Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет31/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

 Мықты  болсаң,  өзіңнің  нәпсіңді  жең!»  деп  келісімді 
түйінін  бір-ақ  жасайды.  Рас,  шынайы  мықтылық 
адамның өз нәпсісін жеңе білуінде.


91
Адами мінез – арға сын
Шәкәрім  бабамыз  жақсы  адамның  нәпсісін  өзіне 
бағындыра  білетіндігін,  ал  жаман  адамды  керісінше 
нәпсісі  сүйреп  жүретіндігін  айтып,  нәпсінің  әр 
сүйген нәрсесінің соңына түсе кетуге бейілдігін әдемі 
жеткізген: 
Тағдыр 
Адамды айдап туғызбақ.
Әрбір 
Сүйгенін нәпсі қуғызбақ –
Өмірдің жолы бұл. 
Жақсы 
Нәпсісін өзі билемек.
Тапшы
Наданды нәпсі сүйремек,
Мақтанға болып құл!
 Мәшһүр Жүсіп бабамыз нәпсі тәрбиесінде оны тым 
босаңсытуға келмейтіндігін шегелеп, нәпсіні тәрбиелеу 
үшін ең әуелі көзге абай болу керек деген оқшау пікірді 
жақтап былайша ой түйеді:
Жаяу қыл, нәпсіңді атқа мінгізбей бақ,
Міне қалса, жортқызып, желгізбей бақ.
Өзін-өзі бағуға көп әл керек,
Көз соңынан көңілді жүргізбей бақ!
Шал  ақын  нәпсіні  тіптен  образға  айналдырып, 
көкіректегі  иманыңыздың  жауы  ретінде  оны  көз 
алдыңызға қасқыр бейнесінде елестетеді. Ол: 
Нәпсің көкжал бөрідей, 
Иманың бағылан қозыдай, – дей отырып, иманды 
бағлан  қозыға  теңеп,  нәпсіні  кез  келген  уақытта  оны 
бүріп жіберуге, бір асап қылғыта салуға дайын көкжал 
бөрі ретінде түсіндіреді. Оның иманыңызға төндіретін 
қаупінен  сақтандырады.  Уәйіс  Шондыбайұлы  болса: 


92
Ислам және өнеге
«Болғанда нәпсі – қасқыр, ақыл – қақпан», – деп, он-
дай «қасқырға» ақылды «қақпан» ретінде қолданғанда 
ғана  оның  дұшпандығы  мен  кесір-кесапатынан  сау 
жүретіндігімізді білдіруде. 
Бұл  насихат,  нақылдардың  барлығынан  біз 
ата-бабаларымыздың  сонау  ерте  кезден  нәпсінің 
жамандығынан  халықты  сақтандырғанын,  ел  ішінде 
нәпсіқұмарлықтың түбі жақсылыққа апармайтындығын 
кеңінен  үгіттегендігін  көреміз.  Алайда,  осы  орай-
да  «Себепсіз  ешбір  нәрсе  жаралмаған»  деп  Әріп 
Тәңірбергенұлы  (1856-1924)  бабамыз  айтпақшы, 
«Нәпсіні Аллаһ тағала не үшін жаратты?» деген сұрақ 
туары белгілі. Аллаһ тағала оны да бекерге жаратпағаны 
анық.  Мәселен,  адамдағы  ашуды  алайық.  Оны  дұрыс 
басқара  білудің  өзіндік  жөн-жосығы  бар.  Ашу  ашу 
күйінде қалып кеткен жағдайда шикілік танытады, ол 
адамды ызақор, қанды көз, ұр да жық мінезділікке са-
луы  мүмкін.  Алайда  ашуды  адам  ар-намысты,  ұятты, 
елді-жерді,  дінді,  құндылықтарды  қорғау  жолында 
қолданса, сол жолда өліп кеткен күннің өзінде шейіттік 
шәрбатын  ішеді.  Бұндай  ашудың  үлкен  сауапқа  ба-
тыратыны  белгілі.  Демек,  осы  секілді  бір  қарағанда 
жағымсыз көрінген адам қасиеттерін, нәпсі қалауларын 
дұрыс қолдана білсе, ол да адамның рухани биіктеуіне 
жол ашады. Нәпсінің өзі адамды биіктетсе, ар-ұжданды 
қолға алудың адамды қандайлық дәрежеге жеткізетінін 
сіз пайымдай беріңіз. 
«Ұждан»  араб  тіліндегі  «табу»  деген  сөзден 
шыққан.  Өзіңнің  шынайы  болмысыңды  табу,  сол 
арқылы ақиқатты табу, Хақты тану деген мағыналарды 
қамтиды.  Имам  Раббани,  Имам  Ғазали  секілді  ірі 
мұсылман  ғұламаларынан  бастап,  батыстық  көптеген 


93
Адами мінез – арға сын
ойшылдар осы ұждан мәселесіне көп көңіл бөліп, оны 
білуге, сезуге болатындығын айтқан. Ұжданның адамды 
ешқашан  алдамайтындығын  әулие  кісілер  де,  ойшыл-
философтар  да  мойындаған.  Ұжданына  құлақ  түре 
білген адам оның үнемі ақиқатқа шақыратындығын, істің 
құдайшылығын  алға  тартатынын,  пендеге  дұрыс  жол 
көрсететіндігін байқайды. Өкініштісі, бірақ ол әркімнің 
қолынан  келе  бермейді.  Ұжданының  өзіне  қалай  тіл 
қатып тұрғанын кез келген адам ести бермейді. Неге? 
Өйткені  ұждан  таза  болу  керек!  Нәпсінің  ыңғайына 
жығылып, соның күйесімен күйелештенген, елді алдап-
арбау  арқылы,  атақ-мансап,  шен-шекпен,  лауазым 
үшін түрлі арсыздықтарға баруға әбден еті өліп кеткен 
пенденің  ұжданы  аяқ-қолы  кісендеулі,  басы  ноқталы, 
тілі  күрмелген  аянышты  күйде  деген  сөз.  Сондықтан 
ұжданы  оның  ішкі  жан  дүниесін  сәулелендіре  алмай-
ды. Дәл сыртын бес елі шаң қапқан май шамның жарық 
бере  алмай  тұншығатыны  секілді.  Сол  себепті  ондай 
адамды халық «арсыз», яки «ұждансыз» деп атаған. 
Жалпы  Құран  кәрімде  тазару  сатыларына  қарай 
нәпсінің жеті түрі көрсетілген. Біз соның біреуіне ғана 
тоқталдық,  яғни  нәпсінің  жамандықты  қалап  тұратын 
жағымсыз  жағын  ар-ұжданмен  салыстыра  отырып 
ашып көрсетуге тырыстық. 
Адамның бойында үнемі өзара айқасқа түсетін осы 
бір  ар-ұждан  мен  нәпсіге  қатысты  мынадай  ғибратты 
әңгіме  бар.  Бір  қарт  кісі  үйінде  екі  ит  ұстайтын  бол-
са  керек,  оның  біреуінің  түсі  ақ,  екіншісі  қара  екен. 
Немересі  бір  күні  атасынан  осының  мәнісін  білмек 
болып: «Ата, осы неге екі ит ұстайсыз? Қашан көрсең 
екеуі таласып, ырылдасады да жатады, бір үйге біреуі де 
жетпей ме?» – деп сұрапты. Сонда ақылман қарт: «Ба-


94
Ислам және өнеге
лам, олар өмірдегі ақ пен қараның таласын, тіпті адам 
жүрегіндегі күн сайынғы жақсылық пен жамандықтың, 
игілік пен зұлымдықтың, ар-ұждан мен нәпсінің өзара 
айқасын есіме салып тұрады, сол үшін де оларды көз 
алдымда  ұстауды  жөн  көремін»,  –  депті.  Немересі 
тіптен  таңырқап:  «Ата,  өзіңіз  айтқан  күн  сайын  адам 
жүрегінде таласқа түсетін қасиеттердің қайсысы жеңіп 
отырады сонда?» – деп қайтара сұрағанда, қарт жыми-
ып: «Мен ақылға салып қайсысына көбірек жақтассам, 
сол жеңеді, әрине», – деп жауап берген екен. 
Иә,  қарияның  жауабында  өмір  шындығы  жатқан 
секілді. Ендеше, ойланайықшы, біз осы ар-ұждан мен 
нәпсінің  қайсысына  көбірек  бүйрек  бұрып  қойып 
жүрміз өзі?! 


95
И


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет