ты. Екі адам арасында әділ төрелік айту да – садақа, атына міну үшін біреуге көмектесу немесе қоржынын артысу да – садақа. Жақсы, ұнамды сөз айту да – садақа. Намазға бара жатқандағы әр адымы да – садақа. Адамға зияны тиетін нәрселерді жолдан алып тастау да – садақа». Тағы бір хадисінде сәске уақытында оқылған екі
рәкат намаздың да сондай шүкіршілікке жататындығы
айтылған.
Бухари мен Мүслимде риуаят етілген осы үш хадис
адамның анатомиялық тұлғасын ашумен қатар құлшылық
пен сауаптың кең мағынасын да қамтиды.
Екі бөлек сүйек арасын жалғайтын бөлікті «буын» дейміз. Буындар табиғи түрде мынадай топтарға
бөлінеді.