239
ИМАНИ ГҮЛ
құдіретінің, шексіздігінің, кемелдігінің, қысқасы, жалпы
Құдайлығының алдында бас иіп, адамдық борышымызды,
құлдық міндетімізді атқару үшін міндетті түрде күнәһар
құл, жүрегін кір шалған пенде болуымыз шарт емес.
Өзінің Ұлы Иесінің алдындағы әлсіздігі мен
мұқтаждығын мойындамаған пендеден асқан күнәһар
пенде бар ма бұл жалғанда?! Біздер көбіне бұйрықтың,
шақырудың қайдан, кімнен келгеніне аса мән бере
бермейміз. Егер патша елші жіберіп бір адамды шақыртса,
әлгі пенденің құстай ұшып патшаның алдынан табылары
сөзсіз. Сол секілді патшалардың патшасы – Ұлы Жарату-
шы иеміз Өзінің талаптары мен бұйрықтарын білдіретін
Құран атты пәрменін Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың
қолына ұстатып, оны жер бетіне елші етіп жіберген.
Міне, сол
«Құран» атты кітаптың сексен жеті жерінде
құлдарына бес уақыт намазды тікелей бұйырып, ғибадатқа
шақырған. Ал енді жердегі пәни патшаның шақыруына
бей-жей қалмайтын пенденің Ұлы Иесінің осы бір «ұлы
шақыруына» салғырт қарап, бұйрықтарын елеместен
бей-жай жүре беруі немесе
«жүрегім таза, ешкімге
жаманшылығым жоқ» деп өзін алдап бұлғақтауы дұрыс
па?
Ендеше,
«жүрегім таза, ешкімге зияным жоқ, маған
намаз оқып не керек» деген тәрізді сөздердің астарында
Құдайдың қасиетті Құранын, сол кітаптағы Ұлы Иесінің
талабын жетік ұғынбау жатқан секілді. Бұл намаздың
мәнін, мағынасын түсінбеуден туындаған салмақсыз,
әшейін айтылған сылтау болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: