«Ислам туралы қысқаша мәлімет» сериясы МҰсылманшылықТЫҢ


ЕКІНШІ БАБ  АҒМАЛ ЗАҺИР ТУРАСЫНДА



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата07.07.2022
өлшемі1 Mb.
#37546
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
Ы.Алтынсарин

ЕКІНШІ БАБ 
АҒМАЛ ЗАҺИР ТУРАСЫНДА 
 
Ағмал заһир дегеніміз пенденің кҿріну, ҽшкере істейтін 
шариғат бұйырған істер. Құдай тағаланың бұйырған заһир істерінің 
аты – парыз, уҽжиб, суннат
79
, мустахаб
80
, бұйырмаған һҽм тыйған 
істерінің аты харам
81
, макруһ тахрими
82
, макруһ танзиһи
83
жҽне 
бұйырмаған һҽм тыйылмаған бар істің аты – мубах
84
. Парыз дегеніміз 
сондай бұйрық. Мұны орнына келтірудің керектігінде ешбір шек жоқ, 
яғни Құранда, не хадисте, не барша мұсылманның аят-хадиске тура 
келтіріп ынтымақпен шығарған бұйрықтары намаз, руза, закҽт
85
, хаж
86
рҽуішті, бұл парызды орнына келтірмеген кісіге қияметте отпен азап 
етілінеді.
Тіпті ол парыздың парыз екеніне нанбаған кісі – кҽпір болады. 
Уҽжиб дегеніміз сол, ол уҽжиб бұйрықтарды орнына келтірген кісіге 
кҿп сауап
87
болар. Орнына келтірмеген кісіге отпен азап болар: Бірақ 
уҽжибқа нанбағанмен кҽпір болмайды.
Мҽселен, ид (айт)
88
намаздарын оқу, пітір – садақасын
89
беру,
құрбан шалу рҽуіштілер. Суннат дегеніміз пайғамбарымыз Мухаммед 
Мустафа саллҽллаһу ҽлҽйһи уҽ сҽллҽм ҿмірінде бір мҽртебе, не екі 
мҽртебеден артық қоймай – ҽдет етіп істеген істері. Мҽселен, азан 
қамат
90
оқу, намазды жамағатпен
91
оқу реуіштілер.
7 9
Суннат– 1. Мұхаммед пайғамбардың айтқанымен іс-ҽрекеттері жайлы 
жиынтығы. 2. Дҽстүр. 
8 0
Мустахаб – тілекке сай, мақұл. 
8 1
Харам – 1. Тыйым салынған, заңсыз. 2. Күнҽ. 
8 2
Макруһ тахрими – тыйым салынған, жағымсыз, зиян қылықтар. 
8 3
Макруһ – танзиһи – жағымсыздау, ұят іс-ҽрекет. 
8 4
Мубах – барлық істеуге тыйым салы нбаған іс-ҽрекеттер.
8 5
Зҽкҽт (зекет) – қайыр, садақа шариғаттың белгілеуі бойынша мүлік пен 
кіріске салынатын салық. Бұл салық қауымның қажетіне жұмсалады жҽне 
кембағал мұсылмандарға таратылады. 
8 6
Хаж – қажылық ету. 
8 7
Сауаб, сауап – дұрыстық, дұрыс ой, саналылық. 
8 8
Ғид (айт) – мереке, салтанат; ғид намаздары – мұсылман мерекелері кезінде 
оқылуға тиісті намаздар. 
8 9
Садақа – қайыр, құдайы. Ҽр мұсылманның ҿз бетімен жасайтын 
қайырымдылығы, фитр (пітір) сада қасы – бір ай ораза ішінде берілетін қайыр -
құдайы. 
9 0
«Азан қҽмат» оқу – парыз намазына кіріскенде айтылатын сҿз. 
9 1
Жамағат — топ, қоғам, жиын. Мұнда: намазды жиылып, топтасып оқу. 

бесінші, хасадқа қарсы – насихат
222
,

алтыншы, бухлға қарсы – сахауҽт
223
,

жетінші, исрафқа қарсы – машруғ
224

Ахлақ зҽмимҽның, яғни жаман мінездің ҽуелі куфр дегені – 
иманы жоқтық яғни растыққа ешбір нанбайтындық. Мҽселен, Кұдай 
тағаланың бірлік, барлығына, пайғамбар хақтығына нанбай, халалды 
харам, харамды халал деушілер. Бұл мінезбен пенде мҽңгі тамұқта 
қалса керек.
Бидғат дегеніміз - пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа 
саллҽллаһу ҽлҽйһи уҽ сҽллҽмды һҽм пайғамбарымызға жолдас болған 
сахабаларды кҿріп, сҿздерін естіп қалған адамдардан кейінгі уақытта 
ҿз ойынан жаман пиғылмен шариғат бұйрығы деп ҽмір шығарып, ол 
пайғамбар жолдастарының айтып кеткен шын шариғат бұйрықтарынан 
бас тартып немесе мағынасын ҿзгертіп жүрушілерді айтады. Бұл 
мінезді кісілер пайғамбар шапағатынан алыс болса керек.
Мұның хақында пайғамбарымыз ҽлҽйһис-сҽлҽм айтыпты: (ля 
яқбәлуллаһу тағала лисахибил-бидғати саумән уә ля хажжан уә ля 
ғумратән уә ля жуһдан уә ля сарфән уә ля адлян уә йахружу минәл-
ислами кәмә йахружуш-шағру минәл-ажин). Яғни Құдай тағала 
қасында бидғат иесі-адамдардың оразасы, хажы, дінге дұшпан 
халықтарға қарсы соғысқа барулары, зекет-садақалары, ҽділдіктері 
болса да мұсылманшылықтан олар шығарылар бейне қамыр ішінен 
қыл алып шығарып тастаған рҽуішті деген сҿз.
Үшінші
, рия дегеніміз – Кұдай тағалаға қылған құлшылық, 
адамға еткен жақсылықтың бҽрін де Құдай разылығы үшін етіпті. Осы 
істерімді кҿріп бҿтен адамдар мені жақсы кісі деп білсін деп жүретін 
мінез, не болмаса, біреуге тілменен жақсы сҿйлеп болмаса сырттан 
жақсы кҿрінген болып жүріп, ішкергі кҿңілі бұзықтықта яки дүние, 
пайдасына ғана керекті пиғылда болуды айтады. Бұл рияменен де 
Кұдай тағалаға не адамға да еткен қызмет пен жақсылық зайиғ
225
һҽм 
зор күнҽһарлықтан болып табылады, бҽлки куфр болудың да қаупі бар.
2 2 2
Насихат – ақ кҿңілділік, адал ниетпен берілген кеңес, ҿсиет.
2 2 3
Сахауҽт – жомарттық, кең пейілділік, қайырымдылық. 
2 2 4
Машруғ – шариғат бойынша дұрыс заңды. М ұнда: малын орынды, үнемді 
жұмсау. 
2 2 5
Зайиғ – ауыс кетушілік. Мұнда: бос, бекер. 
18 
47 


Бұл суннатты орнына келтірген кісі сауапта болар, қойған кісі 
пайғамбар шапағатынан махрум
92
болу деген қаупі бар. 
Мустахаб дегеніміз пайғамбарымыз ҽлҽйһис-сҽлҽмның бірде істеп-
бірде істемеген істері, мҽселен, оразалар, нҽфл
93
– садақалар рҽуішті. 
Бұл мустахабты орнына келтіргендер сауабты болар, келтірмегендер 
күнаһлы
94
болмас. Мубах дегенімізді істегенге сауаб жоқ, істемегенге 
күнҽһ жоқ (асамақ, ішпек, ұйықтамақ рҽуіштілер).
Құдай тағаланың тыйған істерінен: харам дегеніміз 
шариғаттың қатты тыйған ісі. Харам деген нҽрсенің харам екендігіне 
ешбір шек етуге орын болмас. Харамды істеген кісі отпен азапта қалар, 
тіпті харамды харам емес деген кісі кафир болар, істемеген кісі зор 
сауабта болар. Бірақ харамды істегендер тоба насух
95 
қылумен 
күнҽлҽрі кешілер. Макруһ тахрими дегенімізді істемеген кісі сауабқа, 
істеген кісі азабқа жолығар. 
Бірақ бұл макруһ тахримиді адал деумен кафир болмас. 
Макруһ танзиһи жаңарақ макруһ, мұны істеумен күнҽлі болмас, бірақ 
толық мұсылмандар істемеске жүһд
96
етерге керек, мҽселен, намаз 
ішінде сҽжде
97
орнынан бҿтен жерге қарау, суннат мустахабты қою 
рҽуіштілер. 
Енді ҽууҽл
98
пенделерге міндетті парыз, уҽжиб, суннат, 
мұстахабтар турасында айталық. Адам баласының Құдай тағалаға 
ететін құлшылықтарының ішінде зор міндетті парыздары бесеу: ҽуелі 
– иман болу, екінші – намаз оқу, үшінші – ҽр жылда Рамазан айында 
ораза ұстау, тҿртінші – ҽлінен келсе ҽр жыл сайын зекет беру, бесінші 
– шамасы келгендер ҿмірінде бір рет хажға бару. Иман турасында 
жоғарыда айтып ҿттік, соның үшін енді соңғы тҿрт парыз бен харам 
макруһ нҽрселер турасын баян етелік. 
9 2
Махрум – құр алақан қалған. 
9 3
Нҽфил – сый, сыйлық. Нҽфл намазы бес уақыт намазда н артық сауап табу 
үшін оқылады. 
9 4
Күнаһлы – күнҽлі. 
9 5
Тҽуба насух – шын жүректен ҿкіну, опық жеу. 
9 6
Жүһд – тырысу, күш салу, еңбек ету.
9 7
Сҽжде, сҽжде – 1. Тҽжім етіп, бас ию. 2. Жайнамаз. 
9 8
Ҽууҽл – бірінші. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет