Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету;
Бекітуге арналған тапсырмаларды орындату, тапсырмалардың жауаптарын жазу.
Тапсырманы_ұсыну,_оқушылар_өз_бетімен_орындауы.__Уақыты__Кезеңдері'>Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы.
Уақыты
Кезеңдері
Тапсырма
Тапсырманың мақсаты
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
Бағалау
Ресурстар
1 минут
00:00 – 03:00
Ұйымдастыру
Сәлеметсіздерме!
Бүгінгі қарастыратын тақырыбымыз: «Көміртектің химиялық қасиеттері. Көміртек қосылыстары»
№6 практикалық жұмыс «Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері».
№7 практикалық жұмыс «Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу».
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:
көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттейсіздер;
-көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын сипаттап, және тірі ағзаларға иіс газының физиологиялық әсерін түсіндіресіздер;
-көмірқышқыл газын ала алу, оны анықтау және қасиеттерін зерттейсіздер;
-көміртектің табиғаттағы айналымын құрады және түсіндіресіздер;
Презентация Слайд 1-2
8 минут
03:00 – 11:00
11:00-14:00
Жаңа сабақ
Химиялық реакцияларда көміртек тотықтырғыш әрі тотықсыздандырғыш қасиеттер көрсетеді.
1.Оттекпен әрекеттесуі. Көміртек оттекпен әртүрлі әрекеттеседі. Бұл оттектің мөлшеріне байланысты.
Оттектің артық мөлшерінде көмірқышқыл газы, ал жеткіліксіз болса, иіс газы түзіледі.
2С0+O20= C +2О-2+ 221кДж
С0+O20= C +4О2-2+ 393,5 кДж
2.Металл оксидтермен әрекеттесуі.
Fe2+3O3+3C0=2Fe0+3C+2O 4AI0+3C=AI4+3C3-4 3. Сумен әрекеттесуі.
C0+H2+1O= C+2O +H20 4. Сутекпен әректтесуі.
C0+2H 02= C-4H4+1
Көміртек қосылыстары. Көміртек(II) оксиді CO- түссіз, иіссіз, дәмсіз , суда нашар еритін газ. Иіс газы-улы газ. Оның улы әсері қан гемоглобинімен қосылып, организмнің оттекпен қамтамасыз етілуін жоюға негізделген. Көміртек (II) оксиді CO пештегі және іштен жану қозғалтқыштарындағы отынның толық жанбауынан да түзіледі. Сондықтан көмір мен ағаш отынды пайдаланатын адамдар үйдің желдетілу жүйесінің дұрыстығын қадағалап отыруы тиіс. Көміртек(II) оксиді CO –күшті тотықсыздандырғыш.
Ол ауада көп мөлшерде жылу бөлетіндіктен, қуатты газ тектес отын болып есептеледі. 2СO+O2=2CO2+577кДж
Көмірқышқыл газы СО2 түссіз, иіссіз және дәмсіз , бірақ ол суда еріп, әлсіз көмірқышқылын түзеді. СО2+Н2О= H2CO3 Фотосинтез процесіне қатысады. 6СО2+6Н2О= C6H12O6+6O2 Осы реакцияның көмегімен өсімдіктер СО2 газын тыныс алуға қажетті оттек газына айналдырады.
6-практикалық жұмыс.
Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері
Құрал-жабдықтар: сынауықтар, газ жүретін түтік, сіріңке, әк суы, тұрғы.1 –тәжірибе. Көмір мен графитті зерттеу.
Көмір Графит
Белсендірілген көмірдің қасиеттері .
2–тәжірибе Сияның әлсіз ерітіндісі бар сынауыққа көмірді салыңдар. Ерітінді түссізденеді. Сияның адсорбцияланғанын көрсетеді.
Жанған шыраны немесе көмірді тұтандырып, алдын ала оттек жиналған құтыға салыңдар. Көмірдің жануын бақылау. Содан кейін құтыға аздап әк суын құйыңдар. Ерітінді лайланады. Реакция теңдеуін жазыңыздар.
7-практикалық сабақ .
Көмірқышқыл газын алу және қасиеттерін зерттеу
Сынауыққа натрий карбонатын салып, үстіне аздап тұз қышқылын құямыз. Не байқалды? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Сынауыққа жаңа әзірлеген әк суын құйып, көмірқышқыл газын жіберіңіз. Не байқалды? Реакция теңдеуін жазыңыз.