Issn 1561-4212. Вестник вкгту, 2005, №4



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі222,33 Kb.
#8308

                                   

ISSN 1561-4212. ВЕСТНИК ВКГТУ, 2005, № 

4

 

 



124

 

 



 

 

АБАЙ ТҰЛҒАСЫ – МӘҢГІЛІК ТҰЛҒА

 

 

Абай  тойы  –  ел  тойы,  халық  тойы,  сондықтан  да  еліміздің  жер-

жерінде  халқымыз  өзінің  біртуар  перзентінің  160  жылдық 

мерейтойын  тойлап  жатқанын  білеміз.  Бұл  жөнінде  Мәскеуде 

өзіміздің  жерлесіміз,  жазушы  Роллан  Сейсенбаев  абайтануға  ұйтқы  болса,  Абайды  әлем 

халқына  танытуға  Парижде  Абай  үйін  ашып,  оның  үстіне  Юнеско  бұл  мерейтойды 

халықаралық  деңгейде  атап  өтуді  ұйғарып  жатса,  Қазақстанда  Халықаралық  Абай  қоры 

ашылды.  Дәл  осындай  игі  істер  өзіміздің  техникалық  университетте  де  жасалып,  оқу 

орнымызға абайтанушы, аса зор Роллан Сейсенбаевтың бірнеше рет келуінің арқасында, 

ректорымыз  Мұтанов  Ғалымқайыр  Мұтанұлының  қолдауымен  «Абай»  клубының 

ашылып  жатқанын  айтып  өткен  жөн.  Мұндай  ізгі  шаралардың  куәсі  –  техникалық  оқу 

орнымызда  Абай атамызға арналған жыр кештері мен айтыстар, ғылыми семинарлар мен 

конференциялар, «Тілдер» мерекесі т.б. игі шаралардыњ ±йымдастырылуы. Бұл дегеніңіз 

–  өзіміз  оқытып,  тәрбиелеп  отырған  бүгінгі  студент  жастарымызды,  ертеңгі  еліміздің 

мамандарын, Абай мұрасымен Тәуелсіздіктің Туын тігіп, егемен  ел атанып жатқан кезде 

тереңірек  таныстырып,  оның  таусылмас  ілімінен  сусындата  білу.  Бұл  –  бәріміздің 

алдымызда  тұрған  ізгі  міндет,  абыройлы  міндет,  биік  парыз.  Сондықтан  да  абайтануды 

тың  серпінмен  дамыта  отырып,  алдымыздағы  тәрбиелеп  отырған  жастарымыздың 

санасына  Абай  тұлғасы  мәңгілік  тұлға  екендігін  сіңіре  берсек,  одан  тек  қана  ұтарымыз 

анық.  


Абай – туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, асқар тау, ағар бұлағы, 

қасиетті  ана  тілінің  шешендік  бастауы.  Абай  –  теңдесі  жоқ  ақын,  аса  дарынды 

композитор,  асқақ  ойшыл  философ,  қай  жағынан  алғанда  да  жаңашыл,  реформатор, 

халқымыздың  отандық,  тіпті  дүниежүзілік  мәдениет  тарихынан  ерекше  орын  алған  ұлы 

тұлға.  Оны  туған  халқының  шын  мәніндегі  жан  серігіне,  сырласына,  ақылшысына, 

демеушісіне,  заңгеріне  айналдыру,  ұлы  тұлғаның  ұлы  туындыларының  ұлттық  рухани 

қуат-күшін  еселей  түсетін  қасиеттерін  жастарымыздың  танып,  оларды  өз  жан-дүниесін 

байытуға,  сезімін  сұлуландырып,  ойын  оятуға,  сонымен  бірге  бүгінгі  аумалы-төкпелі 

жағдайларда  кездесетін  қиыншылықтардың  түйіндерін  шешуге  де  пайдалана  білуінде. 

Бұл  жөнінде  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың:  «Асыл  сөзді  іздесең,    Абайды  оқы,  ерінбе, 

адамдықты  көздесең,  жаттап  тоқы  көңілге!»  –  деуі  келешек  ұрпаққа  Абайды  оқыту 

барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан-теңіз екені айтылады.  

Абай  өзінің  кіршіксіз  ақ  жүрегін  тебіренткен  сансыз  ойлары  тамаша  шығармалары, 

қарасөздері  мен  жалынды  жырларында  маржандай  төгілдіреді,  оның  әрбір  сөзінен 

соншама ыстық, соншама жақын леп сезіледі. Ол  леп өткен заманның тынысы болса да, 

бізге  түсінікті,  жүрегімізге  қонымды.  Өйткені  Абай  лебі,  Абай  үні,  Абайдың  тынысы  – 

бүгінде  теңдік  алып,  дербес  ел  атанған,  басқа  елдермен  терезесі  тең  болған,  кең  байтақ 

Қазақстанның, қазақ халқының тынысы.  

«Өлді  деуге  сыя  ма,  ойлаңдаршы,  өлмейтұғын артына  сөз  қалдырған»,  –  деп  ақынның 

өзі  айтып  кеткендей,  Абай  бүгін  жарқын  бейнесімен,  жалынды  жырымен,  нақыл 

сөздерімен  де  бізбен  бірге  жасасып  келеді.  Өйткені  Абай  дана  –  Абай  дара  қазақта. 

Әрине, бұл шағын мақалада Абайды барлық жағынан қамтып айту мүмкін емес, тек оны 

қайталап оқып, ұғыну біз үшін өмірлік бағыт-бағдар беретін тағылым демекпіз.  

 

Айгүл Қонарбаева, ШҚМТУ доценті, 



ISSN 1561-4212. ВЕСТНИК ВКГТУ, 2005, № 4      

 

 

125



 

филология ғылымдарының кандидаты  


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет