355
ИМАНИ ГҮЛ
Осы сауалын ол екінші бір ұстазынан сұрайды. Ол
ұстазы: Әсем саз – ол қасиетті нәрсе емес пе? Мұнда
аспанның сыры бар, әлемнің үні бар. Қолыңнан келсе бұл
өнерден жиренбе...», - дейді. Мұны естіп Әбунасыр қатты
шаттанады. Алайда ол үлкен ұстаз Әбу Мәлік хазіреттің
өзінен сұрамаққа бекінді. Әбу Мәлік ұстаз былай деп жау-
ап берді:
– Ол да дұрыс, ол да дұрыс. Екі айтушының екеуі
де дұрыс айтады... Я, солай... Жамандық та, жақсылық
та адамның өз бойындағы қасиетке сүйенеді. Азғындық
пен ізгілік ежелден егіз емес пе? Ән-күйдің әуеніне еріп,
басқа өнер-білімнен қол үзсең, сонымен өміріңді қапыл
өткізсең өкініш емей немене. Әсем әуен алпыс екі тамыр-
ды бірдей қозғайтын кереметті, құдіретті нәрсе. Оның
сені билеп әкетуі ғажап емес. Алғашқы айтушы сені сонан
сақтандырады. Құдіретті өнерді керекті жерінде өлшеумен
ұстап, тізгінді ақыл-ойға беріп ізгілік іске қоссақ, онан
келер пайда тағы көп. Көкірек кеңіп көңіл оятар, қиял
қоздырып қайрат берер тағы сол... Ғылымның ата тегі әр
ненің өлшеуін білуде емес пе?! Сен ән-күй үйренсең онан
менің қаупім жоқ. Құдіретті күйдің сиқырлы үнін тежеп
отыруға сенің
ақыл-қабілетің мол жетеді
216
.
216
Ағжан Машанов, әл-Фараби.
Жалын баспасы, 1970 ж.