292
ИМАНИ ГҮЛ
әр жас мөлшерінің өзіне тән жеке мәселелерінің болаты-
ны да сөзсіз. Міне, осы мәселелер пайғамбарымыздың
ошағын-да іс жүзінде,
Алла елшісінің көз алдында
болғандықтан, жауабы мен шешімдері де дер кезінде
беріліп отырды. Пайғамбарымыздың әр жас ерекшелігіне
тән мәселелерге берген
жауаптары мен шешімдерін
үмбетіне жеткізуі осы пәк жұбайларының арқасында
жүзеге асты.
Пайғамбарымыздың
шаңырақ
көтерген
ақ
некелілері арабтың түрлі руларынан болатын. Тіпті,
олардың арасында сол аймақтағы
еврей сияқты басқа
да ұлт өкілдері де бар еді. Олар пайғамбарымыздың
көзі тірісінде әрі бақилық болғаннан кейін де өз рула-
ры мен қауымдарына ислам дінін үйретуге атсалысты.
Пайғамбарымыздың әр жұбайы өз руларының ортасын-
да ұстаздық қызметін атқарды. Тәпсір,
хадис секілді
білім салаларының тарауында үлкен үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: