Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет158/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

Summary. The article deals with the general character of the Alash national liberation movement, which occurred 
in the last century, or rather in the early twentieth century in Kazakhstan, about the government of Alash-Orda, about 
how, after the announcement of an amnesty in relation to Alash-Orda, the Alash leaders began to work actively for 
the benefit of their people. Also, the prerequisites for the concentration of Alash people in the capital of the Turkestan 
Autonomous Republic in the city of Tashkent are considered. These prerequisites were favorable conditions in Tashkent, 
as well as invitations to the service from representatives of the political elite of Turkestan. The article also deals with the 
educational and cultural activities of the Alash deities in Tashkent, their editorial and journalistic work in the newspaper 
Ak Zhol, which was the official authority in the magazines Sholpan and Sana. The roles of Alash leaders are reflected in 
the formation of certain branches of science and the national intellegency in general.
Өткен ғасыр қазақ халқын тағдырдың тезіне салған түгел дoуіp десе де болғандай. Кейде қатқыл, 
кейде жұмсақ келіп, «бір жаманы мен бір жақсысын» алма-кезек ұсынған ғасыр басында басталған 
ұлт тәуелсіздігі жолындағы күрес ғасыр аяғында баянды болды [1,3], – деп ғалым Ө.Әбдиманұлы 
296


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
297
көрсеткендей, шынында да тәуелсіздікті аңсап, сол жолда қарымды еңбек еткен ғасыр басындағы ұлт 
зиялылары, оның ішінде қаламгерлерінің арманына ғасыр соңында қол жеткізілді. Ғасырлар бойы 
қазақ халқының біртуар перзенттерінің қаны мен тері сіңген қазақ жерінің бостандығы арман- қиялдан 
ақиқатқа айналды. Тoуелсіздікке, ойлап қарасақ, ғасыр басында-ақ қол жеткізіп, ХХ ғасырдың өн 
бойында қазақ халқының басынан кешірген зұлматтарды болдырмауға болар еді-ау... Алайда орыс 
отаршылдары қазақ халқына ондай мүмкіндік бермеді. Төңкерістен кейін құрылған кеңес өкіметі 
шындығында патша отаршылығының тек өңін айналдырған түрі болатын.
«ХХ ғасырдың басы ғасырлар бойы халқымыздың ой-арманына айналған еркіндік, азат сана 
мен тәуелсіз өмірді аңсаған қасиетті идеяның мейлінше айқын бой көрсеткен дoуіpі болды. Болашақ 
бұғаудың oлсіpеп, көбесі сөгілер тұсын болжаған қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси, oлеуметтік 
қызметінен де, ұлттық oдебиет пен мoдениет майданындағы жаңа қадамдары мен тың туынды – лары-
нан да сезіліп жатқан бұл идея қасиетті Алаш идеясы еді» [2,73].
ХХ ғасырдың алғашқы ширегі отарлық езгідегі қазақ халқы үшін ой-сананың ояну дoуіpі, ру-
хани жаңару дoуіpі болғаны белгілі. Бұл ояну мен жаңғыру қазақ қоғамында ескі интеллигенцияның 
тарих сахнасына шығуымен тікелей байланысты болды. Ұлтжанды оқығандар өз халқының мүшкіл 
халі мен өзге елдердегі тарихи-қоғамдық ағымдар мен оқиғаларды, олардың сипатын таразылай келе 
сол тұстағы тарихи кезең өздерінің ең асқаралы арманы – ел тәуелсіздігіне қол жеткізуге орайлы ^т деп 
ұқты. Әлеуметтік-тарихи дамудың табиғи татижесшде қазақтың зиялы қайраткерлерінің Алаш ұлт- 
азаттық қозғалысы туды.
Қазақ жазушыларының іргелі бір тобы осы «Ақ жол» газеті мен «Шолпан» журналының 
төңірегіне топтасып, Ташкентті қазақтардың рухани орталықтарының біріне айналдырды. Бұларда 
М.Дулатов, М.Жұмабаев, М.Әуезовтей қазақ зиялыларының шығармалары жарияланып тұрды. «Ақ 
жол» газеті өзінің тарихи миссиясын атқарды. Тұтастай кезеңде кеңестік биліктің өктем саясатының 
ұлттық мүддені қорғап, сөзімен де, ісімен де қызмет жасаған ұлт зиялыларының тұтас шоғырының 
басын біріктірді. Ал ол зиялылардың өнегесі кейінгі буынға еркіндікке ұмтылған ұлтжандылықтың 
дәнін себе алды. Газет шын мәніндегі Түркістан ұлттық элитасын топтастырушы идеялық орталыққа 
айналды. Осы газет арқылы көрнекті қайраткерлердің көтерген ұлттық идеялары Түркістандағы 
қалың қазақ бұқарасына жол тауып жатты. 1920 ж. 18 сәуірден бастап жарық көріп, 7 желтоқсаннан 
бастап «Ақ жол» атымен шыға бастаған газет «Қазақ» көтерген алаштық идеяның жығылған туын іліп 
әкеткендей еді. «Ақ жол» – кеңес өкіметінің езілген ұлттарға теңдік пен бостандық беруге уәде еткен 
саяси мәлімдемесінен бұрын жаңа қоғамдық тәртіпте ұлт мүддесін қорғаған ұлттық элитаның саяси 
еркінің жемісі болатын, – деп «Ақ жол» газетінің тарихи мәнін тарихшы ғалымдар жоғары бағалайды 
[3,84].
Алаш қайраткерлерінің Ташкент қаласына келуіне себеп болған тағы бір маңызды оқиға – 
Түркістандағы қазақ халқы үшін арнайы мұғалім кадрлар дайындайтын Қырғыз Халық ағарту инсти-
туты 1920 ж. 2 қазанда ашылды. Жаңадан құрылған оқу орнының алдында тұрған ең күрделі мәселелер 
материалдық-техникалық база және оқытушылармен қамтамасыз ету болатын. Осыған байланы-
сты Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қырғыз Өлкелік Ағарту комиссарына оқу орнына бірнеше 
тәжірибелі маман жіберуді сұраған. Осындай ұсыныс Түркістанның өзге қалаларына да жолданады. 
Оқу орны басшыларының бастамасымен және үкіметтік мекемелердің қолдауымен оқытушылар 
құрамын толықтыру мәселесін үнемі назарда ұстайды. Шығармашылық элитаның көрнекті өкілі, алаш-
шыл ақын М.Жұмабаевтың Орынбордан Ташкентке келуіне де осындай шақыру себеп болған. Осын-
дай шақырумен әр кезеңдерде Орынбордан А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Д.Әділов, А.Байтасовтар 
да Ташкенттегі Ағарту институтының оқытушысы болып қызмет істеді әрі қаладағы саяси-мәдени 
жұмыстарға да белсене ат салысты. Олар өлкеге кең таралған «Ақ жол» газеті мен «Шолпан», «Сана» 
атты журналдарды шығаруға да белсене араласты.
Алғашқы педагогикалық оқу орны болғандықтан да оның басты міндеттерінің бірі өлкедегі білім 
беру жүйесін оқу бағдарламаларымен, оқулық және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету бола-
тын. Осыған байланысты ХХ ғасырдың бас кезінде Х.Досмұхамедов Халық Ағарту комиссариатының 
Білім комиссиясын басқарып тұрған кезінде бір топ қазақ зиялыларына қазақ тілінде жоғары оқу 
орындары мен ұлт мектептеріне арналған әр түрлі ғылым саласында оқулықтар мен оқу құралдарын 
жазуға тапсырма беріп, ұсыныс жасады. Соның нәтижесінде қазақ топырағында алғаш рет қазақ 
тілінде М.Жұмабаев «Педагогика» оқулығын, Ж.Аймауытов «Психология» оқулығын жазды. Ал 


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
298
Х.Досмұхамедовтің өзі жаратылыстану цикліндегі пәндер бойынша алғашқы қазақ мектептеріне 
арналған оқулықтардың авторы болды. 
Мемлекеттік ғылыми кеңестің қолдауымен 1920 ж. оқу орнының мұғалімі А.Байтұрсыновтың 
«Қырғыз әліппесі», И.Тоқтыбаевтың «Алғашқы басқыш мектептеріне арналған бастапқы геогра-
фия», Х.Досмұхамедовтың «Табиғаттану», Ә.Диваевтың «Қырғыз ертегілері» жарық көрді. Бұл алаш 
зиялыларының өз дарын-қабілеттерін өз ұлтының жарқын болашағы үшін сарқа жұмсаған ең өнімді 
кезең болғанының бір көрінісі. Түркістан өлкесі, оның орталығы Ташкент қаласының Орынборға 
қарағанда кеңес билігінің құрығынан шеткерірек тұрғанының арқасында қазақтың алашшыл зиялы 
қауымы осындағы мерзімді баспасөз құралдары арқылы өздерінің негізгі идеяларын жарыққа шығарып 
тұрды, табиғат сыйлаған қарым-қабілетінің арқасында көптеген ғылым салаларында жұмыс жасап, 
елді сауаттандыруға қажетті оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, бұрын-соңды болмаған ғылым 
салаларын қалыптастырды. Әрине, бұл да уақытша еді. Дегенмен де мұның бәрі қазақ халқы үшін 
жасалған өлшеусіз қызмет болды. Алайда, алаш қайраткерлерінің адымын ашқызбай, қудалау әрекеті 
кезінде дәл осы Түркістандық кезеңдегі қызметтері де олардың басты күнәлары ретінде танылды. Бұл 
жағдай тарихшы ғалым Х.Тұрсұнның еңбегінде былай беріледі:
«Таптық-әлеуметтік қағидаларды басшылыққа алған партноменклатура жүйесі нығайған сайын 
өз қатарын «таптық жат элементтерден» тазарту түрінде саяси күресті күшейте түсті. Ал билік ин-
сти- туттарындағы ұлттық элитаның жоғарыда аталған алғашқы буын өкілдерінің ықпалы азая берді. 
Осы топ өкілдерінің үстінен жүргізілген алғашқы сот үдерісі 1930 ж. наурызында Алаш қозғалысының 
өкілдеріне қатысты жүргізілді. А.Байтұрсынов, М.Дулатов және тағы басқа 44 адамды айыптау қоры- 
тындысы (№ 78754-іс) бойынша Түркістанда қызмет жасаған немесе қызметтері Түркістанға қатысты 
болған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мырзағазы Есболов, Жүсіпбек Аймауытов, Ғазымбек 
Бірімжанов, Хайреддин Болғанбаев, Мағжан Жұмабаев, Дінмұхамед Әділов, Абдулла Байтасов (САГУ 
студенті), Кәрім Жәленов (Ташкентте жастар ұйымының хатшысы болған), Дамула Битлеуовтер (Гер-
манияда оқыған, Валидовтың хатын әкелген) айыпталады. Саяси қуғын-сүргіннің екінші толқыны 
М.Тынышпаев, Халел Досмұхамедов және Жанша Досмұхамедовтер бастаған топқа байланысты 
жүргізілді. Бұл іс бойынша істі болғандардың да көпшілігі түркістандықтар болды» [4,128].
Ташкентке келген әрбір Алаш қайраткерлерінің осында келу себептері, мерзімі, осында атқарған 
өлшеусіз қызметтерінің әрқайсысы жеке-жеке мақала жүгін көтереді. Мысалы, Х.Досмұхамедов 1920 
жылы Ташкентке келіп, Халық ағарту институтында оқытушы бола жүріп ғылыми-педагогикалық 
жұмыстармен айналысады. Түркістандағы шығармашылық элитаның көрнекті өкілдерінің бірі 
Қ.Кемеңгерұлы Ташкент қаласына 1924 ж. жазында келген. Ол Ташкентте «Ақ жол» газетінің қызметіне 
араласып, «Сана» ғылыми-танымдық журналына редакторлық жасап, ағартушы-педагог ретінде Орта 
Азия университетінде, Түркістан әскери училищесінде дәріс оқыған. Әсіресе, М.Жұмабаев үшін оның 
Ташкентте болған кезі жемісті болды. 1922-1924 жылдар аралығында Мағжанның жеке жыр кітабы, 
«Қорқыт», «Батыр Баян» дастандары, ондаған өлеңдері жарық көрді. Бұлардың бәрі де қазақ әдебиетіне 
қосылған мол үлес еді [5,24].
Ұлттық шығармашылық элитаның осындай қуатты тобы Ташкентте ұлт мүддесіне қызмет 
жасаудың негізгі бағыттарын айқындап, ілгерішіл міндеттерді іске асырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет