Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Жиембет өмір сүрген дәуір шындығының толғауларында көрініс табуы



бет57/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   97
Байланысты:
хандықт

45. Жиембет өмір сүрген дәуір шындығының толғауларында көрініс табуы
Жиембет Бортоғашұлы (ХҮІІ ғ.) – Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы, қабырғалы биі. Ол 16 жасынан бастап беделді тұлғалардың, хандардың, билер мен батырлардың қасында жүріп ел билеу ісіне араласқан. Шапқыншылық жылдарында ерлігімен көзге түсіп, ханның жауынгер жасаған басқарып, қолбасшы дәрежесіне дейін көтерілді.
Жиембет батыр 1620 жылы Есім ханның ойрат-қалмақтарға қарсы жүргізген соғысы кезінде асқан ерлігімен исі қазаққа танылды. Осы соғыста тапқырылық көрсетіп, шапқыншы жауды ойсырата жеңіп, қазаққа төнген қауіпті сейілткен. 1627 жылы Қазақ хандығы құрамынан бөлініп шығып, дербес билік құрғысы келген Қатағанның ханы Тұрсынның бүлігін басқан Есім ханның қасында болып, ел тұтастығын сақтау жолында қажырлы қайрат көрсеткен.
Бірақ Жиембет бидің Есім ханмен достық қарым-қатынасы ұзаққа бармайды. Екеуінің арасында ел аралық бітімгерлік, жер дауы, жесір дауы кезінде келіспеушілік өрістей береді. Жырау Есім ханның кейбір озбыр, жөн-жосықсыз іс-әрекеттеріне қарсы шығады. Оның бұл мінезі ханға да жаға қоймайды. Сөйтіп хан мен бидің арасы суи бастайды. Жиембет ханнан іргені аулақтатып, қол астындағы елге өзінше билік жүргізе бастайды.
Сол кездегі оқиғалардың толғауларында көрініс табуына келетін болсам:
Жиембет жыраудың мұрасынан бізге жеткендері ханға арнап айтқан үш толғауы және жыраудың айдауда болған кезіндегі халін баян еткен екі лирикалық өлеңі.
Оның толғауларының көпшілігінде батырлар мен дала жасақтарының, ержүрек ер азаматтар мен батыл жауынгерлердің ерлік істері дәріптеліп, олардың бейнелері асқан шеберлікпен суреттеліп, ерекше биік серпінмен жырланады. Жас ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде Жиембет жырау өзінің батырлық бейнесін алдыңғы қатарға қойып, адамгершілік, елжандылық қасиеттерді насихаттайды. Мҽселен, мына бір толғауында
Менімен ханым ойнаспа!
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайыңдай, деп, өзінің қаһармандығы мен қайсарлығын ханның алдында қорықпастан ашып айтады.
Жиембет жыраудан қалған аса бір елеулі мұра – оның Есім ханға арнаған толғаулары. Жырау өздерінің жеке басының мүдделерін халықтың жағдайынан жоғары қойған атақты, өршіл хандарды әшкерелеп, оларды ауыр сынның астына алған. Өмірінің соңғы жылдарында жырау Есім ханның қаһарына ұшырады. Сол кезде Жиембет жырау өзінің «Еңсегей бойлы ер Есім» атты ханға үндеуінде, жауынгер ес білгелі жаныңда болдым, ақыл- кеңесімді бердім, демеу болдым, ал сенің болса өмірің қатты деп, өз еңбегінің бағаланбағанына жырау өкпе назын білдіреді:
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есім, сені есірткен
Есіл де менім кеңесім.
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым демесін.
Және де ел арасына сөзі өтімді болған Жиембет жыраудан сескенген және өзіне қарсы тұрғаны үшін Есім хан Жиембетті інісі Жолымбетпен бірге жер аударып жібереді. «Ханға қарсы тұрам деп» ел-жұрынан айырылған Жиембет жырау өзінің сағынышын «Қол-аяғым бұғауда» толғауында:
Қайырылып қадам басарға
Күн болар ма мен сорға
Өзен, Арал жерлерім?!
Қиядан қолды көрсеткен
Төбеңе шығар күн бар ма,
Жотасы биік дендерім?! – деп жырлаған. Жиембет жыраудың «Әмірің қатты Есім хан», «Еңсегей бойлы ер Есім», «Қол-аяғым бұғауда», «Басы саудың түгел-дүр» деген толғаулары бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет