Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет26/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. 
Ахметжанова Н. «Қиын балалар қиғылығының қыры»,Ұлағат,№2, 2000. 
2. 
Ағыбаев А. «Жасөспірімдер қылмысына не себеп?». Заң, №5, 2004. 
3. 
Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья және неке. Аламты. 1993. 
4. 
Степанов В.Г. Психология трудных школьников. М., Академия, 1996. 
5. 
Нарикбаев М.С. Уголовная ответственность несовершеннолетних. Журнал Правовая инициатива, 1998. 
– 12 б.


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
28
ӘОЖ 343.131 
 
Әлайдар А.Ә.
з. ғ. к., аға оқытушы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Литвинова Т.А.
з. ғ. к., аға оқытушы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, 
Шымкент, Қазақстан 
Жаксылыков Н.Н.
з. ғ. к., аға оқытушы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, 
Шымкент, Қазақстан 
Рахметова Г.Р.
 
з. ғ. к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАСАҒАНЫ
ҮШIН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШАРАЛАР
Түйін. Бұл мақалада сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін лауазымды адамдар қолданатын шаралар 
қарастырылады.
Кілт сөздер: заң, құқық, тұлға, жемқорлық, шара, сыбайлас.
Резюме. В данной статье рассматриваются меры, принимаемые должностными лицами за совершение 
коррупционных правонарушений.
Ключевые слова: закон, право, личность, коррупция,мера, сообщник.
Summary. В данной статье рассматриваются меры, принимаемые должностными лицами за совершение 
коррупционных правонарушений.
Keywords: law, law, personality, corruption, measure, accomplice.
Сыбайлас жемкорлық – мемлекеттiң және қоғамның тұрақтылығына, қазақ елiнiң қауiпсiздiгiне 
қауiптөндiретiн жүйелi қатердiайқындайды, жүргiзiлiп жатқан экономикалық және әлеуметтiк 
реформаларға кедергi келтiредi және де халықаралық аренада Қазақстан Республикасы ның жағымсыз 
келбетiн қалыптастырады.
Сонымен, Сыбайлас жемқорлық iшкi жәнесыртқы нарықтардағы бәсекелестiкке нұқсан келтiрiп, 
ұлттық экономикаға жағымсыз салдарға әкеп Соқтырады. Тәуелсiз сарапшыларас Социациясының 
бағалауы бойынша сыбайлас жемқорлық Казақстанда тауарлар мен қызмет көрсетулердiң құнын 50%-
ға дерлiк көтередi, бұның салдарынан бүкiл халыққа зиян тиедi.
Жемқорлық бизнестi жүзеге асыруда қаржылық және экономикалық ортасына кесiрiн тигiзiп, 
бизнестiң тиiмдiлiгi мен мемлекеттiк басқарудың, саяси және экономикалық дамуды тежейдi, 
инвестицияларға ынталарын төмендетедi, саяси процеске белгiлi бiртұрақсыздықты енгiзедi Соны-
мен әлеуметтiк теңсiздiктi туындатады. Мысалға алғанда, ХХ ғасырдың 80-жылдарының бас кезiнде, 
жемкорлық экономиканы қолайсыз басқарумен ұштастыру негiзiнен Венесуэлаға құсас мұнайға бай 
елде төлем қабiлетсiздiгiн болды. Демократиялық емес және демократиялық институттарымен кедей 
елдерде де, бай елдерде де сыбайлас жемқорлыққа көрiнiс табады [1; 18 б.].
Латыншадан аударғанда «Сыбайлас жемқорлық» терминi «бұзу, сатып алу» деген түсiнiк бередi. 
Бұл терминге заң энциклопедиясында мынандай анықтама берiлген «лауазымдық тұлғаның өзiне сенiп 
тапсырылған құқықтар мен мүмкiндiктердi бас пайдасына жұмсайтындығын көрсететiн саясат немесе 
мемлекеттiк басқару саласындағы қылмыстық әрекет».
Сонымен сыбайлас жемқорлық ұғымын сипаттайтын әртүрлi көзқарастарды қарастырып, олар-
ды төмендегi тiзiм бойынша былай деп жүйеледiк:
28


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
29
– Сыбайлас жемқорлық өз қызметтiк өкiлеттiгiн пайдакүнемдiк мақсатындаасыра пайдалану 
ретiнде қарастырылады;
– Сыбайлас жемқорлық жеке мүддесi үшiн де, қызметкерiн параға сатып алумен сипатталатын 
пайдакүнемдiк мақсаттағы жағдайларда да мемлекеттiк қызмет өкiлеттiгiн асыра пайдалану ретiнде 
қарастырылады;
– Сыбайлас жемқорлық ұйымдасқан қалмыстың субъектiсi ретiнде де қарастырылады;
– Сыбайлас жемқорлық – лауазымды тұлғаның өз өкiлеттiгiн қасақана бұзуы.
Кейбiр ғалымдар жемқорлықты парақорлықпен ұқсастырады. 
Күрделi әлеуметтiк құбылысқа ққұсап сыбайлас жемқорлыққа да белгiлi бiранықтама беру 
мүмкiн емес жағдай. Құқық саласына, оған берiлген ең алғашқы анықтамакiредi. Әрелдiң өз қылмыстық 
Заңдарында сыбайлас жемқорлық туралы өзiншеанықтама берiлген. Заңда көзделгентыйымдар мен 
рұқсаттар жеке адамның да, қоғамның да, iс-әрекетiне бағдар бередi, ол ұжымдық этиканың немесе 
жеке дараның орнын алады [2; 18 б.].
Алайда, бұл жерде бiраз кемшiлiктер бар. Бiрiншiден, тыйымдар мен құқықтық нормаларсы-
байлас жемқорлықтың нақты көрiнiстерiн тольқ көрсетеалмайды. Жемқорлық қылмысынаайып өзге 
айыптармен араласып келедi,бұларды бiр бiрiнен ажыратып алу жеңiлемес, кейбiрiстерде сыбайлас 
жемқорлықтың нышаны ғана көрiнiс табады. Тағы айта кететiн жәйт бүгiнгi күнде параны алу мен 
беруде бұрынғыға қарағанда өзгердi, бұрын параны бiр адам мемлекеттiк қызметтердiң қол ұшына 
мұқтаж болғанынан берген болатын, ал қазiр көбiнесе мемлекеттiк қызметкердiң өзi пара алуға ынта-
сын көрсетедi.
«арнайы, ресми мекемелерде мәселеңiздiң оңтайлы және тез шешiлiп, орындалуына пара берудiң 
септiгi тидiма?» деп сұрағанда респонденттердiң 46,3% «иә» деп жауап қатты. Сонымен iшкi iстер ор-
гандары қызметкерлерiнiң жемқорлық қылмыс жасайтындығын растап, 54,8% респондент жауап қатты.
Ал екiншiден, заңда көрсетiлген анықтама демократиялық – құқықтық саяси және әкiмшiлiк 
жүйенiң негiзiнде жататын этикалық қағидаларды кiргiзбейдi. Қағидаларды мойындамау қызметкердiң 
өз қызметтiк борышын орындамауы болып саналады.
«Сыбайлас жемқорлық өз пайдасы үшiн мемлекеттiк билiктi терiс пайдалану» деп БҰҰ-ның 
анықтамалық құжатында көрсетiлген.
Дүниежүзiлiк банк те дәл осындай аньқтаманы бередi.
«Мемлекеттiк немесе өзгедей қызметкерлердiң сатқындығымен сипатталатын әлеуметтiк 
құбылыс» деп қазiргiотандық криминология да сыбайлас жемқорлыққа анықтама берген.
«Мемлекеттiк аппараттың және мемлекеттiк емес құрылымның қызметкерiн сатып алумен си-
патталатын қоғамға қауiптi құбылыс» деп Н.Ф. Кузнецова сыбайлас жемқорлық жайлы айтқан.
Америкалық зерттеушiлер жемқорлық мәселелерiн бұл құбылысқа «мемлекеттiк аппарат 
қызметкерлерiнiң, саяси қызметкерлердiң, бизнесмендердiң және өзге де азаматтардың жеке өзiнiң, 
топтың мүддесi немесеотбасы үшiн мемлекеттiк функцияларды орындаудан жалтаруы жiнеөз ресми 
мiндеттерi» деп түсiнiктеме көрсеткен.
Ал Г.Блэк жемқорлыққа былай анықтама бередi:
– Лауазымды тұлғаның ресми мiдеттерiмен және басқаазаматтардың құқықтарымен келiспейтiн 
қандай даболмасынартықшылық беру ниетiмен жүзеге асырылатынiс-әрекет;
– Лауазымды тұлғаның өзi не өзгеазамат үшiн қандай даболмасынартықшылық алу мақсатында 
өз мәртебесiн немесе жағдайын заңсыз пайдалануы саналады.
Сыбайлас жемқорлыққа Американдық зерттеушiлер Дж. С.Наем мен М.Джонстон мынадай 
анықтама бередi: «өзi, өзiң отбасы немесе шағын топқамәртебелiк немесе материалдық артықшылық 
алу мақсатында лауазымды тұлғаның белгiленген тәртiптен ауытқуы».
«Қоғамдағы өз орнын қанағат тұтатын адамдарды кездестiру қиын» деп профессор А.Н.Ағыбаев 
дұрыс айтқан. Егер қанағат тұтпаған азаматтың кеш пе, ерте ме заң бұзушылыққа барары анық. 
Сондықтан мемлекеттiк қызметкергеолай болмауы үшiн өз мiндетiн адал атқаратындай жағдай жасау 
қажет.
Е.О. Алаухановтың ойынша бiр жағдайы анық – криминологиялық зерттеулердiң нәтижелерiне 
сүйенбей, нақты криминология лық жағдайдың (сыбайлас жемқорлықпен күрестiң – авт.) үрдiстерi мен 
заңдылықтарын терең зерттемей iс жүргiзу мәселелерiн, қылмыстық-құқықтық өз деңгейiнде шешу 
мүмкiн емес.


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
30
«Экономикадағы нарықтық қатынастардың жетiлмегендiгi, заң шығарудағы мәселелер, азамат-
тар санасының төмендiгi» профессор Т.С.Мауленов сыбайлас жемқорлықтың басты себептерi деп са-
найды.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс – таптық құбылыс, ол заманға қарай өзгерiп отырады. Профессор 
Е.И. Қайыржановтың пiкiрiнше, сыбайлас жемқорлық жеке меншiк пайда болып, қоғам антагенистiк 
таптарға бөлiнгеннен туындады, оған дейiн мұндай ұғым болған емес.
Филиппиннiң бұрынғы президентi Ф.Маркос ел байлығын өзi бас боп талан-таражға салғандығын 
заңдастыру мақсатында Конституцияғаөзгерiс еңгiздi. Сондықтан дасыбайлас жемқорлықты кей 
кездерi заңға қайшы қылық деп айтуға да болмайды.
Кейбiр криминалистер мұндай пiкiрдi жақтайды. «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтiк құбылыс, 
ол лауазымды адамның өз қызмет бабын өзiнiң бас пайдасы үшiн пайдалануынан көрiнiс табады».
Г.А. Сатаров, М.И. Левин және М.Л. Цирик сыбайлас жемқорлыққа «қызмет бабын пайдақорлық 
мақсаттатерiс пайдалану» деген сипаттама бередi.
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттiк қызметтi жеке пайдаүшiн заңсыз пайдалану. «Заңсыз» терминi 
мемлекеттiк қызметтiгiадамның iс-әрекетiн реттейтiн заңның (ереженiң) барекендiгiн бiлдiредi».
А.И. Кирпичников сыбайлас жемқорлыққа мынадай сипаттама бередi: «Сыбайлас жемқорлық 
– билiктiң коррозиясы. Тат металды жейтiнi сияқты, сыбайлас жемқорлық та мемлекеттiк аппаратты 
бүлдiредi қоғамның керегесiн күйретедi. Қоғамның ахуалын сыбайлас жемқорлықтынң деңгейiне қарап 
бiлугеболады. Металдың коррозиядан әлсiрейтiнi сияқты, қоғам да сыбайлас жемқорлықтан қажиды».
Б.В. Волженкин сыбайлас жемқорлық ұғымына кеңiрек түсiнiк бередi «Сыбайлас жемқорлық 
– әлеуметтiк құбылыс, ол мемлекеттiк қызметкердiң немесе мемлекеттiк функция атқаратын 
өзгеадамдардың өз қызмет жағдайын, лауазымдық беделдi және мәртебенi өзiнiң баюы немесе топтың 
мүддесi үшiн пайдалануы нәтижесiнде билiктiң әлсiреуiне алып келедi.
Осы анықтамаларды талдай келе, жалпы сыбайлас жемқорлыққа мынадай белгiлер тән деген 
қорытындыға келемiз:
– бұл, бәрiнен бұрын, заңдық дәл анықтамасы жоқ әлеуметтiк құбылыс; ол үйреншiктi жағдайға 
айналғанда азаматтық қоғам, мемлекет ыдырай бастайды;
– бұл құқық бұзушылықтың өзiне тән субъектiлерi бар (мемлекеттiк қызметкерлер, мемлекеттiк 
функцияларатқаруға өкiлеттiадамдар және де жеке сектордағы басқарушылық функцияларды атқаруға 
өкiлеттiадамдар);
– бұл субъектiлердiң жүктелген қызмет мүддесiне және құқық пен моральдың белгiленген норма-
ларына қарамай өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесiн және лауазымдық беделiн терiс пайдалануы;
– жоғарыдааталған субъектiлердiң өзiнiң баюын немесе басқаадамдардың мүддесiн көздеп 
атқарған қызметi.
Сонымен, сыбайлас жемқорлық қоғам мен мемлекеттiiштей ыдырататын әлеуметтiк құбылыс.
Бiздiнше, сыбайлас жемқорлықты бiрнешенегiзгi түрлерге топтастыруға болады:
Субъектiнiң мәртебесi бойынша: 
а) билiк органдарындағы сыбайлас жемқорлық; 
б) жеке сектордағы сыбайлас жемқорлық; 
в) саясаттағы немесе саяси сыбайлас жемқорлық; 
деңгейлерi бойынша:
а) төмендегi;
б) жоғарыдағы; 
в)вертикальды;
Қоғамға қауiптiлiк дәрежесi бойынша:
а) сыбайлас жемқорлық – терiс қылық;
б) сыбайлас жемқорлық – қылмыс;
Осы түрлердiң сипаттамасын қарастырайық.
Билiк (атқарушы, өкiлдiк және Сот) органдарындағы сыбайлас жемқорлық бүгiнгi күннiң өзектi 
прОблемаларының бiрi, бiздiң жұмысымыз Соған арналған (Онымен күрс мәселесi жеке тарауда сөз болады).
Мемлекетiк емес ұйымдардағы нежеке сектордағы сыбайлас жемқорлық қазiргiкезде кең таралған. 
Коммерциялық немесе қоғамдық ұйымдардың басшылары да өздерiне тиесiлi емес ресурстарға иелiк 
жасап, ұйым мүддесiне нұқсан келтiретiн әрекеттерге барады. Мысалы:


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
31
– коммерциялық банктердiң пара алып, жоба үшін берген несиелерiн қалтаға салып, қашып кетуi;
– меншiктiң әртүрлi формасындағы кәсiп орындардан пара беріп, материалдық құндылықтарды 
(iшiмдiктердi, мұнай өнiмдерiн) төменгi бағамен алуы.
Соған байланысты 1997 жылғы Қылмыстық кодекске билiктi немесе өкiлеттiктi асы-
ра пайдаланғандық (308-бап) және коммерциялық сатып алғандық (231-бап) үшiн қылмыстық 
жауапкершiлiк еңгiзiлдi.
Кейбiр ғалымдар саяси сыбайлас жемқорлықты өзiнше бөлiп алады. Мысалы, профессор 
В.А.Шабалин, Оны «үстемдiк жасаушы саяси элитаның өз билiгiн нығайту үшiн мемлекеттiк ресур-
старды заңсыз пайдалануынан көрiнiс табатын девитанттық саяси iс-әрекет» деп санайды. Бұл пiкiрдi 
профессор Е.О.Алаухановта құптайды [3; 64 б.].
«Саяси сыбайлас жемқорлықта аппарат шенеунiгi мораль мен заң нормаларын пара алу үшiн 
емес, саяси ұпай алу үшiн, туыстық байланыстар және т.б. үшiн бұзады», дейдi А.И.Гуров. 
Г.Н.Горшенковтың пiкiрiнше, саяси сыбайлас жемқорлық қылмыстық тәртiпте жазаланбайтын 
iс-әрекеттерде (саяси қолдау көрсету) және қылмыстық-жазаланатын iс-әрекет терде (парақорлық, са-
тып алу) көрiнiс табады.
П.А.Кабанов саяси сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама бередi: «мемлекеттiк қызметкердiң, 
не Сол орынға үмiткердiң, не солардың тапсырмасын орындаушы басқа адамның белгiлiбiрмемлекетте 
белгiлi бiр уақыт аралығында тиiстi мемлекеттiк қызметтi сақтап қалу немесе сол орынға тұру үшiн 
басқа адамдардың, қоғамның мүддесiне қайшы келетiн әрекеттерiнiң жиынтығы».
Сайлаушылар дауысын сатып алуда да сыбайлас жемқорлықтың белгiсi бар. Конституция бой-
ынша сайлаушыда «билiктi өкiлеттiк» деп аталатын ресурс бар. Дауыс беру арқылы сайлаушы бұл 
өкiлеттiгiн өзiқалаған адамға бередi. Ал егер сайлаушы мен сайланушы арасында қандай да бiр мәмiле 
болса, яғни дауысты бiреуi сатып, екiншiнсi сатып алатын болса, ол заңды бұзғандық болып табы-
лады. Тiптен, сайлау науқаны кезiнде де сыбайлас жемқорлық орын алуы мүмкiн. Дауысқа түскен 
кандидатқа қаржылай көмек керек, Оны ол коммерциялық құрылымдардан, кейде криминалдық топ-
тардан алады. Қарыз кейiн өтеледi деген оларда даесеп бар.
Саяси сыбайлас жемқорлықтың кең таралған қылмыстық – жазаланатын формасы – пара беру 
(366-бап) және пара алу (112-бап).
Одан кейiн кең таралған формасы – саясат субъектiлерiнсатып алу (141-баптың 2-бөлiгiнiң «а» 
тармағы). Бұл құбылыстың мынадай түрлерiн бөлiп алуға болады:
Сайланатын қызметке кандидаттың немесе оның тобындағы адамдардың сайлаушыларды 
(олардың дауысын) сатып алуы;
Сайланатын қызметке кандидатты сатып алу – не оның басқа бiркандидаттың пайдасына өз 
кандидатурасын қайтарып алуы, не сайлау алды науқанды «пәс» жүргiзуi Халықаралық тәжiрибеде 
мұндай жиi кездеседi Улыбритания Парламентiне сайлау кезiнде депутаттыққа кандидат М.Сарвар 
өзiнiң бәсекесiне 5000 фунт стерлинг берiп, Оны аса талпынбауға көндiрген.
Сайланбалы мемлекеттiк қызметке кандидаттың сенiм бiлдiрген адамын Оның бәсекелестерiнiң 
сатып алуы.
Сайлау комиссиясының мүшелерiн сатып алу.
Осы аталған саяси сыбайлас жемқорлықты талдай отырып, бiз Оның негiзгi белгiлерiн бөлiп 
алдық:
Саяси сыбайлас жемқорлық көбiнесеәртурлi сайлауларды өткiзумен байланысты не белгiлi бiр 
мемлекеттiк қызметке тағайындаумен немесе бекiтумен байланысты;
Бұл қылмыстың арнайы субъектiсiне саяси тұлға болып қалыптасқан адамдар, Сондай-ақ сай-
ланбалы қызметке үмiткерлер жатады;
Саяси жемқорлық субъектiлерiнiң iс-әрекетi, бәрiнен бұрын, өзi үшiн де, басқаадамдар үшiн де 
белгiлiбiрқызметтi не мәртебенiалуға немесе сақтауға бағытталған;
Бұл iс-әрекеттер мемлекеттiң, қоғамның және басқа адамдардың мүдделерiне қайшы келедi, 
олар лауазымдық өкiлеттiк, материалдық ресурстар пайдаланылып жүзеге асырылады;
Мұнда өзiнiң баюын, қандай да бiр топтың, саяси партияның мүддесiн көздеген мақсат болады.
Сонымен, саяси сыбайлас жемқорлыққа саясаткерлердiң, үмiткерлердiң немесе олармен бай-
ланысты адамдардың сайлауға даярлық және оны өткiзу кезiндегi, белгiлi бiр лауазымға тағайындау 
және босату кезiндегi iс-әрекетi деп анықтама беруге болады.


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
32
Әрекет ететiн деңгейi бойынша сыбайлас жемқорлықты төменгi, жоғарғы және вертикальды деп 
бөлiп алдық.
Төменгi сыбайлас жемқорлық билiк органдарының орта және төменгi деңгейiнде кең таралған 
жәнеол шенеунiктер мен азаматтардың араларындағы қатынаспен байланысты (тiркеу, айыппұл, ли-
цензия беру және т.б.).
Жоғарғы сыбайлас жемқорлық жоғарғы лауазымды адамдардың өте маңызды шешiм 
қабылдауымен байланысты (заңдар қабылдау, мемлекеттiк тапсырыстар және т.б.). Мұндай мәмiлелер 
мемлекеттiк билiктiң бiрорганында болады. Мысалы, төменгi тұрған шенеунiк өзiнiң бастығына 
оның «көмегi» үшiн пара бередi. Лауазымдық міндетті орындау барысында болатын абайсыздық 
қылмыстары құрылымында мүндай қылмыстардың профилактикалық шараларын белгілей отырып, 
кадрларды таңдау мен орналастыруға, қылмыспен күреске бағытталған тәрбиелік идеологиялық ша-
ралар жүргізуге көңіл бөлу керек. Бұл талап қылмыс себебінің сипаты мен тәуелділігіне қолдануға 
болатын, қылмыстың алдын-алу жүйесінің мүмкіндігінен туындайды [4; 83 б.]
Қылмыстың объективтiк жағын алып қарағанда алаяқтық бөтен мүлiктi талан таражға салу, 
бөтен мүлiкке құқықты алуне заңда қарастырылған екi тәсiл арқылы: сенiмге қиянат және алдаумен 
көрiнiс табады. Мында жәбiрленушi мүлiктi қылмыскерге сенiп тапсырады. 
Сонымен, алаяқтық жолымен алдап-арбау бұл, жалған хабар беру, шындыққа жатпайтын 
фактiлердi көрiнеу бұрмалап, жалған құжаттар көрсету арқылы өзiн құқық қорғау органының 
қызметкерiетiп көрсету, мәлiмдеме жасау, заттың саны, әр түрлi келiсiмдер бойынша бұйымның, 
бағасы жөнiнде көрiнеу шатастыру, сапасы, басқа бiреуге тиесiлi қаражатты немесе мүлiкке құқықты 
алу, жалған сенiм хаттар көрсетiп, осы әдiспен бөтеннiң көлiгiн, үйiн, және басқа мүлкiн, айырбастап, 
сатып жiберу, т.б. болып саналады. Қылмыстық кодекстiң 325-бабымен көрсетiлген құжаттарды пай-
далану арқылы алдаудың бiр тәсiлi болғандықтан жасалған iс-әрекет қосымша саралануға жатпай-
ды. Қылмысткердiң өтірік құжаттарды пайдалануы көп жағдайда заңсыз жәрдемақыны, зейнетақыны, 
басқа да төлемдердi алуда жиi қолданылады. Алаяқ бұл құжаттарды алаяқтықпен алдауда пайдалану 
арқылы денсаулық жағдайы, өзiнiң жасы, еңбек стажы, орташа жылдық, айлық, табысы туралы өтiрiк 
мәлiметтер кiргiзедi. Қылмыстық кодекстiң 325-бабымен жалған кұжаттарды алаяқтың өзiжасаса, 
Онда оның әрекетi қосымша саралануға кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет