ИМАНИ ГҮЛ
сабыр етсе, ол құлыма екі көзінің орнына ақыретте
Жәннатты беремін»
126
дейді.
Бұл дүниедегі басына түскен қиыншылықтар мен
душар болған ауруларға сабыр еткен адамның ақыреттегі
сауабын көрген өзге жандар
«біз де дүниеде сан түрлі
қиыншылыққа душар болып, бүгін мынандай мәңгілік
сауапқа кенелгенімізде ғой»
деп қызыға қарайды.
Пайғамбарымыз бір хадисінде:
«Мұсылманның ісі
(өмірі) мені қатты қайран қалдырады. Оның әрбір ісі
ол үшін қайырлы әрі жақсылық. Бұл тек мұсылманға
ғана тән. Ол бір қуанышқа тап болса, шүкір етеді,
(сауапқа кенеледі) сөйтіп, оған бұл қуаныш жақсылық
болып жазылады. Ал егер басына бір қиыншылық
түссе, сабыр етеді де, (сауапқа кенеледі) сөйтіп,
оған қиыншылық та жақсылық болып жазылады»
127
деп, қиыншылықтарға сабыр ету арқылы мол сауапқа
кенелетінімізді білдірген. Дене мүшелеріне зиян келген,
әр түрлі ауруларға шалдыққан адамдар әрбір мүшенің,
денсаулықтың қадірін жақсы түсінгендіктен, дене мүшесі
сау өзгелерден гөрі Раббыларына көбірек шүкір етеді.
Әрбір мүшесінің бағамен өлшенбейтіндей құнды сый
екенін өзгелерге де ұқтырғаны үшін сансыз сауапқа
кенеледі. Оларды көрген өзге жандар да тәубелеріне келіп,
Раббыларына шүкір етеді. Сөйтіп, басқалардың да Раб-
быларына бет бұруларына, Оның берген нығметтерінің
қадірін түсінуіне себеп болғандықтан,
«Бір іске себепкер
– сол істі істегенмен бірдей»
демекші, ақыретте күтпеген
жерден сансыз сауапқа белшеден батады.
Иә, Алла Тағаланың құлдарына берген уайым -қайғы,
ауру -сырқау, әр түрлі қиыншылықтар – өткен өмірлеріндегі
126
Тирмизи. Бухари, Марда/7.
127
Әбу Зәкария Мухиддин Иахия Ән Нәуәуий, музһатул Муттақин,
1 том, 49 бет. Муәссисәтур Рисәлә, Байрут 1991ж. (Муслимнен).
244
ИМАНИ ГҮЛ
күнәларына кешірім, қазіргі өмірлері үшін сауап, келешек
ғұмырына ғибратты дәріс әрі ескерту. Міне, құл осыны
түсінсе, өмірге деген көзқарасы әп-сәтте өзгеріп, ойындағы
қалың қайғыдан, бойындағы ауыр сезімнен арылады.
245
Достарыңызбен бөлісу: |