ту» мағыналарын білдіреді. Ал періштеден айтылған
жағдайда «ізгі дұға және кешірім тілеу» мағынасында
қолданылады. Ал мұсылман үмбетінің салауат айтуы –
ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Алла Тағаланың
ерекше рақымына бөленіп, асқақ дәрежесінің одан әрі
биіктеп, мерейінің үстем болуын тілеуі болмақ. Яғни,
үмбетінің пайғамбарына деген ізгі тілегі. Салауат тура-
лы қысқаша осылай түсінік бергеннен кейін жоғарыдағы
сұраққа қайта оралайық.
Онсыз да Алла Тағаланың рақымы мен берекетіне
бөленген, абырой-дәрежесі жоғары Пайғамбарға (с.а.у.)
салауат айтып, жақсық тілеу не үшін қажет?
230
Ахзаб сүресі/56.