреседі. Сондай-ақ «Қорқыт ата кітабының» халықтық сипатын жырдағы қарапайым еңбек адамдарының зор шеберлікпен жасалған ғажайып бейнелерінен де көруге болады. Мәселен, оғыз-қыпшақ елі әсіресе қойшының ауыр еңбегін құрмет тұтқан. Жырда ол жөнінде зор ілтипатпен айтылады
22. «Қорқыт ата» кітабыныдағы батырлар бейнесі.
Сақталып жеткен жалпы жыр саны он екі болғанымен, жырларда батырлық қасиет­тері, ерекшеліктері айрықша сипатталып өтетін «ашуы келгенде, қара тас­­ты күл-тал­қан қылған, қара мұртын желкесінде жеті жерден түйген, ерендердің аждаһасы» Қазан бектің бауыры Қара Гөне; «Дербенттегі темір қақпаны теуіп ашқан, алпыс тұтам ала найза ұшында дұшпанын бақыртқан» Қиян Салжұқ ұлы Делі Дұндар; «темір садақты Қыпшақ Мәлікке қан құс­тырған, астындағы аты алтын алқалы» Қара Гөне ұлы Қара Бұдақ; «алпыс мың кәпірге қан құстырған, ақбоз атының жалында қар тұрғызған» Ғапілет Қожа ұлы Шер Шәмседдин; «алпыс ісек терісінен тон тіксе тобығын жаппайтын, алты ісек терісінен құлақшын тіксе құлағын жаппайтын, қол-аяғы тіректей» Қазан бектің нағашы ағасы, ат жақты Аруз Қожа; «Пайғамбардың жүзін көрген, Оғызға келіп, сахаба болған, ашуы келгенде мұртынан қан шыққан, қанды мұрт» Бүгдіз Емен; «Айғыр Көздер суында ат жүз­дірген, елу жеті қамалдың кілтін алған, Сопы Сандал Мәлікке қан құстырған» Ейлік Қожа ұлы Алып Эврен (Өрен); «Үш күн жау көрмесе қан жылайтын» Тоғсын ұлы Рүстем; «Жердің бір шетінен екінші шетіне жетем деген» Соған Сары; «екі қамал мұнарасына атқан қайың оғы (жебесі) қайта келмейтін» Жауырыншы ұлы Ел Алмыш секілді оғыз ерлері туралы да әуелде жеке жырлардың болуы әбден ықтимал. Өкінішке қарай, олар туралы жырлар сақталмаған.


Немесе

Жырлардағы басты кейіпкерлер жағымды болып суреттелгендіктен оқырмандар әрдайым олардың жағында болады. Жыр, кейіпкерлерімен бірге қайғырып, солармен бірге қуанады, шаттанады. Өйткені жырлаушының ұстанған басты принципі ондағы негізгі кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы оларды жағымды етіп көрсету. Мысалы: Бәмсі Байрақ жеті қыздың үміті, қалың оғыздың сүйіктісі ретінде танылған. 


7. Кейіпкерлер көп ауырмайды, тек жараланады немесе аттан түсіп бір жерлерін сындырып алады, болмаса тұтқынға түседі. 
8. Кейіпкерлер батыл, тез ашуланып, ашуы тез тарайтын, аттың құлағында ойнайтын, қылышты жақсы қолданатын болған. Кішкентай кездерінен бастап шайқастарда қан төгіп, үлкен жетістіктерге жеткен. Осы жетістіктеріне орай оларға Қорқыт ата тарапынан есім берілген. Әрі батыр әрі батыл кейіпкерлер тек қана ер жігіттер емес, қыздар да болған. Мысалы: Байрақ әкесіне үйленетін қыздың ерекшеліктерін былай деп суреттеген: «Мен орнымнан тұрғанша орнынан тұруы, атыма мінгенше атына мінуі, дұшпанға барғанымша дұшпанымды алдыма алып келуі тиіс» Байрақ Бәну Шешектің әйел екеніне қарамастан, онымен бірге атқа мініп, садақ атысып, күреседі. Сейілжан сұлу болса, Қан Төрәліні гәуірлердің қолынан құтқарады. Дирсехан мен Бекіл әйелдерінің берген ақылдарын тыңдап отырған. Бұл эпостағы әйелдер бейнесі сенімді, өз ері мен еліне берілгендігімен қатар өз ары мен жақындарын қорғауда батыл, жар таңдауда ақылды болып суреттеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет