ИМАНИ ГҮЛ
қалыптан тыс үлкейіп, өсуіне және жалпы дененің майла-
нуына себеп болады. Гормандардың ең үлкен зияны – де-
неде қатерлі ісіктің (рактың) пайда болуына жағдай жасай-
ды. Мал дәрігерлері еркек доңыздардың белгілі бір жастан
кейін қатерлі ісік ауруына көптеп шалдығатындықтарын
айтуда.
4. Доңыз етінің құрамындағы хистамин (histamine)
және имидазол (imidazole) делінетін заттар адамның
терісінде қышу тудырады, есекжем, бөртпе (экзема), дер-
матит сияқты тері ауруларға себеп болады. Бұған қоса,
бұл заттар соқыр ішек, өт жолдары, тамыр ауруларына да
көп жағдайда себеп. Сондықтан дәрігерлер жүрегі ауыра-
тын адамдарға доңыз етін жемеуге кеңес береді.
5. Доңыздың етін жеу салдарынан адамда пайда бола-
тын тағы бір ауру – трихина ауруы. Доңыздар бұл ауруды
трихина атты құрттары бар тышқандарды жеу арқылы
өздеріне жұқтырады. Доңыздардың денесінде бұл құрт
көптеп кездеседі. Бірақ трихина ауруы доңыздарға қатты
әсер етпейді. Ал адамдар үшін бұл ауру өміріне қауіп
төндіретіндей қатерлі ауру болып саналады. Трихина
құрттары асқазан және ішектер арқылы қанға өтеді. Сосын
барлық денеге тарайды. Трихина құрттары, әсіресе, жақ,
тіл, мойын, жұтқыншақ және көкірек бұлшықтарының
тканьдарында орналасады. Сондықтан осы мүшелердің
бұлшықтарының тартылып қалуына (сал болуына) себеп
болады
136
. Бұған қоса, қан тамырларының бітелуіне, ме-
нингит және мидың асқынуына әкеп соғады. Трихина ау-
руы кей жағдайда адам өліміне де себеп. Бұл аурудың тағы
бір жаман жағы нақты емінің болмауы. Трихина көбінесе
батыс елдерінде кеңінен етек алған. Мал дәрігерлерінің
қатты қадағалауына қарамастан, Швейцария, Англия
136
Мустафа Зарқа, Фәтәәуа, 221-бет. «Дарул-қалам» баспасы,
Димашқ. 2001 ж.
256
ИМАНИ ГҮЛ
және Польшада трихина ауруы кең тараған. Ал, мұсылман
елдерінде бұл ауру жоқтың қасы.
Медицина ғылымы дамығаннан кейін ғана
доңыз етіндегі трихина сияқты зиянды құрттар мен
микроптардың, улы заттардың бар екенін білудеміз. Ал
Құран сан ғасыр бұрын доңызды
«харам»
деп кесіп үкім
берген. Сондықтан доңыздың денесінде әлі де біз біле
білмейтін, ғылым дәлелдей қоймаған зиянды нәрселердің
жоқ екендігіне кім кепіл?!
137
6. Адамдар мен жан-жануарлардың табиғаты
мен мінездерінің қалыптасуында жеген қоректерінің
де рөлі бар. Мысалға, арыстан, қасқыр сияқты етпен
қоректенетін аңдар жыртқыш болып келсе, керісінше
сиыр, қой, қоян сияқты шөппен қоректенетін жануарлар
жуас болып келеді. Көбіне көкөністермен қоректенетін
адамдардың табиғаты жұмсақ, биязы болып келетіндігі,
ал етті көбірек жейтін адамдардың табиғатының қаттылау
болып келетіндігі анықталған. Қазақта адам мінезін су-
реттеген кезде жылқы мінезді, қой мінезді деуі де осы
айтқандарымызды айқындай түседі. Доңыз – өзінің
ұрғашысын қызғанбайтын, мейірімсіз хайуан. Сондықтан
доңыз етін көптеп пайдаланатын адамдарда жарына, тіпті
анасына деген бөгде еркектердің арам пиғылына қарсы
намыс, қызғаныш сезімдері әлсірейді екен. Мұнымен
қатар, мейірім, қанағат секілді қасиеттеріне айтарлықтай
қаяу түсетіні байқалған. Француз ойшылы Саворин
қоректенудің маңыздылығын түсіндіре келе «Маған не-
мен қоректенгеніңді айт, сенің кім екеніңді айтайын» де-
ген екен.
137
Махмуд Хамди Зақзуқ, Хақайқул-Ислам фи муажаһати шубуһатил-
мушаккикин, 649-бет. Каир қаласы, Мажлисул-ағла ли шуунил-
Исламия. 2004 ж.
257
Достарыңызбен бөлісу: |